Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мемлекеттік билік пен халық арасындағы байланысты жүзеге асырушы жергілікті атқарушы органдардың бірі – аудандық әкімшілік. Аудан әкімінің тұрғындарды апта сайынғы қабылдауы халыққа көрсетілетін қызметтің бір түрі болып саналады.
Ағымдағы жылдың 6 мамыр күні, аудан әкімі Асхат Смаилов кезекті азаматтармен жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдау барысында көкпектіліктер жұмыспен қамту, ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, тұрғын үй кезегі, отбасылық жағдайлары мен әлеуметтік мәселелер және т.б. жәрдемдесуге қатысты сауалдарын қойып, ауданды дамыту бойынша өз ұсыныс-тілектерін білдірді.


Қабылдауға сегіз адам жазылып, екі адам Самар ауылдық округінен келген тұрғындар Ә.Құсайынов пен А.Кремер өз жеке бастарының мәселесімен аудан басшысының қабылдауында болды. Бүгінгі күнге көтерілген мәселелердің барлығы да әлеуметтік сипатта болды. А.Кремер үш баланың анасы. Қазіргі тұрып жатқан үйдің құжаттарының жоқтығынан атаулы әлеуметтік көмек алуға зиян келтіріп тұрғанын айта келе көмек сұрай келді. Ауыл тұрғынының жағдайына қаныққан Асхат Сайдахметұлы, жедел түрде бұл мәселе қаралып, тиісті көмек берілетінін айтып, жас ананың көңілін орнына түсірді. Қабылдауда Көкпекті ауылының тұрғыны жас ұстаз А.Бөкенбаева мемлекет тарапынан берілетін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша берілетін көмекті алу жөнінде және Көкжайық ауылынан келген көп балалы ана Г.Серғазинаның үй мәселесі, Көкпектілік Қ.Тыныбаев спорт залды жөндеу жұмысына көмек сұраса, зейнеткер Б.Зейноллина немересінің денсаулығына алаңдап дәрігерлердің көмектесу мәселесі бойынша сұрақтары қойылып, тиісінше аудан әкімі тарапынан тұшымды жауаптар берілді.
Ал, Комсомол ауылынан келген тұрғын К.Назарбекованың өтініші, қазіргі тұрып жатқан үйі ескі болғандықтан ауылда халық санының аздығынан Биғаштан үй сатып алуға көмек сұрап келді. Аудан басшысы жағдайды мұқият тыңдап, мемлекет тарапынан, жергілікті билік өкілдері тарапына бұл жағдайда көмек көрсете алмайтынын қадап айтты. Аудан әкімі барлық өтініштер мен ұсыныстарды мұқият тыңдап шығып, заңнама аясында түсінік беріп, жекелеген сауалдар бойынша тиісті мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз