Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, Аграрлық комитеттің төрағасы Сергей Викторович Плотников ауданда болып қайтты. Жұмыс барысында ол етті мал шщаруашылығын дамыту бойынша ірі инновациялық жобаны жүзеге асырып жатқан «Елім-ай- Көкпекті» ЖШС-де болды және аудандық маслихат депутаттарымен кездесті.

«Елім-ай- Көкпекті» ЖШС басшысы Б.Бекбердинов сенаторды жобаны жүзеге асыру барысымен таныстырды. Олар құрылысы жүргізіліп жатқан репродукторда болып, бордақылау алаңындағы малдарды көрді. Болат Миғрашұлы етті мал шаруашылығын және осы саланы экспортқа бағыттауды дамыту туралы айта келе, шешімін таппаған мәселелерге тоқталып, оларды шешу жолдарын ұсынды. Биылғы құрғақшылық ауа райы біздің аудан үшін өнімнің шығымсыз жылы болды. Жаңбырдың болмауы қуаңшылыққа әкеп соғып, нәтижесінде өнімді де жоғалттық. Егін себілген алқаптардың белгілі бір бөлігі шығысқа шығарылды. Осы тақырыпқа сөз қозғай келе, Б.Бекбердинов бүгінгі күнге дейін мәселені реттейтін нақты заңнама негіздерінің жоқтығын атап өтті.
-Барлық сақтандыру компаниялары құрғақшылықтан өнімнің болмайтының сезіп, мамыр айында жоғалып кетті, - дейді ол.
Сонымен бірге, бизнесмен мал басын асылдандырғысы келген шаруашылықтар шет елден әкелгенше, асыл тұқымды мал шаруашылықтарынан сатып алу арқылы несиелерді жабуға болатыны жөнінде ұсынысын білдірді.

Сергей Викторович бұл ұсынысты ескеріп, облыс деңгейінде талқылауды және сәйкес ұсыныстар енгізуді талдау қажет деп тапты.
Б.Бекбердинов С.Плотниковпен әңгіме барысында ҚазАгроФинанс арқылы жобаны қаржыландыру және құрғақшылықтан өнімнің аздығына байланысты несие мерзімін ұзарту туралы мәселе көтерді. Сенаторға бордақылау алаңындағы Ангус және Қазақтың ақ бас тұқымды ірі қара малдары көрсетілді. Сенат депутатының назарынан әлеуметтік сала нысандары да тыс қалмады. Сергей Викторович Көкжайық тірек елді мекенінің кітапханасында болып, мұнда келген әдебиеттердің соның ішінде, мемлекеттік тілдегі кітаптардың түсуі, оқырмандардың қызығушылығын сұрастырды.
Ол кітапханаға өзінің «Закон сохранения доверия» кітабын ұсынды. Оның бетінде облыста және республика көлемінде болған әр түрлі оқиғалар туралы әңгімеленеді.
Сергей Викторович дәрігерлік амбулаторияға барып, медициналық қызметкерлермен әңгімелесті. Ол денсаулық сақтау саласы Елбасының үнемі ерекше назарында екенін, амбулаторияның жақсы жабдықталғанын және жұмысқа қолайлы жағдай бар екенін айтты. ҚР Парламент Сенатының депутаттарының сайлауы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Үкімімен 2014 жыл 1 қазаны болып белгіленген. Бұл күні С.Плотниковтың аудандық мәслихат депутаттарымен кездесуі өтті. Депутаттыққа үміткердің сенімді тұлғасы, орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Р.Сафиоллинова 2008 жылдың 4 қазанында Шығыс Қазақстан облысынан Парламент Сенаты депутаттығына сайланған және тағы да кезекті мерзімге сайлауға түсіп отырған Сергей Викторовичтің еңбек жолы және депутаттық қызметімен таныстырып өтті.
Еліміздің жоғары заңнамалық органындағы жоғарғы палатада отырған халықтың таңдаулы тұлғасы ретінде С.Плотников өзінің заңшығарушылық жұмысы жайлы қысқаша таныстырып өтті. Сергей Викторович өткен мерзім ішіндебасқа да депутаттар секілді заңнамалық актілер жобаларын әзірлеу және зерттеу жұмыстарында белсенділік танытты. Үш жыл ішінде аграрлық және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша комитеттің мүшесі болды. Соңынан ол бюджет және қаржылық жоспарлау бойынша комитетке ауыстырылды.
Біздің таңдаулымызға ел Парламенті Палатасының екі отырысында ел бюджетін іс жүзіне асыру және бақылаудың орындалуы туралы есепті баяндама жасау мәртебесі сеніп тапсырылды. Жуықта Сергей Викторовичті табиғатты пайдалану және ауыл шаруашылық аумақтарын дамыту, аграрлық мәселелер бойынша комитеттің төрағасы болып сайланды.
Есеп беру кезеңінде Сенат депутатының атына жеке және заңды тұлғалардан 514 өтініштер түсті. Олардың 280-і шешілу және орындалу үшін мемлекеттік және оларға қарасты органдарға жіберілді. Барлығы Қазақстан Республикасының Премьер-министріне және әртүрлі бағдарлардағы министрліктер мен ведомстволарға, жоғары палата отырыстарына 58 депутаттық сауалдар әзірленді және жарияланды. Әрбір жағдай бойынша жауаптар берілді, тиісті шешімдер қабылданды. Негізгі мәселелр Шығыс қазақстан өңіріне қатысты болды. Олардың ішінде елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, жолдар мен көпірлерді жөндеу, әлеуметтік нысандар салу. Семей қаласын жылумен қамту және қайта жөндеу, күрделі жөндеу бойынша шешімі қиын мәселелер шешілді. Сергей Викторович 165 заң жобаларын, екі Кодексті, 22 заңнамаларды, 66 нормативті-құқықтық актілерге толықтырулар мен өзгертулер қабылдауда, 75 халықаралық келісімшарттарды бекітуді әзір-леуде тікелей қатысты.
Сергей Плотниковтың Курчатов қаласының ғылыми әлеуетін дамыту бойынша депутатық сұрауына сәйкес «ғылым қаласы туралы» заң жобасы қабылданды. Бұл осы қалада ғылыми кадрларды шоғырландыруға, инф-рақұрылымдарды, ғылыми –инновациялық кластерді құруға мүмкіндік берер еді. Сондықтан да жуық арада алғашқы рет біздің елде атом электростанциясының құрылысы салынбақшы. Бұл электрқуатының үнемі үдеп отыратын (1.5 миллиардқа) тапшылығы мәселесін шешуге ықпал етеді. Халық таңдаулысының араласуының арқасында Глубокое, Большенарым аудандарының бірқатар жалпы білім беретін орындары қаржылай көмек алды. Жарма, Глубокое, Тарбағатай аудандарында қосымша 6 мектеп салынатын болады.
Сергей Викторовичтің айтуынша, жоғарғы заң органдарының депутаттары кейбір маңызды мәселелермен Премьер-министрдің қабылдауына кіре алады.Алдын ала мәселені шешуді облыс әкімі Б.Сапарбаевпен келісе отырып, осындай мүмкіндікті пайдаланды. Оның қолдауының арқасында облыс орталығында КШТ экологиялық жағынан таза ауданында салынып жатқан тұрғын үй құрылысы аяқталу үстінде. Облыстық Қазақ драматургиялық теа-тры, Үлбі өзені үстіндегі көпір пайдалануға берілді. Сондай-ақ, бүкіл облыс аумағын газбен қамту мәселесі көтерілді. Әзірге бұл мәселе шешілмегенмен, осы бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.
-Халық таңдаулысы болу - бұл тек олардың сенімінен шығу ғана емес, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына түбегейлі әсер ететін заңдар мен шешімдерді қабылдаудағы үлкен жауапкершілік. Депутаттардың басты міндеті – халықтың тұрмыс-жағдайын жақсарту, қауіпсіз мемлекеттің заңнамалық іргетасын құру, - деді өз сөзін қорытындылай келе Сергей Викторович.
Аудандық мәслихаттың депутаты С.Жота-баев аудан жолдарын жөндеу мәсе-лелерін көтерді. Қ.Садықов қазіргі кездегі мемлекет тарапынан жасалып жатқан мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығына субсидиялар мен қолдаулардың оңтайлы динамикасын баса көрсетіп, ауыл шаруашылық саласындағы жұмысшы кадрлар мәселесін алға тартты. А.Қажығалиев мал шаруашылығы өнімдерін өткізу мен қайта өңдеу мәселесін көтерді. Оның айтуынша, аталмыш мәселе аграрлық сектордың дамуын тежеуде. Қойылған сауалдарға Сергей Викторович бірден жауап берді.
- Сіздердің аудандарыңызда жуық арада ірі «Елім-ай-Көкпекті» жобасы қолданысқа енеді.
Аягөз ауданында қой шаруашылығын дамыту бойынша араб серіктестерімен бірлесе жүзеге асырылып жатқан инновациялық жобасы бастауын алды. Бұл жоба жақында орналасқан төрт ауданды қамтиды. Сондай-ақ, облыста 15 жыл қатарынан «Кожмех-объединения» жобасы әрең дегенде жүзеге асуда. Егер ол іске қосылса, бүкіл облысқа мультипликативтік нәтиже береді. 150 жұмыс орындары ашылады. Мұнда шикізатты өңдеудің кешенді мәселесі шешіледі. Осы үш жоба күшіне енгенде ауылшаруашылық, малшаруашылық өнімдерін өткізу бойынша көтерілген мәселелер шешімін табады, - деді Сергей Викторович.
Кездесу соңында депутаттар Е.Сихварт пен К.Қожаева ҚР Парламент Сенатының депутатына үміткерге жүздесу ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, сайлауда сәттілік және жұмыста табыс тіледі.

Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз