Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

БАСТАУШЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Бастаушы ауылдық округі бойынша 4 маусым күні Абай атындағы  орта мектепте мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті. Мереке Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Мерекемен топ тәрбиешісі құттықтады. Жазғы демалыс лагеріне келуші балалар патриоттық әндерге  негізделген әдеби монтаж орындап, би биледі. Мемлекеттік рәміздер туралы слайд көрсетілді. Кітапханаларда «Мемлекеттіліктің рәміздері» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

КӨКПЕКТІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Ж.Шайжүнісов атындағы мектепте 5-8 сыныптардың қатысуымен 4 маусым күні Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер күніне арналған акция өтті. Шараның негізі мақсаты

оқушыларға тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек екендігін ұғындыру. «Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы» деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арнау сөзін Қазақ елінде тұратын және оны өз отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек. Шара барысында 4 сынып оқушылары дайындаған өлең жолдарын айтты және Д.Амангельдинова, Б.Талғатбекұлы қауымға патриоттық ән ұсынды. Тәрбие ісінің меңгерушісі С.Тлебалдина оқушыларға Рәміздер күнінің маңызы жайлы мағұлмат берді.

ТЕРЕКТІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Жас жеткіншектердің бойына отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында Теректі ауылдық округінің кітапханашысы Б.Баймолдина мен клуб меңгерушісі Д.Сарсенбаевтың ұйымдастыруымен «Ел рәміздері - ел рухы» деген тақырыпта мерекелік іс-шара өткізілді. Аталған шараға ауыл тұрғындары, мектеп ұжымы және білім ордасының 10 сынып  оқушылары қатысты. Еліміздің рәміздері, нақыл сөздер, интерактивті тақтаны пайдалана отырып слайдтар, тірек сызбалары көрсетілді. Кітапханашы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін оның құрылу тарихын, мемлекеттік атрибуттардың мәні мен рөлін зерделеу, авторларымен таныстыру мақсатында «Елтаңба – елдігім, Көкбайрақ – байлығым, Әнұран – айбыным» деген  тақырыпта баян-дама жасады. Мерекелік жиынның соңы кон-церттік бағдарламаға ұласты.

ТАССАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Аспан шайдай ашық. Мамыражай маусымның 4 жұлдызы. Сағат тілі Астана уақыты бойынша тура 11 ді көрсетіп тұр.

Қазақстан Республикасының мемелекеттік гимні орындалды.

Әуен сазына елтіген ел оң қолдарымен жүрек тұсын баса тек еріндері ғана қимылдап қыбырсыз тұр. Не деген құдіретті музыка еді. Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне арналған салтанатты жиын басталып та кетті.

Мерекелік құттықтау жолдаған ауыл әкімі Семейхан Далбин, «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Мақпал Қапасова және «Нұр Отан»    бастауыш партия ұйымының төрайымы С.Чалова сияқты сөз зергерлері мемлекетіміздің айрықша нышандары - Қазақстан Республикасының мемелекеттік рәміздері туралы келелі ой толғап, оңды пікірлер білдіріп, орнықты тілек айтысты. Әкімшілік маманы Манара Хамитжанова да өз кезегінде Мемлекеттік туымыздың тарихынан бастап көк түстің нені білдіретінін, көк байрақтың ертеден қазақ халқы үшін ерекше маңызы болғанын, Ту көтерілгенде жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілігі бар Отансүйгіш жандардың жүрегіне қуат құйып, оттан да судан да қайтпайтын, қайрат қосатын қасиет барын өлең жолдарымен жалғастырып, тыңдаушысының жадына сіңіре білді. Әлеуметтік сала маманы А.Идришеваның орындаған «Көк тудың желбірегені» әні де жұрт көңілін дөп басқандай. Бұдан кейін сөз алған кітапханашы А.Маханованың баяндамасында мемлекеттік Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың қай кезде пайда болғаны, қашан ресми түрде қабылданғаны және олардың қысқаша тарихы туралы айтылып, әрбір қазақстандықтың Мемлекетіміздің рәміздерін аялауы, айрықша құрметтеуі, елдігіміздің белгілерін өзге халықтарға мақтанышпен көрсетуі әркез қажет екені кеңінен насихатталды.

Салтанат Елбасының өлеңіне жазылған Бекболат Тілеуханның «Елім менің» әнімен тәмамдалып, жиналған жұрт далаға беттеді.

Орталық көшені бойлай бірнеше ақ түсті көлемді автокөліктердің төбесіне мемелекеттік Туымыз бен Елтаңбамыз қойылып шеру тартылды. Бұл шара тассайлықтардың еліміздің рәміздеріне деген ерекше құрметінің бір ғана көрінісі.

ҚҰЛЫНЖОН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Рәміздер күні Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Казнаковка, Аман-гелді орта мектептерінде Қазақстан Рес-публикасының рәміздер күні тойланып өтті. Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге баулу басты мақсат. Әрқайсысы халқының тегін, тарихын білулері тиіс. Казнаковка, Амангелді орта мектептерінде Қазақстан Республикасының рәміздері туралы деректі фильм көрсетілді және балалар арасында байқаулар, викториналық сұрақтар жүргізілді. Ауыл кітапханасында Рәміздер күніне арналған дөңгелек үстел өтті.

Дайындаған Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз