Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мариногор ауылының тұрғындары Қайыңбаев-тар отбасын жақсы таниды. Отағасы Тілебалды мен отанасы Зәуре қарапайым адамдар. Олар үш бала тәрбиелеп өсірді. Үлкені Айнаш Алматыда, екінші қызы Гүлнұр Көкшетауда тұрады. Ал екі қыздың ортасындағы ұлдары Асхат өздерімен бірге.

Асхаты Самар орман шаруашылығында жұмыс істесе, келіні Альмира – мұғалім. Немерелері Аружан 3-ші, Айдос екінші сыныпта оқиды. Екеуі де оқу озаты. Ал кішкентай Әлинұр жастан жаңа асты.

Ол осы үйдің еркесі.  Тілебалды мен Зәуре Күршім ауданының тумалары. Мариногор жеріне қоныс аударғалы қырық жылдан асқан. Екеуі де бір-екі жылдың көлемінде зейнеткерлікке шықты. Бірақ, отағасы сонда да қатардан қалмай, «Дәлел» шаруа қожалығында жұмыс істейді. Шаруашылық басшысы Ж.Мәмбетов ол кісі туралы ылғи да жақсы пікірде. Қашанда егістікті малдан қоруға жауапкершілікпен қарайды. Әлі күнге дейін ат үстінен түспейтін Тілебалды аға салауатты өмір салтын ұстанады. Ұлы Асхат та әкесіне тартып, шылым шегу, ішімдік ішуді жат қылық деп санайды.

Отбасындағы татулық – шаңырақ  берекесінің бас-тауы. Сондықтан да болар бұл отбасында артық-ауыс ыдыс шылдырлап көрген емес. Ата-ене мен келін арасындағы сыйластық  та көпке үлгі боларлықтай.  Қандай шаруа болса да отбасымен ақылдаса отырып атқарылады. «Бізге келінді тәрбиеліден берген, өзі пысық. Қолынан келмейтіні жоқ. Тазалықты сүйеді, балаларды да солай тәрбиелеуде», - дейді олар. Асхат та ата-енесін өзінің әке-шешесіндей сыйлайды. Үлкен күйеу балаларын олар да ұлдарындай көреді. Әулеттерінде өздерінің қалыптасқан дәстүрлері де баршылық. Соның ең маңыздысы – қандай қуаныш болса да туыстарымен бөлісіп, Зәуре апайдың әкесі Аллаберген ақсақалдың батасын алу. Жасы сексеннен асқан ақсақал жиендері мен жиеншарларына арнап талай өлең шығарған. Бәйбішесі екеуі үлкен әулеттің басы болып отыр. Тілебалды аға олардың алдынан әлі күнге кесе көлденең өтпей, күйеулік жоралғыдан таймаған. Бұл да бір тәрбие аларлықтай қасиет болса керек.

Отбасы – шағын мемлекет. Егер осы мемлекетте тыныштық пен татулық, бірлік-береке болса, Отанда да сондай болмақшы. Бауыржан Момышұлы: «Отан – отбасынан басталады», - деп тегін айтқан жоқ. Ендеше елімізде осындай отбасылар көбейе берсін.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз