Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Міне, мол өнімімен қуантып күз де келді. Егін орылып, бау-бақша өнімі жиналып, ауыл тұрғындары қыс қамын жасап жатыр. Бірақ, бәрінде бірдей бақша бола бермейді, бар болса онда көкөніс өсіруге шамасы келмейтіндер де бар. Күзгі жәрмеңкенің пайдасы осындайда аса қажет. Жылдағы дәстүр бойынша ауданда әр сенбі сайын ауылшаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу қайта оралды.
Өткен сенбі күні Самар ауылының орталығында биылғы жылдың алғашқы жәрмеңкесі қанат жайды. Ауыл тұрғындары өздерінің артық өнімдерін базарға ұсынды. Біздің өңірде бақша салуды кәсіп ететін кәсіпкерлер де баршылық. О.Ким, Л.Ким, Тұрсын Мұса, М.Зүлфиев әкелген картоп, сәбіз, қызанақ, қауын-қарбыз, пиязды тұтынушылар арзан бағамен лезде сатып алды.


Сарыбел, Бастаушы, Миролюбовка ауылдық округінің өкілдері сүт өнімдерін, тұздалған көкөніс, бал ұсынды. Олардың әкелген қолөнер бұйымдары да өз иелерін тапты. «Рыбпром» ЖШС-ның дайын өнімдері қашанда үлкен сұранысқа ие. Сондықтан да олардың сатушылары көп бөгелген жоқ. Бұл күні ет өнімдері де мол болды. Кәсіпкер С.Баженов семіз сиыр еті мен тартылған ет сатты. Жәрмеңкеге сонау Талдықорғаннан келген кәсіпкерлер де қатысып, апорт алмасын саудалады.
Күздің берер сыйы мол. Алдағы болатын жәрмеңкелерге орақ науқанынан босаған шаруа қожалықтары да қатысып, шөп, жем, өсімдік майын арзан бағамен ұсынатын болады. Ашық, жайдары күнде әсем әуен ойнап тұрған райда өткен жәрмеңкеден халық қоржындары тоқ, көңілдері көтеріңкі болып қайтты. Ауыл тұрғындарын алдағы сенбіде тағы да өтетін жәрмеңке күтетін болады.
Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз