Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

23 желтоқсан күні аудан әкімі Асхат Сайдахметұлының қатысуымен аудандық мәслихаттың 43 сессиясы болып өтті.  Сессияда 3 мәселе қаралды. Мәслихат сессиясында аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, аудандық бөлімдер және бюджеттік мекемелердің басшылары, ауыл әкімдері қатысты.

Бірінші мәселе бойынша экономика бөлімінің басшысы Азамат Мәкенов 2020-2022 жылдарға арналған Көкпекті ауданының бюджеті туралы баяндап берді. Ал, екінші мәселе бойынша мінбеге шыққан аудандық маслихат хатшысы Талғат Сарманов 2019 жылы депутаттық корпусының атқарған жұмысы туралы есеп берді.


- Қазақстан Республикасының «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының негізінде бүгінде жұмыстың жылдық қортындысы шығарылуда.Бұл кезең ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға бағытталды. Аудандық мәслихат депутаттарының сайлауалды бағдарламасының сараптамасы бойынша, алдағы уақытта да бұрынғыша басымды мәселе әлеуметтік бағыт болып қала береді. Олар: медициналық қызмет көрсету сапасы, білім беру, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық сапасын жақсарту болып табылады. Бөлім басшыларына депутаттық сұраныс жасау арқылы жергілікті басқару органдарымен бірлесе жұмыс істей отырып өз сайлаушыларының мәселелерін шешуде депутаттар бар күш-жігерін салады.
Мен, мәслихат депутаттары атынан өзіміздің күш-жігеріміз бен білімімізді алдымызда тұрған міндеттерді орындай отыра, ауданымыздың гүлденуі жолында жүзеге асырамыз деп сендіремін.
Шын жүрегімнен барлық шақырылым депутаттарын атаулы күн- өкілетті органның 25 жылдығымен құттықтаймын! Барлық шақырылым депутаттарына ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін алғысымды білдіремін! Барлықтарыңызға мықты денсаулық, отбасылық береке-бірлік, шығармашылық табыс және егеменді Қазақстан игілігі үшін жемісті еңбек тілеймін!, - деді.
Баяндамадан соң маслихат хатшысы Талғат Манапұлы аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы мен маслихат депутатарына мерейтойлық медальдар табыстады.
Осындай қуаншыты сәттен соң жиын жабық деп жарияланды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз