Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданында тұратын көзі тірі жалғыс соғыс ардагері Елеусіз Қинбаев қоғамдық өмірден шет қалмауда. Бүгінде 96 жастағы жеңімпаз жауынгер 25 шілде күні өткен ауыл әкімдерін сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Бұл туралы мәліметті Көкпекті аудандық әкімдігіне қарасты «Tolagainews» ақпараттық порталы сайлау күні жария етті.ф Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде Көкпекті ауданының 3 ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өткізілді. Тәуелсіз Қазақстан тарихында ауыл әкімдерінің тікелей халық сайлауы бірінші рет өткізіліп отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу туралы бастаманы өткен жылғы ел халқына Жолдауында жария еткен болатын. Бір жыл ішінде бұл бастама жүзеге асырылды. "Әкімдер - әрбір елді мекендегі биліктің тікелей өкілдері. Жұртшылық әкімдердің қызметін негізге ала отырып, бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін бағалайды. Сондықтан тиімді мемлекет пен Әділ қоғамның талаптарына жауап беретін алдағы сайлауды дұрыс ұйымдастыру өте маңызды", - деді Мемлекет басшысы ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөніндегі кеңесте.


Маринагорка, Палатцы және Үлкенбөкен ауылдық округтерінде саяси науқан 9 сайлау учаскесінде өткізілді. Әрбір сайлау учаскесі таңғы 07.00-де есігін айқара ашып, кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істеді. Барлығында санитарлық талаптар қатаң сақталып, қалам, бетперде және қолғаптар таратылды.
Көкпекті аудандық сайлау комиссиясы ұсынған мәлемт бойынша барлық 3 ауылдық округ бойынша 99,35 пайыз сайлаушылар өз таңдауын жасаған. Бұл – 2148 тұрғын өзінің азаматтық таңдау мүмкіндігін пайдаланды деген сөз. Оның ішінде 26 тұрғын үйде дауыс берді. Дауыс берушілердің алдыңғы қатарында Ұлы Отан соғысының ардагері Елеусіз Қинбаев сыды құрметті ақсақалдар жүрсе, өмірінде тұңғыш рет дауыс беруге қатысқан Подгорное ауылының тұрғыны Аяна Әділғазы сынды жастардың да қарасы көп. Үлкен мен кішіге ортақ пікір; сайлауға қатысу - бұл сіздің ауылдың өміріндегі маңызды мәселелер бойынша өз пікіріңізді білдіру мүмкіндігі ғана емес, сонымен бірге сіздің шешіміңіз үшін қоғам алдындағы саналы жауапкершілік.
Сайлау барысын бақылаушылар мұқият қарап отырды. «Жергілікті өзін өзін басқаруды дамыту орталығы» қоғамдық қорынан 10, «Nur Otan» партиясынан – 18 және 9 үміткерлердің сенімді өкілдері қатысты. Сондай-ақ, сайлау учаскелерінде аудандық БАҚ өкілдері жұмыс істеді. Тұрғындардың сайлауға барлық жауапкершілікпен қарайтындығы анық байқалады. Көптеген сайлау учаскелерінде таңғы 9-ға дейін сайлаушылардың пайызы 80-ден 90% -ке дейін болды.
Дауыстарды санау қорытындысы нәтижелерді көрсетті. Маринагорка ауылдық округінің әкімі болып Қайдар Сайкенұлы Сұрашев «Nur Otan» партиясы ұсынған) сайланды.
Бағжамал Базылағзамқызы Базылағзам ең көп дауыс жинап, Палатцы ауылдық округінің әкімі болып танылды. Бұл үміткерді де «Nur Otan» партиясы ұсынған.
Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімі болып «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан үміткер Қайрат Жұмағалиұлы Жылқышев сайланды.
Дауыс беру кезінде ешқандай заң бұзушылықтар тіркелмегенін атап өткен абзал..
Валентина Дмитриевна Горбачева, Подгорное ауылының тұрғыны:
- Бүгінгі барлығымыз үшін өте маңызды күн - біз ауыл басшысын сайлаймыз. Бұл біздің округтің тұрмыс-тіршілігене жауапты, ауылда туындайтын барлық түйінді мәселелерді шешетін адам. Болашақ әкімнің атқаратын жұмысы көп, бірақ оның командасы - ауылдың барлық тұрғындары болады. Бүгін біз лайықты адамды таңдаймыз, онымен бірге өмір сүріп, төрт жыл бойы ауылымыздың игілігі үшін жұмыс істейтін боламыз. Дауыс беру менің міндетім деп санаймын, сондықтан мен сәл ертерек келдім. Мен өз таңдауымды жасадым.
Сайлау күні бүкіл Қазақстан халқы үшін ерекше болды. Халық ауылдардың өркендеуі үшін жұмыс жасайтын болашақ әкімдерге үлкен үміт артады. Сайлау халыққа үлкен пайда әкеледі деген сенімдеміз, азаматтар халықтың барлық сұраныстары мен қажеттіліктерін білетін үміткердің пайдасына таңдау жасады.
Ауыл әкімдерін тікелей сайлау, сарапшылардың пікірінше, ауылдық жерлердегі сумен қамтамасыз ету, жолдарды күтіп ұстау, елді мекендерді абаттандыру және басқа да бірқатар тұрмыстық мәселелер бойынша шешім қабылдау кезінде ауыл әкімдері жұмысының тиімділігін арттырады. Сонымен бірге сайланған әкімдердің дауыс берушілер алдындағы жауапкершілігін ынталандырудың және қызметінің тиімділігін арттырудың басты факторына айналады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз