Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкжайық ауылы – ауданымыздың тірек елді мекендерінің бірі. Оның дамуы «Елім-ай Көкпекті» инвестициялық жобасын жүзеге асырудан басталды. Үлгілі ауыл құру ісі жаңа бастама болғандықтан қиындықтар да жеткілікті болатын. Алғашқы кезеңде тұрғын халықтың үйреншікті болып кеткен әдеттерін, өмір салтын, ойы мен көзқарастарын түбегейлі өзгертуге тура келді. Әйтсе де, бірлесе күш жұмсаудың нәтижесінде бүгінгі күні бұл ауылды шынында да тірек елді мекен деуге болады.


1821 тұрғыны бар Көкжайық ауылдық округінде бірнеше жылдың ішінде аса маңызды өзгерістер жасалып, ауыл тұрғындарының әдеттегі тіршілігі толығымен басқа арнаға бұрылған. Ауылдық округ әкімі Нұрбек Сүлейменов, жалпы округ жайлы былай баяндап берді:
- Көкжайық ауылдық оругіне Ақой, Қарамойыл, Қарағандыкөл ауылдары қарайды. Қазіргі таңда орақ науқаны бойынша көкжайықтылықтар 80% жиын-терін жұмыстарын аяқтады. Округ бойынша жалпы 25 шаруа қожалығы, 3 ЖСШ бар. Ауылды дамыту бағдарламасы негізінде, Қарамойыл ауылында 18 электр бағаны орнатылып, жарықтандыру жұмыстары жүргізілсе, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Көкжайық ауылында Чайковский, Әуезов көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Өкінішке орай, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша алған несиеге берешек адамдармен жұмыс жүргізудеміз, қазіргі таңда біздің округтің жалпы 5 млн. теңге қарызы бар.
Сонымен қатар, атаулы мерекелерге арналған іс-шараларға атсалысып тұрамыз. Мәселен, 1 қазан қарттар күні қарсаңында әкімшілік тарапынан ауылдық округтердегі 7-8 қарт адамға қысқы отынмен көмек береміз. Мектептермен тығыз байланыста боламыз, жақында өткен «Мектепке жол» акциясы аясында барлық шаруа қожалықтарын жұмылдыра қатысып, 35 аз қамтылған отбасыларға көмек бердік.
Тағы бір жағымды жаңалық «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық ауруханаға мектебіміздің 3 түлегі еңбек етуге келді.
Өздеріңізге белгілі «Бөбек лүпілі» атты балабақшада халықтың игілігі үшін жұмыс атқаруда. Қазір балабақшада 45 бүлдіршін бар. Сонымен қатар, бізде бала саны өсуде, бұл да қуанарлық жағдай.
Ал, абаттандыру шеңберінде барлық жұмыстар, яғни сенбілік жүйелі өтіп, ауыл тұрғындары өз ауласына тазалау жұмыстарын жүргізіп тұрады.
Көкжайықтықтар мұндай мемлекеттік қолдау шараларының бәрі де өздеріне арналғанын түсінеді. Өмір сүрудің қазіргі жағдайлары қоғамдық өмір мәселелері мен жұмысқа деген жаңаша көзқарасты талап етеді. Енді әр үйдің қожайыны өз ауласының көрінісі тазалық пен тәртіптің жаңа бейнесімен үйлесетін үйлеспейтінін екшеп көреді. Әрине, әлі де көп нәрсені іске асыру керек, бірақ бұл болашақ пен өсудің мәселелері, - деп сөзін аяқтады Нұрбек Садықұлы.
Округ әкімі бұлардан өзге ауыз толтырып, мақтаныш сезіммен айтатын жайттар да тілге тиек етті. Жаңарған ауыл өзінің қалыпты тыныс-тіршілігімен күннен күнге жайнай, көркейе, дами түсуде. Бұл, әрине, ауылдың жомарт жанды, қолы ашық азаматтары қарамойылдық Жұмабек Күшікпаев пен Ақой ауылынан Қайрат Дүйсенбаевтың еңбегінің арқасы.
Көкжайық ауылдық округіне барғандағы көрген-білгенімізден түйгеніміз, осы екі азаматтың табанды еңбектері мен еліне, туған ауылына деген сүйіспеншіліктері болды. Біз әңгіме өзегіне айналдырғалы отырған Жұмабек пен Қайрат Көкпекті ауданына танымал «Талап» және «Рустам» шаруа қожалықтарының басшылары. Өз істеріне мығым, іскер, тәжірибелі азаматтар ұйымдастырып, басқарып отырған шаруашылықтар жыл өткен сайын өркендеп келеді. Мәселен, биыл Жұмабек Күшікпаев өз қаражатына ауылдың маңызды жолдарына және Қарамойыл ауылының көшелеріне де жөндеу жұмыстарын жүргізсе, «Рустам» шаруа қожалығының басшысы Қайрат Дүйсенбаевпен бірлесіп, аудан орталығына қатынайтын күре жолды жөндеуді қолға алмақшы. Осылайша бұл азаматтар жерлестері үшін игі іс жасаудан жалықпайды. Мұны шаруашылықта жұмыс істейтін әрбір еңбеккердің төгілген маңдай терінің жемісі деп түсінуіміз қажет. Өйткені, мұндай ауқымды жұмысты жүргізу бір ғана адамның қолынан келмесі анық. Ұжымның ұйымшылдығы мен «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», ауызбіршілікпен еңбек еткенінің нәтижесі.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз