Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

КӨКПЕКТІ

5 қыркүйекте Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің алаңында «Саламатты өмір салтына «ИӘ» деп жауап береміз!» ұранымен «Денсаулық фестивалі-2015» өтті.

Аталмыш шараға аудан орталығының оқушы-лары, мекемелердің ұжымы белсене қатысып, төмендегі орындар мен марапаттарға ие болды. 10-11 сыныптар арасында, 1 орын А.Әйкенов, 2 орын Е.Манапов, 3 орын Алмас Алпысұлы алып, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің намысын қорғады.

Ал, 18-29 жас шамасындағы жастардың арасындағы жүгірудегі жарыста, 1 орынды А Рахимбаев, 2 орын Ж.Алпысов ие болды.

Жарыста 45-59 жас аралығындағы қашықтықта жүгіруден Балалар өнер мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Ш.Таныбаева 1 орынды қанжығасына салды. 60-69 жас шамасындағы ерлер арасында 1 орынды спорт ардагері Ө.Жолдығұлов және 2 орынды Ы.Өгізбаев иеленіп, Көкпекті Қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің мәртебесін көтерді.

Барлық қатысушылар, мадақтау қағазымен марапатталды.

САРЫБЕЛ

Сарыбел ауылдық округіндегі Новотимофеев-ка орта мектебінде 2015-2016 оқу жылында білім алатын 75 оқушы үшін алғашқы қоңырау соғылды.

Мектеп ауласы салтанатты мерекеге сай безендіріліп, қолдарына шоқ гүлдерін құшақтаған оқушылар, ата-аналар, ауыл тұрғындары мектеп алаңына келді. Мерекеге арнайы келген ауылдық округтің әкімі К.Сакуанова, мектептің ардагер ұстаздары Г.Попова, Г.Панкеева, Л.Смирнова, Л.Лопаткина білім күніне арналған ыстық лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, бұл мере-ке қарсаңында мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Маржан Смағұлова және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Төлеген Қалиев сынды ұлағатты ұстаздар ұрпақ тәрбиесіндегі еңбектері үшін аудандық білім бөлімінің мадақтау қағаздарын алса, мектеп ұжымы жазғы мезгілде ұйымдастырған «Жас толқын» лагерінде атқарған жұмыстары үшін мадақтау қағазын алды.

Жаңа оқу жылындағы жағымды жаңалықтардың бірі, осы ауылдың тумасы жерлесіміз, кәсіпкер Т.Сағатов жаңа оқу жылына мектеп оқушыларына музыкалық аппаратураны сыйға тартты. Ал, «Мектепке жол» акциясы аясында, 19 оқушыға мектеп ұжымы, ауыл әкімшілігі, кәсіпкерлердің қайырымдылығының арқасында көмек көрсетілді. Солардың ішінде, әсіресе, «Қанай» дүкенінің иесі Т.Столярованы атап айтуға болады, бұл кісі жыл сайын осы акцияға белсене қатысатын қайырымды адамдардың бірі. 5 қыркүйекте өткен денсаулық күнінде мектеп оқушылары, ұстаздар, ауыл әкімшілігі ұжымы қатысты. Мектептің дене шынықтыру пәнінің ұстаздары әр түрлі спорттық ойындар ұйымдастырды.

Мектеп ұжымы ауылдық округпен бірге іс-шараларға белсене қатысып отырады.

ТЕРЕКТІ

29 тамыз күні Теректі ауылының мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Конституция-сының 20 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті. Мереке «Менің елім» әнімен басталып, ауылдың мәдениет үйінде салтанатты жиналыс-пен жалғасты. Ауылдық округтің кітапханасында «Ата заң – елдігіміздің еңсесі» атты дөңгелек үстел болды. Ал, ауыл мектебінде спорттық ойын-дар, ауыл жастарының арасында кездесулер өтті. «Мектепке жол» акциясы аясында 35 балаға көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 5 қыркүйекте өткен денсаулық күніне орай Қ.Аухадиев атындағы орта мектепте спорт түрлерінен әртүрлі жарыстар ұйымдастырылды.

ШҰҒЫЛБАЙ

Мереке қарсаңында ауыл көшелеріне жалаулар, тақырыпқа сай банерлер ілінді. Мемлекеттік Әнұранмен салтанатты түрде ашылған шарада ауыл тұрғындарын Шұғылбай ауылдық округінің әкімі мерейлі мерекемен құттықтады. Ол  жастардың аудандық спартакиадада командалық есепте жүлделі 3 орын алғандығын атап өтті. Құттықтаулардан кейін мектеп оқушыларының «Ата Заңым – қуатым, сенім, мақсат, мұратым!»  атты әдеби монтажы тамашаланып, соңы концерттік бағдарламалармен жалғасын тапты, кешкілік жастарға арналған би кеші ауылдық

клуб үйінде өткізіліп, келесі күні спорттық ойындармен өтті. І.Жансүгіров атындағы орта мектепте білім күніне, алғашқы қоңырау салтанатына арналған «Сәлем саған, сүйікті алтын ұя мектебім!» атты жиын болды. Жаздың көңілді демалысынан кейін мектебіне сағынышпен оралған балаларды айтулы мерекемен мектеп директоры Ж.Ерботин құттықтады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 8 бүлдіршінге ардагер ұстаз К.Берікболова Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сыйлығы «Менің Отаным – Қазақстан» кітабын салтанатты түрде табыстады. Аудандық спорт бөлімінің маманы С.Темірханов аудан әкімі атынан барлық оқушыларды білім күнімен, аудандық XIX спартакиадада ауылдық округтер арасында командалық есепте жүлделі 3 орынды иеленген Шұғылбай ауылдық округін, 1 орын алған палуандар командасын жеңістерімен құттықтап, мадақтамалар және кубок табыстады.

Бүлдіршіндерге Нағима әжей шашу шашып, алғашқы қоңырау сыңғырымен мектепке қадам  басты. «Мектепке жол» акциясы бойынша 4 оқушыға қажетті оқу құралдарымен ауыл кәсіпкерлері С.Құнанбаева, Л.Жабагина, Г.Тоқтамысова, Б.Қанапиянова 20 мың теңге көлемінде көмек көрсетті. Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде «Денсаулық фестивалі-2015» іс-шарасы мектеп алаңында өткізілді.  Фестивальдің ашылу салтанаты сауықтыру жаттығуларымен   басталды.

Алыс-жақын қашықтықтарға жүгіру, секіру, көңілді жарыстар, эстафеталық ойындармен жалғасын тапқан фестиваль командалық футбол, баскетбол ойындарымен өз мәресіне жетті.

Округ ақпараттары бойынша

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз