Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданында алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары пысықталды. Маңызды мәселе аудан әкімі Раджан Сейтқановтың жіті бақылауында. Аудандық әкімдікте 9 тамыз күні өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте дайындық жұмыстары жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, аппараттық кеңестің күн тәртібінде «Бақытты отбасы» жеңілдікті ипотекалық несие беру бағдарламасы аясында ауданда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру, «ASHYQ» қосымшасын қолданатын және орнатуға дайын кәсіпкерлік нысандары туралы ақпарат қаралды.
Қысқы жылыту маусымына дайындық еш уақытта өзектілігін жоғалтпайтын мәселенің бірі екендігі даусыз. Оған дайындық жұмыстары көктем, жаз айларынан басталып кететіні де сондықтан. Аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов әлеуметтік нысандардың 2021 - 2022 жылдарға жылу беру маусымына дайындық барысы туралы ақпарат берді.
- Білім беру саласы бойынша алдағы жылу беру маусымана 41 нысанды дайындау қажет. Олардың қатарында қатты отын пайдаланатын 18 мектеп пен 2 балабақша, дизель отынымен 2 мектеп және электр жылуымен қамтылатын 17 мектеп пен 2 балабақша бар. Облыстық бюджеттен Көкпекті ауданындағы білім беру мекемелерінің қазандықтарын ағымдағы жөндеуден өткізуге 99579,0 мың теңге қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта 12 мектеп пен 1 балабақшада конкурс өткізіліп, мердігерлер анықталды. Тек қана Көкпекті орта мектебі бойынша конкурстық өтінімдерді қарау жүргізілу үстінде. Қазандықтарды жөндеу барысы қатаң бақылауда, - дейді аудан әкімінің орынбасары.


Марат Қапарұлының мәліметі бойынша бүгінгі күні Қойгелді Аухадиев атындағы орта мектептің жылыту жүйесінің су құбырларын ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Амангелді орта мектебі, Биғаш негізгі мектебі және «Шуақты шұғыла» балабақшасында жылу беру жүйесін ауыстыру бойынша жұмыстар жоспарға сай жүргізілуде. Басқа білім беру ұйымдарында мердігер ұйымдар жөндеу жұмыстарына арналған құрылыс материалдары мен қазандықты жеткізу барысында.
Аудан әкімі Раджан Қайырқанұлы білім беру мекемелерінде қазандықтарды жөндеу жұмыстары 20 тамызға дейін толық аяқталу керек деген нақты міндет жүктеді. Бұл тапсырманың орындалуына орынбасары Марат Теміржанов жауапты.
Білім беру мекемелері бойынша қатты отын қажеттілігі 5843 тонна және дизель 67 000 литр. Мектептерге қатты отын жеткізуші «Ақсуат» автокөлік кәсіпорнымен 1 тонна көмір бағасы 17 мың теңгеге келісім-шарт жасалған.
- Денсаулық сақтау саласы бойынша дайындық жұмыстары 34 нысанда жүргізілуде. Ауданда 1 орталық, 1 ауданаралық аурухана, 7 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт және 19 медициналық пункт бар. Қазіргі уақытта Көкпекті аудандық орталық ауруханасы өз күшімен қазандық және жылыту жолағына жөндеу жүргізуде. Тамыз айының соңына дейін жұмыстар толық аяқталады. Мәдениет нысандарында профилактикалық жөндеу және дайындық жұмыстары атқарылуда. Қатты отынға қажеттілік 900 тонна болса бүгінгі күні оның 70 пайызы жеткізілді, - дейді Марат Қапарұлы.
Бұл мәселеде ұсақ - түйек сұрақ болмайтынын ескерткен аудан әкімі Раджан Қайырқанұлы дайындық жұмыстарына бақылауды күшейту қажеттігіне тоқталды. Кеңейтілген кеңестің күн тәртібіндегі барлық сұрақтар толық қаралып, талқылау барысында туындаған мәселелер бойынша жауапты қызмет басшыларына тапсырмалар беріліп, міндеттер жүктелді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз