Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қарашаның 21 күні аудан әкімі Д.Мусин жұмыс кеңесін өткізді. Онда Елбасы Жолдауын жүзеге асыру бойынша ауылдық округ әкімдері мен жеке бөлімдердің міндеттері туралы айтты.

Мәжіліс барысында ол Елбасының «НҰРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» Жолдауының басты бағыттарына басшылардың назарын аудара отырып, Президент алға қойған міндеттерді шешудегі әрбір бөлімнің рөлі маңызды екенін көрсетті. – Жолдауды жүзеге асыруда оны егжей-тегжейлі зерттеп, өз жұмыстарын соған сәйкес бағдарлау керек. Әрбір қызмет бұл Жолдаудан өзіне қажеттісін тауып, өз міндеттерін айқындап, олардың орындалу уақытын нақтылағаны дұрыс. Атқарылатын әр жұмысты экономика таразысына салған жөн,- деді Дүйсенғазы Мағауяұлы.

Президент Жолдауы ірі жол инфрақұрылымдары мен энергетикалық жобаларды қарастырады. Аудандық ТҮКШ, автокөлік жолдары және жолаушылар тасымалы бөлімінің алдына жаңа экономикалық саясаттың мүмкіндіктерін қолдана отырып, аудан аумағындағы жолдарды салу және жөндеу жобаларын қамтамасыз ету қойылған. Орташа басымдыққа ие бағыттардың ішінде – күрделі автокөлік жолдарын жөндеу «Үлкенбөкен-Көкжайық-Үлгілімалшы», сондай-ақ, Тассай, Қарөткел, Преображенка-Теректі-Шұғылбай кіре беріс жолдарын жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қоса, ауданның жол жөндеу мекемелерінің әлеуетін, жергілікті құрылыс материалдарын барынша қолдану қажет, - деді аудан әкімі. Ауданда жол салу және жөндеу нарығындағы кәсіби тәжірибесі мол, абыройлы, мықты жол-құрылыс мекемелері бар. Осының барлығы бізге мультипликативті нәтиже беріп қана қоймай, экономиканың өсу қарқынын жоғарылатуға, салық түсімінің және халықты жұмыспен қамтудың өсуіне әкеледі. Сонымен қатар, біздің кәсіпкерлеріміздің болашағы мен дамуы үшін транзиттің үлкен рөл атқаратынын ескеру қажет.

ТҮКШ су және жылу желілері инфрақұрылымдарын модернизациялауға 2 триллион теңге және жыл сайын 2020 жылға дейін 200 миллиардтан кем емес қаражат бөлу жоспарланып отыр. –ТҮКШ, автокөлік жолдары және жолаушылар тасымалы бөлімінің міндеті Көкпекті және Самар ауылдық округтерінде су құбыры желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу, - деп тапсырма берді.

Аудан әкімі өз бағдарламаларының өндірістік әлеуетін «КазАгроФинанс» арқылы жүзеге асыратын ірі ауылшаруашылық құрылымдардың қаржылық тұрақтылығының негізі болып табылатын, агро-өнеркәсіптік кешеннің дамуына басты назар аударды.

Аудандағы ең ірі мәселенің бірі – тұрғын үймен қамту. Кезекте төрт жүзден астам адам тіркелген. -Қазіргі Жолдау бұл мәселені шешуге зор мүмкіндік береді. Енді барлығы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің шапшаңдығына байланысты. Елбасы жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысына жаңа көзқараспен келуді ұсынды. Мемлекет әлеуметтік тұрғын үйлерді салады және оны халыққа ұзақ мерзімге жалға беріп, әрі қарай сатып алуға мүмкіндік береді. Осыған орай, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі жалға берілетін қол жетімді тұрғын үйлерді салу құрылысына жобалық сметалық құжаттарды дер кезінде жасап, оған қосымша қаржыны тартуы тиіс. Жер телімін бөлуде кідіріс болмауы керек. Дүйсенғазы Мағауяұлы жобалық-сметалық құжаттарды дайындауда аса ұқыптылық қажеттігін назарға алды. -Түрлі ньюанстарды анықтау үшін жобаны жобалаушылармен бірлесе сараптан өткізу тәжірибеге айналуы тиіс. Мұндай тіл табысулар аудан мамандарына жұмысқа бүге-шігесіне дейін үңілуге ал, жобалаушыларға уақытында біздің ұсыныстар мен түзетулерді ескеруге мүмкіндік береді, - деді аудан әкімі.

Өз әлеуетінің орасан зор екендігіне қарамастан, туризм саласы бастапқы өркендеу сатысында болғанмен, өкінішке орай, аудан экономикасының дамуы үшін аз пайдаланылуда. Оның басты себебі – туристік нысандар инфрақұрылымдарының жоқтығы. Мемлекет басшысы өзінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында туризм үшін инфрақұрылым - жеке бағыт. Оның басты басымдығы жұмыс орындары санын көптеп құру мүмкіндігі болып табылатынын ерекше атап өткен. Аудан әкімі туристік салалардың дамуы бойынша ағымдағы ахуалды сараптап, түйінді мәселелерді айқындауды және оларды шешу жолдарын анықтауды тапсырды. –Ауданда туристік кластерді қалыптастыру жұмыстары басталғанмен, ол ұқыпты түрде саралау мен жүйелеуді және осы мәселелердегі әрекеттерді барлық бөлімдер мен ауылдық округ әкімдері үйлестіре отырып жұмыс істеуі тиіс, - деп түйіндеді аудан әкімі.

Жаңа экономикалық саясат әлеуметтік инфрақұрылымдардың өркендеуін назарда ұстап, бәрінен бұрын, апатты мектептердің мәселесін шешуді қарастырады. Аудан бойынша Бастаушы ауылында бір апатты мектеп бар. Оны жаңарту құрылысына арналған құжаттар дайын. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бұл жобаны қаржыландыру аудандық білім беру бөлімінің міндеті. –Бұл мәселеде шапшаңдық қажет. Уақыт күтпейді, себебі біздің балаларымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатер төнуде, - деп баса айтты Дүйсенғазы Мағауяұлы.

Ел Президенті Н.Назарбаев Жолдауында кіші және орта бизнесті, оның іскерлік белсенділігін қолдау қажет екенін айтты. Оның тапсырмасы бойынша кіші және орта бизнеспен ірі кәсіпкерліктің өркендеуіне Ұлттық қордан 100 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі күні 10 жылға бар жоғы 6 пайызбен бизнесті несиелеу арқылы елімізде теңдесі жоқ жағдай жасалып отыр. Бұл кіші және орта бизнестің экономикалық өсімін құрып, оның өркендеу жұмыстарын жалғастыруға және жалпы ішкі өнімнің үлесін 2050 жылға дейін ұлғайту үшін қажет. Жолдаудағы осы бағытты түсіндіре отырып, аудан әкімі кәсіпкерлік бөлімінің басшысына Ұлттық қордан мемлекет қаржылай қолдау көретін кіші және орта бизнестегі азық-түлік өндіру, өңдеуші өнеркәсіп және қызмет көрсету саласындағы жобаларды жүзеге асыру бойынша тапсырма берді.

Қыс мерзімінің ауа райы орныққандықтан аудан әкімі ауылдық округ әкімдерінен көшелерді қардан тазарту жұмыстарын ұйымдастырып, ең бірінші кезекте мектепке, балабақша мен ауруханаға апарар жолдарды ашып, тротуарлар мен баспалдақтар және екінші кезектегі көшелерді қардан тазалауды тапсырды. Мемлекеттік мекемелердің жетекшілері өз ғимараттарының төңірегін қардан аршып отыруын қадағалауға, емделушілер мен келушілердің емін-еркін кіріп-шығу жолдарын қамтамасыз етуге міндетті.

Дүйсенғазы Мағауяұлы жиынды қортындылай келе бүгінгі Жолдау мемлекетіміздің алға басқан қадамында нық сеніммен бүкіл дүние елдерін жалт қаратқан дағдарысқа қарсы жасалған Жаңа Экономикалық саясаттың тосқауылы екеніне тоқталды. Бұл саясат елдің және күрделі кезеңдегі қоғамның тұрақтылығын дамытуға негізделген. –Қабылданған «Нұрлы жол» бағдарламасы – бұл әрқайсымыздың іс-әрекетімізге жетекшілік етеді – деді ол.

Надежда ШАРОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз