Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

29 мамыр күні аудан әкімі Рамиль Сағандыковтың төрағалық етуімен аудандық әкімшілік отырысы өткізілді. Күн тәртібінде сүтті мал шаруашылығын дамыту, ағымдағы жылы өткізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстары мен жаз уақытында жолдардың күтімі, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған шаралардың қорытындысы, елді мекендерді абаттанды-ру туралы қаулының орындалу барысы қа-растырылды. Сонымен бірге, облыс әкімі Д.Ахметовтың қала және аудан басшыларымен өткізген кеңесте берген тапсырмаларының, аудан әкімі хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы бойынша ақпараттар берілді.

Ауданда сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамыту мәселесі басты назарда. Дамыту басымдығы нұсқалып отырған салада өзгерістер орын алуда. Бүгінгі күні сүт тауарлы фермаларын ашу мәселесі әрбір округке міндеттелген. – Біз әрбір округте тұрғындардан сүт қабылдау пунктін ашу мақса-тын қойып отырмыз. 1 маусымнан бастап 4 бірдей сүт қабылдау пункті іске кіріседі. «Восток Молоко» серіктестігімен ары қарайғы жоспарда сүтті қайта өндеуге тапсыру мәселесі қарастырылуда, - дейді Марат Қапарұлы. Ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің басшысы өз баяндамасында бүгінгі күні ауданда сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамыту бойынша жүргізілген жұмыстарға тоқталып, бұл тұрғыда алға қойылған жоспарлар сәтті жүзеге асатынына сенім білдірді.

 

- Сүт өнімдерін қайта өндеу мәселесі алдағы күннің еншісінде. Біз бұл мәселеге басты назар аударуымыз керек. Ауданда сүт өндірісін жолға қою – барлық түйіннің шешімі болмақ. Тұрақты қызмет етіп тұрған «Өрнек» серіктестігімен бір қатарда жаңадан қолға алынған тың жобалар бұл іске серпін бермек. Сонда ғана, сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамыту тиімділігі еселеп артады, - деп түйіндеді аудан басшысы.

ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Р.Бектасовтың автокөлік жолдарын жазғы уақытта күтіп ұстау және жол жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы баяндамасы тындалды. Аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстары арқылы мақсатты индикаторларға қол жеткізу міндеті қойылды. Ағымдағы жылдың 25 қазанына дейін аумақты дамыту жоспарына сәйкес барлық шаралар қамтамасыз етілуі қажет. Округ әкімдері тарапынан көше жолдарының жазғы күтімі қолға алынады. Жауапты аумақтағы көшелер мен жолдарды қалыпқа келтіру тұрғысында Шұғылбай округі әкімінің шаралары үлгі нұсқасында ерекше атауға тұрады.

Әкімшілік отырысы жағымды жаңалықтармен жалғасты. Ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Нұғыбаев-тың ақпараты тыңдалып, марапаттау рәсімі кезек алды. Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын лайықты атап өту бағытында жүргізілген жұмыстар қорытындыланып, үздіктер құрмет-қошеметке бөленді. Негізгі басымдық округтердегі ескерткіштер, мемориалдар мен обелисктерді жаңарту, қайтадан салу. Жаңартылған және жаңадан салынған заман талабына сай нысандар ұрпақ игілігі, тарихқа тағзым белгісі. Ұлы Жеңісті ұлықтау, өткенге тағзым етудегі аудан тұрғындарының патриоттық ұстанымы, ауызбіршілігі айшықты. Десек те, кейбір округтерде тәрбиелік және тәлімдік маңызы жоғары шарада немқұрайлылық пен жауапсыздық орын алғаны қынжылтады. Ауылдың атпал азаматтары, туған жеріне тілектес тумалар жеңімпаз майдангерлер рухына тағзым етуде өнеге көрсетті. Осы істің ұйытқысы болған ауылдық округ әкімдерінің үлесі бір төбе. Ерекше көзге түскен ауылдар арнайы номинация алса, Құлынжон және Белое округтері үшінші орынға лайықты деп танылды. Барлық нысандармен жеке танысып, жан-жақты қарастырған комиссия шешімімен Биғаш ауылдық округі екінші орынды иеленді. Сарыбел ауылдық округінде жаңадан тұрғызылған мемориалдың заманауи сыртқы келбеті мен идеологиялық құрылымы лайықты бағасын алды. Бірінші орынды жеңіп алған Сарыбел ауылдық округіне сертификат табыстай отырып, аудан басшысы округ әкімінің бұл істе нағыз кәсіби біліктілік пен жауапкершілік көрсеткенін ерекше атап өтті.            

Сонымен бірге, күн тәртібіндегі сұрақтар толық қарастырылып, тиісті қызмет басшыларына тапсырмалар жүктелді. Көкпекті, Самар, Үлкенбөкен округ әкімдерінің абаттандыру бойынша ақпараттары тындалды. Қорытындылай келе, аудан әкімі Р.Сагандыков алдағы міндеттерді нықтап, сала басшыларының тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауын талап етті.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз