Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көктемгі су тасқыны кезінде өзен, көл жағаларына жақын орналасқан елдімекендер, шаруашылықтарды су басып кететіні белгілі. Су тасқыны күшті жауын, қардың тез еруі немесе өзенде сең жүрісі кезінде оның бір орынға жиналып кептелуі себебінен су деңгейінің көтерілуінен пайда болады.

«Апат айтып келмейді» деген халық нақылы бар. Биылғы жылдың көктем мезгіліндегі ауа

райының күрт жылынуы ауданның кейбір жерлерін біраз шығынға ұшыратты. Солардың бірі, Белое ауылдық округіне қарасты Жаңажол ауылы. Көктем мезгілінде ауыл көшелерін су шайып кеткен болатын. Сол олқылықты түзету үшін, жақында ауыл әкімі Мұхтар Жәңкебаевтың ұйымдастыруымен ауыл көшелеріне құм-тас төселді. Бұл аталмыш игі іске ауыл азаматтары Марат Құмаров, Нұрхат Шайкиев, Нұрболат Дүйсенбаев, Шәміл Рахимов, Қанат Вахасов, Ерлан Сейфуллин, Сержан Суланов сынды азаматтар белсене қатысып еңбек етті. Сонымен бірге, көшелерге құм-тас төсеуге 6 трактор және 1 жүк тиегіш техникалары жұмылдырылып 356 тонна қиыршық тастарды 107 рет тасыды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей көзді ашып-жұмғанша екі көшедегі қызу жұмыс аяқталып кетті. Жоғарыда аталған ауыл азаматтары бұл шараға өз қаражаттарымен, ақысыз, туған ауылдарының көркейуіне үлес қосты. Жүректері «елім, жерім» деп соққан атқамінер азаматтарымыздың бүгінгі таңдағы бастамалары болашақ ұрпаққа үлгі болсын.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз