Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

17 қаңтар күні аудан әкімі Асхат Смаиловтың есептік кездесулері Сарыбел, Палатцы және Миролюбовка ауылдық округтерінің тұрғындарымен жалғасты. Кездесу барысында жыл көлемінде атқарылған жұмыстардың жетістіктері мен алдағы жұмыс жоспарлары, сондай-ақ шешімін табуды талап ететін бірқатар мәселелер талқыланды.

Сарыбел ауылдық округінің әкімі Аслан Жапарқұловтың баяндамасы қысқа да нұсқа болды. Әкім хабарламасында округтің жағдай тұрақты деп көрсетілгенімен, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардан кейін әлі де өзекті мәселелердің аз емес екендігі байқалды.
Аслан Тілеуұлының ақпараты бойын-ша, өткен жылы әкімдік ауылдарды абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау бойынша жұмыстар жүргізді. Сарыбел ауылына кіре берістегі ұзындығы 3 км жол бөлігі жөнделді. «Алтел» ұялы байланысы орнатылды, «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша оқуға ниет білдірген тұрғындар оқытылды.
Одан кейін халықпен диалог, пікір алмасу уақыты келді. Сонымен, алғашқы болып сөз алған ауыл тұрғыны Жексенбай Тәкібаев өзін мемлекеттік тілге деген немқұрайлылық мазалайтынын жеткізді. Оның айтуынша, ауылдың көрнекті жерлеріндегі қарапайым хабарлан-дырулардың өзі тек орыс тілінде беріледі, бірінші кезекте мемлекеттік тілде болуы тиіс екенін айтпағанда. Ол бұл өтінішін ауыл әкіміне де, округ мамандарына да айтқанымен, еш нәтиже болмаған. Ақсақалды мұқият тыңдаған Асхат Сайдахметұлы бұл мәселе тек осы округ үшін қана емес, мемлекетіміз үшін өзекті болып отырғанын атап өтті. – Біздің ұлт – басқа ұлттарды, олардың тілін, ұлттық ерекшелігін сыйлайтын, бейбітшілікті сүйетін ұлт екені баршамызға аян. Басқа ұлттардың тілін білуіміз - бұл біздің ұлтымыздың артықшылығы, - деді аудан әкімі.


Өз кезегінде Асхат Сайдахметұлы жиналғандарға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, жұмыс қорытын-дысы туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, өткен жылы ауданда шығарылған өнім көлемі артып, ауыл шаруашылығын дамытуда елеулі өзгерістер болды. Ол халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге бас-ты назар аударды. Жолдарды жөндеу мәселесі біртіндеп шешімін таба бастады, жол жиегіндегі көлік қозғалысына қауіп төндіретін ағаштар мен бұталарды жою қолға алынды. Аталмыш тақырыпта сөз қозғаған Асхат Сайдахметұлы: "Жолдың 1 шақырымына асфальт төсеуге кететін қаржының көлемі 20-30 млн. теңгені құрайды. Бұл шынымен де қымбатқа түседі", - деп атап өтті. Аудан басшысының айтуынша, елді мекендегі білім беру мекемелері мен мәдени орталықтарды жаңарту немесе күрделі жөндеуден өткізу, ауылдық аймақты абаттандыру жұмыстары жалғасын табады.
Есеп беру кездесуінде Сарыбел орта мектебі оқушыларының ата-аналары оқушылардың білім сапасы мен психологиялық жағдайына әсер ететін сыныптардың жабдықталуы туралы мәселелерді көтерді. Білім бөлімінің басшысы Ш.Мұстафинова мен мектеп директоры Г.Бектасынова осы тақырыпқа қатысты толық түсінік беріп өтті. Бес баланы бір өзі тәрбиелеп отырған көпбалалы ана Мария Догыр материалдық жағдайын жақсартуға тырысып, «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша оқудан өткенімен, білімін растайтын сертификат алмағаны айтылды. Анықталғандай, дәрігерлік амбулаторияда еден жуушы болып жұмыс істейтіндіктен, оған қайтарымсыз негізде грант алу мәселесі туралы жауапты тұлғалар тарапынан түсініктеме берілмеген. Асхат Сайдахметұлы көпбалалы анаға қатысты қалыптасқан жағдайға өзі араласып, бір жолғы материалдық көмек көрсетілуін әлеуметтік қорғау бойынша жауапты тұлғаларға тапсырды.
Ауыл тұрғыны зейнеткер Назиға Ибраеваның сөзінен жан айқайы сезіледі. Оның эмоционалдық сөзі ешкімді бей-жай қалдырмады. Ауыл белсендісінің айтуын-ша, тұрғындар тұтынатын ауыз суда неше түрлі жәндіктер (құрттар) кездеседі, өйткені ол өңдеуден, хлорлаудан өтпеген. Клубта музыкалық аспаптар жоқ, 8-9 адамнан тұратын "Хозяюшка" клубының сахналық костюмдері де жоқ. Сонда да клуб әртістері кез келген мерекеде ауыл тұрғындарының көңіл-күйін көтеру үшін бар құлшыныспен концерт береді. Ауылда шаш қию үшін шаштараз жоқ, Самар ауылына бару керек, ал оны бәрінің қалтасы көтере бермейді. Осы мәселелерді шешу бойынша, аудан әкімі ауыл басшысы А.Жапарқұловқа костюмдер дайындауға есеп жасауды, ауыз суды залалсыздандыру, хлорлау жұмыстарын күшейтуді және жеке бақылауға алуды тапсырды.
Сонымен қатар, округ тұрғындары жергілікті амбулаториядағы "жедел жәрдем" автокөлігінің жұмысы туралы сұрақтар қойды. Бұл сұрақ бойынша барлық қатысушыларды алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерімен "Көкпекті ауданының № 2 аудандық ауруханасының" бас дәрігері Е.Зияданов таныстырды.
Кездесуді қорытындылай келе, аудан әкімі денсаулық сақтау саласының басшысына және басқа да мекемелердің өкілдеріне: «Халыққа жақын болу, тұрғын-дармен жиі кездесу, наразы пікірлердің туындамауы үшін өз қызметтері, ондағы өзгерістер мен жаңалықтар туралы түсінік беріп отыру керек, сол кезде қарапайым адамдар тарапынан басшылар жұмысына деген дұрыс түсінік қалыптасады», - деп түйіндеді Асхат Сайдахметұлы.

Басты мәселе – сумен қамтамасыз ету
Палатцы ауылдық округі әкімінің есеп беру баяндамасында Бағжамал Базылағзам жергілікті органның өткен жылғы қызметіне толық талдау жасады. Округте "Нұр Агро" ЖШС, өсімдік шаруашылығымен айналысатын 19 шаруа қожалығы және мал шаруашылығына негізделген "Елдар" шаруа қожалығы жұмыс істейді. Әкімдік Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен қалалары, Самар, Көкпекті ауылдарындағы ауыл шаруашылығы құрылымдары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін сату жәрмеңкелеріне белсенді қатысты. Жаз мезгілінде мал бағуды ұйымдастыру бойынша жиын өткізілді. Кірістер - 1 300 440,0 мың теңге; Субвенция - 338 830,0 мың теңге; Трансферттердің барлығы - 815 137,0 мың теңге; Бюджеттік несиелер - 57 123,0 мың теңге; Бюджеттік несиелерді өтеу - 7 356,0 мың теңге; жалдың басына қалдық - 5 693,0 мың теңге. Түсімдердің барлығы: 2 579 399,5 мың теңге. "2020 жылға дейін өңірлерді дамыту" бағдарламасы бойынша Палатцы ауылындағы Совхозная көшесі бойынша 10 тірек жарықтандырылды. "Батраков" шаруа қожалығы 7 млн 500 мың теңге қаражатқа "Палатцы-Қаракөл" жолына құм-қиыршықтас қоспасын төгіп, тас төсеу және құламалар орнату сынды ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Палатцы ауылында ауылдық клуб ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары басталды: шатыры жабылып, 20 дана пластикалық терезе орнатылды.
Есептегі жылы Подгорное ауылының мектеп, клуб ғимаратының алдында брусчатка төселді, көкөніс өсіру және халыққа сату үшін жылыжай салынып, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін блоктік-модульдік станция орнатылды. Қаракөл ауылында ауыз су көзін іздеу бойынша геологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. Подгорное ауылдық клубының фойесіндегі еден жабынын ауыстыру, сырлау және актеу бойынша ішінара жөндеу жүргізілді.
Самар коммуналдық шаруашылық техникасының көмегімен жартылай бүлінген иесіз ғимараттар, үй құрылыс қалдықтары шығарылды. Жолды ірі фракциялы құм-қиыршықтас қоспасымен, одан әрі жобалау бойынша Совхозная, Рабочая көшелері бойында фронтальды тиегішпен ұсақ қиыршықтас төсеу жұмыстары жүргізілді. Ауа райы жағдайына байланысты жоғарыда көрсетілген жұмыстар соңына дейін аяқталмағандықтан, ағымдағы жылы жалғасатын болады. Сондай-ақ, Палатцы, Подгорное ауылдарында көше жарығын орнату аяқталады деп жоспарлануда. Палатцы ауылында шағын футбол алаңы мен хоккей қорабын орнату, ауылға дейінгі 12 шақырым жолды орташа жөндеу де осы жылдың еншісінде қалып отыр.
Есеп беру баяндамасының тақырыбын жалғастыра отырып, аудан әкімі ауыл шаруашылығы саласында нақты жұмыс-тар жүргізілгенін атап өтті. Палатцы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу негізгі мектептің фойесінде өтті. Кездесу орнының суық әрі қолайсыз атмосферасы Асхат Сайдахметұлы атап өткендей, қатысушылардың "депрессивті" жағдай туғызды.
- Көріп отырғанымдай, мектепте тір-шілік ету тәсілі байқалмайды. Қаражат бөлінгеніне қарамастан мектеп ұжымы терезелер мен есіктердің қыс мезгіліне дайындығын бақылаудан өткізбеген, - деп түйіндеді аудан әкімі.
Өткен жыл есебіндегі тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі сол қалпында ағымдағы жылға қалып отыр.
- Палатцы ауылы таза ауыз сумен қамтамасыз етілген ауылдар рейтингте тұр, өйткені сіздерде су құбыры жүргізілген. Бірақ ол жыл өткен сайын тозып, жарамсыз бола бастады. Үкімет су құбыры желілерін қайта құруға қаражат бөлмейді, сондықтан бұл мәселе менің жеке бақылауымда қалып отыр және басқа да шешу жолдарын іздестіретін боламыз, - деп түсіндірді Асхат Сайдахметұлы.
Кездесу барысында тұрғындар жазғы жайылым кезінде қолайсыздық тудыратын иесіз жануарлар, көшелерді жарық-тандыру, Палатцы-Самар маршруттық қозғалысының ашылуы, округ әкімінің жұмысына наразылық, ұялы байланыстың жоқтығы, Интернеттің нашар жұмысы мәселелерін көтерді.
Халық келтірген мәліметке жауап ретінде құқық қорғау органдарының өкілдері жаңа жылдан бастап өз малдарын ұйымдасқан кезекке жіберуден жалтарған тұрғындарды жауапкершілікке тарту бойынша Әкімшілік кодекстің кейбір тармақтары өзгергенін атап өтті Енді учаскелік инспекторлар жайылымдық кезекке малдарын жіберуге немқұрайлық танытқан адамдарға әкімшілік айыппұл салуға құқылы.
Кездесуде көтерілген бірқатар мәсе-лелер бойынша нақты шешімдер қа-былданды, басқа да ескертулер мен ұсыныстарды алдағы уақытта іске асыру мақсатында бақылауға алынды

Айқын міндет - табысқа жол
Миролюбовка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Жасыбай Ерсайынұлы Жулудинов есепті кезеңде атқарылатын қызметтің негізгі аспектілерін атап өтті.
Жалпы, жоспарланған іс-шаралардың әлеуметтік бағыты бар. Атап айтсақ, ауылдарды, мекемелерді абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау. Раздольное ауылының клубына жартылай жөндеу жүргізілді. Осы жылы Миролюбовка ауылында мешіт құрылысы басталды. Миролюбовка орта мектебі абаттандырылды, брусчатка төселіп, гүлзарлар, жасыл желектер отырғызылды. Асламов, Лесная көшелері жарықтандырылды. Ауылдарды абаттандыру, қоқыстан тазалау жұмыстарына тұрғындардың өздері де белсенді қатысады. 2020 жылға бау-бақшаларды суару үшін су өткізетін жыраларды жаңарту, арықтарды қоқыстан тазарту жоспарлануда.
Миролюбовка ауылындағы Мәдениет үйі аудан әкімінің есеп беру кездесуінде халыққа толы болды.
– Сіздердің берекелі ауылдарыңыздың бұнда болған әрбір жанды өзін баурап алады, ал тұрғындардың да қандай мейірбан, ашық-жарқын екенін көрдім, - деді Асхат Сайдахметұлы. - 2019 жыл нәтижелі және табысты жыл болды. Рейтинг қорытындысы бойынша біз көшбасшылар үштігінде болатынымызға үміттенеміз. Ірі және ұсақ мүйізді мал басының айтарлықтай өсуі байқалады, асыл тұқымды малдың 1.5 мың басқа өсуі бар. Инвестиция көлемі, егіс алқабы 10 мың гектарға ұлғайтылды. Тұрғын үйді пайдалануға беру екі есеге артты. Ауыз сумен қамтамасыз етілуі бойынша облыс рейтингінде Көкпекті ауданы екі жыл бұрын 19 орында болған. 2018 жылдан бастап Көкпекті және Самар ауылдарында су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуді. 2019 жылы 12 шағын елді мекенде блоктік-модульдік станцияларды орнату әрекеті орындалды. Биыл сіздердің ауылдарыңызда, келесі жылы Раздольное ауылында су құбыры желілерінің құрылысы басталады.
Осы жағдайды пайдалана отырып, мердігерлерді сіздердің техниканы бөлу, олардың қуатын толық пайдалану сынды ішкі жұмыстарыңызға, назар аударту қажет. Осы инвесторларды тартуға Көкпекті ауылдық округінің әкімі Қ.Алғазинов жақсы жұмыс істеді. Сондай-ақ, құрылыс нысанын тапсырғаннан кейін су құбыры желілеріне қызмет көрсету үшін жұмыс орындарын сақтауды да айта кету керек. Жаз мезгілінің қсқа ғана мерзімінде атқарылатын жұмыстар өте көп. Және ең алдымен, табыс әкелетін нақты істерді жасауға тырысу керек.
Бұдан әрі тұрғындар Миролюбовка ауылындағы кейбір көшелердің атын қазақшалау, Раздольное ауылына дейінгі жол бөлігін жөндеу, тұйық көшелерді жарықтандыру, арканы жаңарту, балалар алаңын салу бойынша сұрақтар қойды.
Барлық сұрақтар бойынша тиісті жауаптар берілді. Аудан басшысының айтуынша, кез келген нысанды салу кезінде ауыл әкіміне өтініш беру, есеп жүргізу қажет. – Балалар алаңын салуға қаражат бөлуге уәде беремін, бұл үшін есеп талап етіледі, - деп атап өтті Асхат Сайдахметұлы.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз