Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы 2019 жылғы 25 желтоқсан күні Көкпекті мәдениет үйінде Жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шара өткізді. Мерекелік кешке орталық қызметкерлері мен қызмет алушылар және ата-аналар қатысты. Олар Аяз ата мен Ақшарды шақырып, шырша отын жағып, ертегі кейіпкерлерімен бірге әр түрлі ойындар ойнап, Жаңа жылға арналған керемет өлең шумақтарын, ән және билерін ортаға салды. Аяз ата мен Ақшақар, ескі жыл мен жаңа жыл иелерін сомдаған кейіпкерлер мерекелік шырша жанында балаларға шат көңіл, таусылмас қызық сыйлады.


Мерекеде аудан әкімінің орынбасары Ж.Майкенев, Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Н.Сүлейменов және «Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» директоры Р.Баймолдина балаларға жылы лебіздерін білдіріп, құттықтау сөздерін сөйледі. Көңілді ырғақ, әсем әуен аясында қызмет алушыларға жаңа жылға арналған сыйлықтар берілді.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз