Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауылында халықтың әл-ауқатын арттыру мен аудан экономикасын нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып, экономикалық көрсеткіштер өскен. Ауылда әлеуметтік нысандар салынып, қаймана халық бұл күнде игілігін көруде. Дамудың даңғыл жолына түскен ауылда мұнан да өзге ауыз толтырып айтарлық жетістік көп. Бұл жөнінде Көкпекті ауылдық округінің әкімі Қайрат Алғазыұлы баяндап берді. 

Ауылдық округтің әкімі Қайрат Алғазыұлы сөзін ауылдың қазіргі тыныс-тіршілігінен бастады. Бұдан кейін әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, өткен жылы қолға алынған бірқатар маңызды шаруалар мен атқарылған жұмыстар жайлы айтып берді.
- Мәселен, соңғы 6 ай көлемінде аудан орталығы Көкпекті ауылы көз тартарлықтай өзгеріп кетті. Көкпекті ауылында 3 саябақ салынып, Заречка кентінде жолдар мен көшелер жөнделді.


Көкпекті ауылындағы Горная көшесінде саябақты абаттандыру (брусчатка (қырлы кеспе), субұрқақ, орындықтар, жарықтандыру шамдары, қоқыс жәшіктері, қоршаулар орнату, көгалдар мен жасыл желектерді отырғызуға жалпы соммасы 10,0 млн.теңгеге мердігер «Слота Богдан» ЖШС жұмыс атқарса, ал Заречке паркін абаттандыру (брусчатка (қырлы кеспе), субұрқақ, орындықтар, жарықтандыру шамдары, қоқыс жәшіктері, қоршаулар орнату, көгалдар мен жасыл желектерді отырғызуға жалпы соммасы 58,0 млн. теңге қаражат жұмсалып, «Көкпекті» ШЖҚ КМК мердігер болды. Мәдениет үйі алдындағы алаңды абаттандыру, брусчатка, орындықтар, жарықтандыру шамдарын, қоқыс жәшіктері, қоршаулар орнату, көгалдар мен жасыл желектерді отырғызуға 40,0 млн. теңге қаражат жұмсалды. Сонымен қатар, Абылай мен Абай көшелеріне жаяу жүргіншілер жолына брусчатка төселді, - деді Қайрат Алғазыұлы.
- Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы арқалаған міндеттер ауқымды. Тұрмыс билеген сананы рухани жаңғырту, рухани байлықты материалдық дүниеден жоғары қоюдың артықшылығын айтып жатудың өзі артық сияқты. Мақаланың өзге Жолдаудан өзектілігі, өзгешелігі осында жатса керек. «Айтылған өзекті тақырыптар бойынша сіздерде нендей жұмыстар атқарылуда?» - деген сауалымызға ауыл әкімі былай деді:
- Рухани жаңғыру ісінде тыныштық кезеңіне жол бермеу өте маңызды. Өйткені кез келген істің нәтижелі болмағы санадағы салмаққа байланыс-ты. Яғни Елбасы атап өткендей рухани жаңғыру мәселесі бәрінен бұрын жүруі тиіс. Ал рухани жаңғырудың табысты жүзеге асуы мына бәрімізге тікелей байланысты. Негізінен ұлттық құндылықтарды ұлықтап сол негізде тірлік кешіп жатқан ауылдар болғандықтан округі-мізде салт-дәстүрге, ұлттық болмыс-бітімге байланысты шаралар жиі өтеді.
Осынау кезде тұрғындар бір сәт болсын күнделікті күйбең тірлікті ұмытып, рухани жағынан байып қалатындығы бар. Аталмыш шаралар ағайынның ауызбіршілігін арттырып, ырысымызды еселейтіндігі дау тудырмайды. Мұның барлығы сана сілкінуі, рух жаңғыруы емес пе?! Жарияламай жақсылық жасап жүрген жандар қаншама. Әр қиырда еңбек етіп жүрсе де жыл сайын туған өңірге бір рет ат ізін салып өзінің жүрек жылуымен бөлісіп жүрген осындай азаматтарымыз аман болсын. Осы тұста Елбасымыздың мына бір тағылымды тәмсілі тілге оралады. «Бүгінде әр қазақстандық өзді-өзінен елімізге жақсы болып, біздің Отанымыздың дәулеті артуы үшін мен не істедім деп сұрауы керек. Егер әр азамат осылай пайымдайтын болса, бүкіл еліміз өзінің дамуына қарқын қосарына менің сенімім мол». Менің бұған қосарым жоқ, - деп ойын түйіндеді.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз