Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

22 қыркүйек - Тілдер күніне байланысты Көкпекті орта мектебінде аудандық кітапханамен бірлескен сыныптан тыс іс-шара болып өтті. Аталмыш сайысқа ауданымыздың белді тұл-ғалары, мекеме қызметкерлері шақырылды. Мектеп кітапханашысы В.Ибрагимова мен ағыл-шын тілі пәнінің мұғалімі А.Тоянкенованың ұйым-дастыруымен қазақ, орыс және ағылшын тіл-дерінде өткізілген сайысқа 8 «А» және 8 «Б» сынып оқушылары қатысты. Бұл жерде оқушылардың үш тілді меңгеруі, еркін сөйлеуі, өз ойларын ашық жеткізе алуы, сондай-ақ, білім деңгейлері сынға түсті. Білім додасының қорытындысы бойынша 8 «Б» сынып оқушылары жеңімпаз атанды.


Сондай-ақ, бұл күні аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдас-тыруымен, оқушыларға аудандық кітапхананың бай кітап қорымен, қызықты әдебиеттерімен және жаңа кітаптармен танысуына мүмкіндік беріліп, үш тілді қамтыған үлкен кітап көрмесі қойылды.
Үштілділік жөніндегі Елбасы-мыздың «Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде та-нылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі», - деген салиқалы үндеуі жастарға жаңа серпін, жаңа жігер берері сөзсіз.
Ендеше, ел болашағы үшін аянбай еңбек ететін ұл-қыздарымыз көп болсын деп тілейміз!


Х.Мұқатаева,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Көкпекті орта мектебі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз