Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімінің тапсырмасымен өткізілген бұл шара Көкпекті жұртшылығына сұ-ранысқа ие тауарларды ың-ғайлы, қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік жасап, қамбаларын қап-қап картоп пен орамжапырақ, мал азығына арналған дәнді дақылдар қалдығымен тол-тыруға мүмкіндік жасады. Жәрмеңкеге ауданның бар-лық округтерінің әкімдері ұйымдастырып әкелген шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер мен жеке сектордағы азаматтар ауылшаруашылық тауарларын жайып салды.

Қыс қыр астында. Ауда-нымыздың әр тұрғынын тол-ғандырған азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі, міне екінші айдың жүзі жергілікті биліктің назарында. Көкпекті ауылында 13 қыркүйек күні өткен жәрмеңкеде ауыл тұрғындарын алдын ала жарнамаланған бағалар қатты қызықтырғаны рас. Шынында да бұл күні көпшіліктің айтуынша, жәрмеңкеден кө-көністер  мен картопты базар бағасынан әлдеқайда арзанға алу мүмкіндігі болды. Бұл аудан басшыларының инфляцияны құрықтау бойынша дер кезіндегі және аса керекті шарасы. Бұл аудан халқына деген қамқорлық, олардың қыс маусымына қор жинап, одан қымбатшылықтың құрсауына ілінбей, оңай шығуына мүмкіндік береді

 

Байлық пен берекенің жаршысы болатын күздің алғашқы айы жәрмеңкелердің нағыз қызатын кезеңі. Күз мезгілі жыл бойы төкккен маңдай тердің ақталатын кезі, халық молшылық пен тоқшылыққа кенелетін уақыт. Бұл маусымда қырманға алтын дән таудай болып үйіледі, жеміс-жидек пісіп, төрт түлік малдар да қоң жинайды. Осындай берекелі де мерекелі күзгі жәрмеңке - қамбасын көкөністердің түр-түріне толтырған ауыл тұрғындарын молшылыққа кенелтіп-ақ тастады.

Аудандық Мәдениет үйінің алаңы мен оның маңайы ауылдық округтерден ертерек келіп, ала жаздай бел көтермей, адал еңбекпен өсіріп баптаған бау-бақша көкөністерін және малға, құстарға беретін арпа мен бидай қалдықтарын, қой, сиыр, жылқы етін, тіпті, тірі қойлар мен қаз-үйрек, тауықтарын да саудаға салуға келгендердің абыр-сабырына толып кетіпті. Аудан басшысы айтқан базарды өнімдермен толтыру міндеті бүгінгі күні шынында да іс жүзіне асты десе болады.

Бірін–бірі көптен көрмеген үлкен-кіші, дос-жаран, таныс-туыстар қауқылдасып, аман-саулық сұрасуда. Жұрт мәре-сәре. Әсем безендірілген жазғы сахна төрінен музыка әуені естілсе, екінші бір жақта сауда қыза түсуде. Тағы бір жерде шоққа пісіп жатқан кәуаптың иісі танауды жарады. Осының барлығы қосылып, адамдарға ашық жарқын, мерекелік көңіл-күй сыйлап, шаттыққа бөлеуде. Ауылдың ардақты қариялары мен әртүрлі жастағы ауыл тұрғындары, жас мамандар және кәсіпкерлерден бүгінгі болып жатқан кең ауқымдағы жәрмеңке туралы ой-пікірлерін, ұсыныстарын білдік.

Біздің назарымыз ең бірінші Көкжайық ауылдық округінен «Елім-ай» ЖШС (Б.Бекбердинов) және «Талап» ШҚ (Ж.Күшікпаев) әкелінген үш ірі қараның етін келісін 900 теңгеден сатқан жерде кезекке тұрып, қаз-қатар тізілген адамдар нөпіріне түсті.

-Екі ірі қараның еті 900 теңгеден санаулы минуттарда-ақ сатылып кетті, - деді Болат Миғражұлы. Егер сұраныстың жоғары болатынын білсек, бұдан да көбірек әкелер едік. Бұл шаруашылықтан әкелінген 5 тонна жем де өз тұтынушыларын тапты.

-Бүгінгі жәрмеңкеге біз арзандатылған өнімдер әкелдік. Мемлекет аграрлық секторға үлкен көмек пен қолдау жасап отыр. Мемлекеттік бағдар-ламалардың арқасында біз инновациялық дамуға мүмкіндік алдық. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі біз үшін бос сөз емес, нақты  шындық. Бүгінгі өтіп жатқан шарада ауыл тұрғындарының көпшілігі өздеріне қажетті қыстың қорын жинап алды деген сенімдемін, - дейді «Талап» ШҚ басшысы Жұмабек Күшікпаев.

Мұрат Жақыпов, жәрмеңкеге ерте келгендердің бірі, Көкпекті ауылдық округінің, Ұзынбұлақ ауылынан «Арна» шаруа қожалығының басшысы:

-Аудан әкімі Дүйсенғазы Мағауяұлының бүгінгі таңдағы басымдықтардың бірі ретінде азық-түлік қауіпсіздігін алға қойып отырғаны, осыған орай шұғыл тапсырма беріп, аудан орталығындағы халықтың әлсіз топтарын арзан өніммен қамтамасыз етуге бағыттағаны аса құптарлық жайт. Көріп тұрғанымдай бүгінгі сауданың басты тұтынушылары зейнеткерлер сыңайлы. Өзіміздің көлігімізбен жеткізіп бергеніміз оларға, бір жағынан, өте тиімді және арзанға түседі. Бүгін осында 3 тонна бидай қалдығын келісі 25 теңге, яғни бір қап бидайды 1200 теңгеден өткізіп жатырмын. Халыққа бұл үлкен көмек деп ойлаймын.

«Дмитрий» ШҚ келген Ким Людмила Романовнаның қолынан жәшік-жәшік қыза-нақтарды жұрт таласа–тармаса алып жатты. Себебі, қызанақ бағасы базар бағасынан үш есе төмен. Бір сағаттың ішінде әкелінген өнімдерден түк қалмады. –Жәрмеңкеге келерде тауарымыз өтпей қала ма деген қорқыныш болғаны рас. Шынтуайтына келгенде, бізді жан жағымыздан тұтынушылар қаумалап, қызанақтарды 20-30 келіден талап алды. Мұны білгенде өнімдерді көбірек әкелер едік. Жәрмеңкеге барлығы 2,5 тонна қызанақ, 370 кг баклажан, 120 кг қызылша, 120 кг ашты бұрыш, 150 кг орамжапырақ, 350 кг қауын, 3 тонна қарбыз әкелдік. Әсіресе, 2 қап пісірілген және 10 қап шикі жүгері қолма - қол сатылды. Бұл кәдімгі салаттарға қосатын жоғары сұрыпты «Бондюэль» жүгерісі, жай ғана емес ерекше тауар. Оларды дүкендерден банкісін 200 теңгеден сатып алғанша, үнемшіл жандарға бір басын 50 теңгеден алып, қысқыға жауып алуына болады.

-Бал, саңырауқұлақ, қышқыл ұсақ алмалар, сүт, құрт, қаймақ, қияр, корей салаты, балғын және қақталған балықты көкпектіліктер тез арада алып кетті, - дейді Миролюбовка ауылдық округінің әкімі Гүлнар Асауп.

Ауданда кәсіпкер Ләззат Құдайбергенованың пісірген наны туралы жақсы пікірлер қалыптасқан. - Алғашқыда әкелген 20 бөлке нан, 20 багет, 20 тәтті тоқаш санаулы минутта сатылып кетті. Біз осындай жәрмеңкелердің тұрғындар үшін аса қажет екенін көрдік. Аудан әкімі Д.Мусин осы мәселеге баса назар аударып, бағаларды тежеуді үнемі бақылауында ұстайды, деп өз ойымен бөлісті кәсіпкер.

Самар ауылдық округінен келген көкөніс өсірушілер Мұса Тұрсын, Намоз Зульфиев, Құлынжон округінен Ольга Ким өз өнімдерін бірден автокөлік үстінен сатып жатты.

 

 

 

Олардың ассортиментінде қызанақ, орамжапырақ, қауын көп болды. Көкөністерді сатып алуға тізілген ұшы – қиыры жоқ кезекті көріп, бұрынғы бала кезіміздегі дүкендерде нан мен азық-түлік алуға кезекте тұратынымыз еске еріксіз түседі.

-Көкпектіліктер үшін біз 7 тонна орамжапырақ 50 теңгеден, 5 тонна картоп 60 теңгеден, 60 кг қызылша, 4 тонна сәбіз ұсындық. Тұрғындар біздің тауарды қап-қабымен алып жатыр, - деді Құлынжон округінен келген кәсіпкер Тоғай Зульфиев.

«Мәмбет» ШҚ-нан әкелінген нан және нан-тоқаш өнімдерін жарнамалаудың да қажеті жоқ. Өйткені, бағасы мен сапасы жағынан олар көкпектіліктерден оң бағасын алған. Жәрмеңкеге шаруашылықтан нан өнімдерінің 17 түрі әкеліп саудаланды. Сондай-ақ, олар 300 литр күнбағыс майы мен 600 келі бидай да алып келді. – Есенбек Мәмбетовтың пісірген нанының дәмі ерекше және турағанда үгітілмейді. Оның бағасы да жергілікті кәсіпкерлердікімен са-лыстырғанда көп арзан. 50 мен 70 санының арасында үлкен айырма бар. Мұның бәрі оның 90 шақырым қашықтықтан тасымалданатынына қарамастан. Есенбек Дәлелұлы нағыз азамат! Осындай халықтың жағдайын ойлайтын кәсіпкерлер көбірек болса нұр үстіне нұр болар еді. Кезекте тұрған адамдар оған мол табыс пен денсаулық тіледі.

Тассай округі - балыққа ең бай ауыл. Сондықтан ол жерден келген кәсіпкерлердің сөрелері де балықтың түр-түрі мен тартылған балық етіне сіресіп тұрды. Бұл жерде тұтынушылар да қаптап тұрды. Көкпектіде күнде балық сатып алу мүмкін емес және мұндай арзан бағадағы балықты таба алмайсыз. Жәрмеңкеде тассайлықтар көкпектіліктерді тауарлық сапасы және керемет дәмімен таңғалдыра жесеңіз тіл үйіретін гриль ұсынды.

Теректі ауылдық округі Көкпекті тұрғындарын қазақ халқының ұлттық тағамдары, тірі құстар, бау-бақшаларында өсірген көкөністерімен мәз-мейрам етті. «Теректі» ШҚ-нан әкелінген үш тонна дәнді дақыл қалдықтары тез өтіп кетті.

-Күзгі жәрмеңкелер – бұл ежелден келе жатқан дәстүр. Бүгінгі таңда ол жаңа сипатқа ие болды. Бірінші кезекте бүгінгі жәрмеңкені билік органдарының инфляцияны құрықтаудағы алдын-алу шаралары деп қарастыру керек. Екіншіден, жәрмеңке ауыл тұрғындарына қыс маусымына қажетті азық-түліктің қорын жинауға мүмкіндік береді. Ең бастысы – бұл көтеріңкі көңіл күй. Бүгін мұнда мерекелік концерт, музыка, мәдениет үйінің алаңында орналасқан шағын этноауыл көздің жауын алады. Мұнда елімізде тұратын ұлттардың өкілдері мен олардың салт-дәстүрлері, ән-билері көрсетіліп, ұлттық тағамдардың түр-түрі жайылған. Бүгінгі күні осы жерде әріптестермен кездескенімізге қуаныштымыз, - дейді Қанат Бидахметұлы.

Аудандық кәсіпкерлер Палатасы филиалының директоры Ә.Мұқашева бұл шарадан тыс қалмай, жерлестеріне аса қажетті өнім - пиязды 55 теңгеден ұсынды. Ал дүкендерде пияздың бағасы 100-120 теңгені құрап тұр. Енді санап көріңіз, тапқыр кәсіпкерлер біздің қалтамызды қалай қағатынын. Аудандық ауыл шаруашылық және ветеринария, кәсіпкерлік бөлімдерімен тағайындалған бағалардың өзгермеуін қадағалау үшін Әлия Орынбекқызы сөрелерді аралап, кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Биғаш ауылдық округінен келген Дариға Жақсыбаеваның қолдан пісірілген наны әп-сәтте өтіп кетті.

-Мен үнемі Дариға апайдың иісі бұрқыраған, қолдан піскен нанын, жұмыртқаларын, құрт-майы мен ірімшік, сүт, сүзбе, қаймағын сатып аламын, - деді көкпектілік Ж.Бейсебаева.

Жәрмеңкеде ұсақ малдар мен құстардың әр түрі тірідей сатылды. Биғаш ауылдық округінің әкімі Рауя Наурызбаеваның айтуынша, биғаштықтар 20 бас тоқты, 15 қаз, 10 тауық, 5 ірі қараның етін әкелген.

-Ауыл тұрғындары бүгінгі жәрмеңкеден ет және көкөніс өнімдерінің кең ассортиментін сатып ала алады. Біздің өңір негізінен ет өнімдерін әкелсе, Самар өңірінен кө-көністер көп келді. Сөйтіп, біз өзара сұранысқа ие  ауыл шаруашылық өнімдерімен ал-мастық, - деп өз пікірін білдірді Рауя Алпыспайқызы.

Қадылбек Рахымбаев, Көкпекті ауылының тұрғыны

-Қыркүйектің 8-і күні шарықтап кеткен азық-түлік, көкөніс бағаларына тойтарыс беру, оны тұрақтандыру мақсатында өткен шұғыл кеңесте аудан әкімі сенбі күні аудан орталығында халық үшін арзан өнімдер әкеліп, жәрмеңке өткізуді тапсырғанын аудан тынысының алғашқы бетінен оқыдым. «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген сөз осындай әрекеттерден шыққан шығар, сірә. Міне, соның нәтижесінде тиімді бағамен бидай қалдығын сатып алып, қыс қамын жасауға кірістім. Бүгін аудан тұрғындары мынадай игілікті шараны ұйымдастырушыларға дән риза болып, алғыстарын жаудыруда. Мен де өз отбасымның атынан осы істің басы-қасында жүрген аудан басшыларына үлкен алғысымды білдіремін.

Нұрмұханбет Ақшалов, Ұлы Отан соғысының арда-гері, 92 жаста:

-Ертеректе де осындай үлкен жәрмеңкелерде халық жиналып, шүйіркелесіп, саудасын жасап, сатушы да, сатып алушы да мәз болып, өз ұпайларын толтыратын. Бір жағынан түрлі ойын-сауықтар да қоса өтіп жататын. Қазіргі заманның жәрмеңкесі тіптен сән-салтанаты жарасып, жаңғыра, көркейе түсуде. Осыны көріп, көңілім марқайып қалды. Бүгін барлығы арзан бағамен сатылып жатыр екен. Тіпті, қойдың бағасы 15000 теңге дейді. Бұл сутегін деуге болады. Бала-шағаларымызға бірталай жеңілдік болды. Олардың атынан аудан басшысы Дүйсенғазы Мағауяұлы балама мың рахмет айтамын. Біздің басымыздан өткен «тар жол, тайғақ кешуді» ұрпақтарыма бермесін. Жәрмеңкеміз құтты болсын! Бастамасы жақсы, әрі қарай күз біткенше жалғаса берсін!

Шолпан Салдырғазина, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Көкпекті орта мектебі:

-Осындай кең ассорти-менттегі, халықтың күнделікті тұтынысындағы азық-түлік өнімдері сатылып тұратын                жәрмеңкелер өте керек. Аудан әкімшілігінің бағаларды ұстап тұрғаны, аудан тұрғындарының әлеуметтік тұрмыс-жағдайына деген қамқорлығы деп білемін. Қандай жақсы! Бүгін базарда бәрі мол. Еттің түр-түрі, бау-бақша көкөністері - бәрі әншейіндегі нарық бағасынан әлдеқайда арзан, қолжетімді бағалар. Біздің көңілімізден шықты. Ізгі шараны ұйымдастырушыларға – аудан басшыларына, ауылдық округ әкімшіліктеріне, оларды қолдап, бағаларды төмендетіп отырған шаруа қожалығы басшылары мен кәсіпкерлерге алғысымыз шексіз. Әр сенбіде осындай жәрмеңкелер өтіп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді.

М.Капчиков, Бастаушы ауылдық округінің әкімі:

-Бүгінгідей кең ауқымдағы игі шараға біздің округ те өз үлесін қосуда. Осында өз өнімдерімізді алып келдік. Атап кетер болсақ, 3 тонна арпа, 3 тонна бидай, 200 келі картоп, 200 келі орамжапырақ, 100 келі қызанақ, 50 келідей сәбіз, 2 қой 15000 теңге, 5 қаз 5000, 5 үйрек, 3000,  тауықтар 800, 210 жұмыртқа 15 теңгеден және 15 келі сары май 850 теңгеден, құрт-ірімшік сияқты таңсық тағамдар да бар. Бұл шараға ауыл кәсіпкерлері мен шаруашылықтар белсенділікпен үлестерін қосты. Қолдау білдіргендері үшін ауылдастарға көп рахмет. Жәрмеңкенің екі жаққа да пайдасы шаш етектен деп ойлаймын.

Сәуле Оспанова, кәсіпкер, Бастаушы ауылы:

-Барлық көкпектіліктерді бүгінгі мейраммен құт-тықтаймын! Осындай жәрмең-келердің жиі болып тұрғаны жақсы. Міне, арзан бағамен сатуға 2 қой әкелдім. Сары майды халық тез арада алып қойды. Тұтынушылардың арқасында кәсібімізді шыр айналдырып жүргендіктен, арасында осылай бағаларды тұрмысы орташа жандар үшін қолжетімді еткеннен ешкімнің дәулеті кеміп қалмас деген пікірдемін. Кәсіппен шұғылданамын деу-шілер мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болуда. Сондықтан, аудан әкімінің де бізге қойып отырған талабы орынды. Ал жерлестерімізге көмек қолын созу әрбір ауқатты адамның парызы екенін мойындау керек.

М.Шапиков, жеке кәсіпкер, Белое ауылдық округі:

-Жәрмеңке мерекесі бар-лығыңызға құтты болсын! Қарапайым тұрғындар үшін бұл үлкен қолдау болып табылады. Байқауымша, бір үлкен той болып жатқандай. Халық мәре-сәре. Аудандық Мәдениет үйінің әртістері мерекенің көрігін қыздырып, сұлу әндерімен көңілдің ажарын аша түсуде. Әсіресе, әжелер ансамблінің салған ойнақы әні қандай. Күлшекер қызымыздың даусы тым ерекше екен. Бүгін бәрі тауарларының құнын базар бағаларынан төмен ұстап отыр. Мен де картопты келісін 60 теңгеден сатып тұрмын. Халық бағасына риза болып, жақсы алып жатыр. Сондай-ақ, «Самар - Астық» ШҚ 10 тонна бидай мен арпа қалдықтарын қабын 1000 теңгеге ең арзан бағаға сатып жатыр. Тізілген кезекті көріп тұрғаныңыздай, жемнің өтімі де жақсы. Жәрмеңке жәрмеңкеге жалғаса берсін.

Мират Смағұлов, жеке меншік шаруа иесі, Көкпекті ауылы:

Жәрмеңке болатынын ес-тіп, мен де ауылдастарымды қолдамақ оймен базарға қасиетті түлік - жылқының 300 келі етін 1000 теңгеден сатуға қойдым. (базар бағасы келісіне 1300 теңге). Алам деушілер бері келсін. Халықтың жадыраңқы жүзінен бүгінгі бағалардың көп көңілінен шыққаны сезіледі. Кең байтақ Қазақстанда тұрып, тірлігін түзеп, түтінін түтетіп жүргені – Елбасының бастап берген бағыт-бағдары мен тәуелсіздіктің арқасы екенін ұғынған әр азаматтың өзіндік отансүйгіштік ұстанымы болуы қажет. Мен де өзімді сондай көзқарастағы азаматтың бірінен есептеймін. Халықтың қысқа даярлығына осындай сауда-саттық шаралары аса қажет. Жәрмеңке саудасы қыза берсін. Көкпектіліктерге береке-бірлік пен денсаулық тілеймін.

Гүлмайра Мұқатова, жеке кәсіпкер, зейнеткер, Үлкен-бөкен ауылы:

-Бүгін мен қазақ халқының ұлттық тағамдарын алып келдім. Бағалары қолжетімді. Зейнеткер болсам да бойымдағы күш-қуатымды пайдалы іске жұмсап, адамдарға қолғабыс етуді ұнатамын.

 

 

Міне, осылайша қайна-тылған құртты жіпке тізіп қойсаң, бір жағынан әдемі, екіншіден жақсы кебеді және ағзаға тигізетін пайдасы мол. Жәрмеңке құтты болсын!

Балжан Әубәкірова, бастауыш сынып мұғалімі, Көкпекті орта мектебі:

-Аудан орталығында өткі-зіліп жатқан бұл жәрмеңкеге барлығымыз атсалысып, қаты-сып жатырмыз. Мына қатарда елімізде бір отбасы баласындай тату-тәтті тіршілік етіп жатқан бірнеше ұлт өкілдерінің киімін киінген мекемелер мен ұйымдардың ұжымдары өзінше бір этноауыл құрып тұр. Бүгінгі жәрмеңке береке-бірлігі мен татулығы жарасқан Қазақстан халқының ынтымақтастығының белгісі. Сырттай бақылап қараған адамды көз алдында болып жатқан шаралар көңілге шаттық ұялататындай сезімге бөлейді. Өйткені, бір-бірімен риясыз көңілде қарым-қатынас жасаған түрлі ұлттардың өзара жарасымын ұғасыз.

Менің арманым – еліміздегі достықтың тамыры тереңге тартып, нығая берсе екен. Украинада болып жатқан келеңсіз жағдай адам жанын түршіктіреді. Біздің елде тыныштық, тұрақтылық жалғасып, көркейе, дами берсін. Жастар атынан айтарым, біз Елбасын әрқашан қолдаймыз. Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға бар күш-жігерімізді аямастан, үлесімізді қосамыз. Бүгінгі мереке баршаңызға құтты болсын!

Сәния Ғазизова, Ләззат Жұртпаева, зейнеткерлер:

-Аудан әкімі Дүйсенғазы Мағауяұлы аудан орталығында жақсы бір жарқын істі қалып-тастырды. Мына жәрмеңке өңіріміздегі молшылықты біл-дірсе, ол ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің өз қолымен өндірген сапалы өнімдері. Базармен салыстырғанда арзан. Ет, бал және көкөністерді шамамыз жеткенше алдық.

Ерте көктемнен қара күзге дейін бел жазбай тер төккен диқандар қауымына, халықтың қамын ойлап, осындай жәрмеңке ұйымдастырып, концерт беріп, ойын-сауық өткізіп жатқандары үшін аудан басшыларына зор алғысымызды білдіреміз.

М.Тлебалдина, зейнеткер:

Бұл жолғы жәрмеңке басқа жәрмеңкелерге қарағанда өзгеше өтуде. Мұнда қажетті тағамдарды базар бағасынан арзанға алып жатырмыз. Мәселен: базарда сиыр еті 1200 теңге болса, қазір 900 теңгеден тұр. Жұмыртқа базарда 20-25 теңге болса, мұнда 15 теңгеден алуға болады. Сөрелер алуан түрлі жеміске, Күршімнің дәмі тіл үйірер бал қауыны мен қарбызына лық толып тұр. Аудан жұртшылығын риза еткен кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына  алғысым шексіз, оларға келешекте молшылық пен табыс тілеймін.

Менташ Искаков, зейнеткер, Көкпекті ауылы:

Жәрмеңке өте жақсы ұйымдастырылған. Картоп, қырыққабат, пияз сияқты қысқа қажетті  өнімдерді жұртшылық қуана қап-қабымен алып жатыр. Сауда мәдениетіне де көп  мән берілген. Әрбір сауда орнында арнайы шатыр құрылған, өнімдер ашық-шашық жатқан жоқ. Сатушылар да сауда дүкендеріндегі сияқты арнайы киіммен тұр. Осының барлығы тұтынушыларға көрсетілген құрмет. Ауыл елге пайдасы мол игі бастама жалғасын табады деген ойдамын. Кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтардың халыққа көрсетіп жатқан осындай жәрдеміне ризамыз. Оларға ырыс-береке, толағай табыстар тілейміз.

Орталық алаң босап, жәрмеңке аяқталғанда кәсіпкер Л.Ким сатылмай қалған 300 кг орамжапырақты Қ.Раев атындағы балалар үйіне тегін берді. Балалар үйінің директоры Қ.Алтынбаев оған жасаған қамқорлығы үшін алғысын білдірді.

Жәрмеңкені аралап шық-қан аудан әкімі Д.Мусин атқа-рылған жұмыстарға оң баға беріп, осындай шаралар аудан-ның басқа округтерінде де ұйымдастырылуы тиіс екенін ескертті.

Миролюбовка, Құлынжон, Самар ауылдық округтерінің көкөніс өсірушілері туралы ерекше айту қажет. Бұл аймақтың өнімдері көкпектіліктердің үлкен сұранысына ие болды.

Аудан әкімі Дүйсенғазы Мағауяұлы дәл осы үш округке бау-бақша өнімдеріне бә-секелестік жасап, бағаны төмендету бойынша сенім артқан болатын. Аудан бас-шысының алға қойған мақсаты толығымен ақталды.

Бұл күні Теректі, Мариногорка, Қойгелді Аухадиев атындағы, Тассай  округтерінен жем және басқа да өнімдер әкелінді.

Жәрмеңкеге әкелінген және сатылған өнімдердің мони-торингін шұғыл жүргізген, баға саясатын қадағалаған үш жұмыс тобы қызмет атқарды. Олардың берген мәліметтері бойынша жәрмеңкеде 15 ауылдық округтерден кәсіпкерлер қатысты. Олар әртүрлі өнімдердің 30-дан астам түрін әкелді. Бұл күні 2,5 тонна ет, 700 кг бал, тоннадан артық балық, 3000-нан астам жұмыртқа, 300 кг сары май, 12 тоннаға жуық картоп, 11,5тонна орамжапырақ, 5,5 тонна қызанақ, 0,5 тонна қияр, 1,7 тонна сәбіз, 1 тонна қызылша, 3 тонна пияз, 26 тонна қарбыз, 600 кг тары саудаланды.

АЛДЫН-АЛА АЛЫНҒАН МӘЛІМЕТТЕР БОЙЫНША ҮШ САҒАТТЫҢ ІШІНДЕ 10 МИЛ-ЛИОНҒА ЖУЫҚ ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМДЕРІ САТЫЛДЫ.

 

Бақыт МҮЛІКОВА,

Сара ТЫНЫБАЕВА

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз