Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тассай ауылдық округінде Құрбан айт мерекесі таңертеңгі сағат жетіде оқылған айт намызынан басталды. Мұсылмандардың ең ұлық мерекесі Құрбан айт мерекесімен ауыл тұрғындарын ауыл әкімінің м.а М.Оспанов құттықтап, ауылдың бас имамы Б.Ағынбаев халыққа құттықтаулары мен уағыздарын айтты. Алла жолында ниет етіп шалған құрбандықтарың қабыл болсын деді. Айт намазға ауыл тұрғындары және жастар қатысып, ауыл тұрғыны Құдайберген Әбикенов мешіт алдында құрбандық шалды.
Сонымен бірге, 16 қыркүйек күні Тассай ауылында «Нұр Отан» Тассай бастауыш партия ұйымы төрайымы С.Чалованың ұйымдастыруымен «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» атты жиын өткізілді.
С.Чалова Ел басымыздың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының осы заманғы мемлекет бес институттық реформасының әр қайсысына жеке тоқталып түсініктеме берді. Ең көп жаңалықтар индустрия мен экономика саласының үлесінде екендігін айтты. Жиын саны 50 жаңалық осы бағытқа тиесілі. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласын жер кодексіне өзгерістер енгізілгенін де хабардар етті.
Учаскелік полиция инспекторы майор С.Ах-метқалиев жиналғандарға Заң үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі жаңа көзқарастар сот жүйесімен құқық қорғау органдарының тиімділігі мен ашықтығы туралы түсіндірді. Бүгінде сот ресімдерін оңайлату және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарға прокурордың қатысуын қысқарту тағы басқа маңызды мәселелер Ұлт жоспарының қадамдарында көрініс тапқанын жиналғандарға түсіндірді. Жиынға қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды. Ауылдық округте «100 нақты қадам» бағдарламасын тұрғындарға түсіндіру, насихаттау жұмыстары жалғасуда.
Ауылдық округтің ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз