Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

24 қыркүйек күні мұсылмандардың ең ұлық мерекесі құрбан айт басталады. Бұл мерекені ағайын арасын жақындата түсетін ұйытқы, өзара кешірім жасап, туысқандықтың байланысын күшейтуге себепші болатын мейрам деуге болады. Осы күні мұсылмандар құрбан шалып, садақа таратады, бір-біріне жылы ниеттерін білдіріп, жақсылық тілейді.
Сондай игі істің бірі Үлкенбөкен ауылында округ әкімі Н.Назархановтың бастамасымен өтті. Құрбан айт мейрамы қарсаңында мұсылман зираттарын қоршау жұмыстары аяқталды. Ауыл азаматтары мен шаруа қожалықтарының демеушілігімен, ауылымыздың ақсақалдар кеңесінің төрағасы К.Темірғалиевтың қатысуымен бұл игі іс жүзеге асты. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бұл ауыл тұрғындарының бірлесе атқарған жұмысының жемісі.
Еліміздің тыныштығы мен амандығы үшін шалған құрбандықтарыңыз, тілеген тілектеріңіз қабыл болсын демекпіз.

Үлкенбөкен ауылдық округінің
әкімшілігінің ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз