Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Еліміздің тағдырындағы ауылдың маңыздылығына мән беріп былай айтқан: «Жер абаттанса, ел ауқаттанады. Ауылдың амандығы — елдің амандығы». Бұл сөздердің мағынасы терең екені сөзсіз. Әрбір елдің, мемлекеттің бар болуы әрі дамуы экономиканың осы саласына, оның ахуалына тура тәуелді болады. Сондықтан да, осы салада еңбек етіп, өзінің бар күш-жігерлерін жұмсап отырған ауыл еңбеккерлеріне – нағыз еңбекқор адамдар деп айтсақ болар. Сіздердің еңбектеріңіздің арқауы – ауданымыздың сондай-ақ, облысымыз бен еліміздің мәртебесі.

Ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеуші сала еңбеккерлері мерекесі күні еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған адамдардың алдында басымызды иіп, жүрекжарды алғысымызды айтамыз. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан биыл да тұрғындарды нанмен қамтамасыз етуге жетерлік өнім жиналды. Аудандағы уақытша тұрақтандыру қорына жеткілікті мөлшерде картоп пен көкөніс салынды. Мал шаруашылығында да айтарлықтай жетістіктер бар. Бүгінгі күні ауданымыздың агроөнеркәсіп кешені ауыл шаруашылығын индустриалды-инновациялық жаңғырту, жаңа техникалар мен құрал-жабдықтарды, заманауи ресурс сақтаушы технологияларды қолдану негізінде дамып келеді. Осының бәрі өңірдің ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіп кешенінің аса зор әлеуетке ие екендігінің айғағы және бұл әрі қарайғы қарқынды дамуымыздың кепілі болмақ.

Құрметті ауыл еңбеккерлері мен агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлері, сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге үлес қосқан сіздерге, сіздер арқылы барлық аграрлық саланың қызметкерлеріне шын жүректен алғысымызды айтып, келешекте де зор табыстар, мықты денсаулық, зор бақыт және отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілейміз!

Д.Мусин, Көкпекті ауданының әкімі

Р.Беспаев, аудандық мәслихаттың хатшысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз