Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

20 шілде күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІ сессиясының отырысы өтті. Сессияға аудан басшысы Ділдәбек Оразбаев, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім  басшылары, ауылдық округ әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты. Сессияға аудандық мәслихат хатшысы Талғат Сарманов  төрағалық етті.

Сессияның күн тәртібінде аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындау бойынша аудан әкімі аппарат басшысының есебі, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, депутат өкілеттігі, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі тыңдалды. Әртүрлі бөлімінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды.


Абай облысы Көкпекті ауданының басқару сұлбасы, Көкпекті аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 20-3/1 «Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалаудың әдiстемесiн бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы сұрақтар талқыға түсті.
Күн тәртібіндегі алғашқы сұрақ бойынша Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев, екінші сұрақ бойынша аудан әкімі аппарат басшысының м.а. Гүлнар Қабдешова, үшінші мәселе бойынша «Әлеуметтік, мәдени, құқық қорғау және жастар саясаты жөніндегі» тұрақты комиссия төрайымы Гүлназ Нұрғалиева баяндама жасады.
Сессияда баяндама жасаған аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы алда бірқатар жауапты міндеттердің тұрғанын айтып, тұрғындардың тұрмыс табысын жақсарту үшін 5 бағыт бойынша жұмыс істейтінін жеткізді. Олар үй іргесіндегі аумақты тиімді пайдалану, ауладағы мал шаруашылығын дамыту, тұрғындардың ауылшаруашылық бағындағы жерлерін тиімді пайдалану, шаруақожалықтарды ауылшаруашылық техникаларымен қамтамасыз ету (тұқым, минералды тыңайтқышпен қамтамасыз ету), тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндік туғызу.
Баяндамашыға аудандық мәслихат депутаттары Владимир Виничук, Гүлназ Нұрғалиева өздерінің сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Халық қалаулысы Владимир Виничук бұрынғы Пионер лагеріне апаратын жолға асфальт төсеу, жарықтандыру мәселесі, облыстық маңыздағы Үлкенбөкен-Жансары тас жолы бойындағы өсіп кеткен ағаш, талдарды кесу, Преображенка ауылындағы ДА-ны жөндеу жүргізу мәселесін көтерді. Халықты жұмыспен қамту мақсатында мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс жасау мақсатында қойылған жоспарлар, орталық аудандық ауруханасындағы маман жеткіліксіздігі сынды тұрғындардың тілегін жеткізді.
Аталған мәселелер бойынша сессия отырысында баяндалып, жан-жақты талқыланғандықтан, депутаттар бірауыздан қолдап, шешім қабылдады. Күн тәртібінде қаралған мәселелерге тиісті шешімдер шығарылды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз