Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен аптада облыс әкімі Б.М.Сапарбаев аймақтың азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді. Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңыздағы тоғыз азық-түлік тауарларынан жетеуі бойынша қамтамасыз етілу дәрежесі жүз пайыздан асады.

 

Бердібек Мәшбекұлы барлық деңгейдегі әкімдердің басымдығы ретінде, бағынышты өңірлердегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инфляцияны тежеу бойынша жұмыстарды анықтады.

Облыс әкімінің тапсырмасын орындай келе, аудан әкімі ауылдық округ әкімдеріне, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімдері үшін бірқатар бағыттарды белгіледі және аса қажетті азық-түліктер бағаларын ұстау бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Жеке кәсіпкерлік туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекемелер саудадағы үстеме ақылар мен шектеулі бағаларды қоюға құқы бар. Осының барлығы тұрғын халық инфляциялық үдерістерден зиян шекпеу үшін жасалуда. Бұл үшін Үкіметпен тұтыну себетін құрайтын азық-түліктің негізгі түрлерінің тізімі анықталған. Осы тізімдегі азық-түлік тағамдарының 35 түрі жеткілікті мөлшерде ауданымызда өндіріледі.

Аудан әкімінің бастамасы бойынша, ірі агроқұрылымдар басшыларының қолдауымен азықтық дән, көкөністен мен картоптың қоры жинақталған уақытша тұрақтандыру қоры жасалған. Ауа райының қолайсыздығынан өнімділіктің аз болғанына қарамастан, аудан халқы азықтық дәнді дақылдармен толық қамтамасыз етілетінін айта кету керек.

-Дәндік қор жасалған, жиналған астық көлемі аудан тұрғындарын нанмен қамтамасыз етуге келесі жылғы өнімді жинағанға дейін жеткілікті, - деді аудан әкімі. –Енді ауылдық округ әкімдерінің алдында тұрған міндет - көкөністер мен картоп өнімдерін ұзақ уақытқа сақтауға арналған қоймалар салу жұмысын ұйымдастыру. Біздің көкөніс өсірушілер жаман өнім жинаған жоқ. Жақында Көкпекті ауылында үлкен екі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Құрбан айт қарсаңында Самар ауылында жәрмеңке өткізу жоспарлануда. Бұл ауыл тұрғындарына қысқа қажетті қор жинауға мүмкіндік береді. Ал қалған өнімдерді сақтау үшін қоймалар қажет, - деп баса көңіл бөлді Дүйсенғазы Мағауяұлы.

Ол кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімдеріне және ауылдық округ әкімдеріне тұрғын халықпен кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, барлық округтерде жәрмеңке өткізуді тапсырды. Аудан әкімі көкөністер және картоп өсірумен шұғылданатын шаруа қожалықтары басшыларымен меморандумдар жасауға ерекше көңіл бөлді.

Жүзеге асырылып жатқан «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», «Жайлау», «Сыбаға», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалар мал шаруашылығын, құс шаруашылығын, бау-бақша шаруашылығын дамытуға мүмкіндік беруде. –Сондықтан да өз өнімдерін аудан базарына шығару қажеттігі туралы несие алған азаматтармен жұмыс жүргізу керек, - деді аудан әкімі.

Ол ауыл әкімдері мен аталмыш бөлім басшыларына көкөніс қоймаларын салу жұмыстарын ұйымдастыруды, әр отбасы көкөністер мен картопты күзде, бағаның арзан кезінде дайындауы керектігі туралы тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Надежда ШАРОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз