Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Соңғы уақытта аудан әкімінің бастамасы бойынша инфляциялық үдерістерді тежеуге бағытталған алдын алу шаралары қолға алынуда. Алайда, осыған қарамастан, кейбір бөлімдердің және Көкпекті ауылдық округі әкімдік аппараты қызметкерлерінің бейқамдығы мен әрекетсіздігінің арқасында Көкпекті ауылында көкөніс бағалары шарықтап кетті. Осы мәселе бойынша аудан басшысы 8 қыркүйек күні кешке қарай шұғыл кеңес өткізді.

Оның базарды жергілікті өндірушілердің өнімдерімен толықтыру туралы тапсырмасы ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімдерімен және Көкпекті ауылдық округі әкімдік аппаратымен ескерусіз қалды. Сондықтан аудан орталығындағы (бір ғана) дүкеннен басқаларындағы көкөністер Семей және Өскемен қалаларынан әкелінген. Осыған орай, бағалары да аспандап тұр.

 

Жергілікті кәсіпкерлердің орамжапырағын 50 теңгеге алатын болсақ, басқа жақтыкін 100 теңгеден. Мұндай жағдайды басқа көкөністер бойынша да байқауға болады. Бағаларды құрықтау бойынша жұмыстарда қоғамдық ұйымдар мен «Нұр Отан» партиясы филиалының әлеуеті пайдаланылмайды. М.Теміржанов, Н.Алиясов, Қ.Жадринді қатаң сынға ала отыра, аудан басшысы көкөністер мен картоптың бағасын тұрақтандыру үшін түбегейлі шаралар қабылдауды талап етті. Ол 13 қыркүйек, сенбі күні ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін өткізуді тапсырды. – Біздің міндетіміз – базарды өнімдермен толтыру. Бұл шара ауыл тұрғындарына қысқа қор жинауға көмектеседі және бағаны түсіреді, - деді Дүйсенғазы Мағауяұлы.

Кәсіпкерлер, ауылшаруашылық және ветеринария бөлімінің хабарлауы бойынша 13 қыркүйек сенбі күні Көкпекті ауылында мәдениет үйінің жанындағы алаңда күзгі жәрмеңке болады. Азық-түліктің әр түрі төмен бағада болады.

ТҰТЫНУШЫЛАР НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛАДЫ:

-400 КГ. ЖЫЛҚЫ ЕТІ 1000 ТЕҢГЕДЕН, 1ТОННАДАН АРТЫҚ СИЫР ЕТІ 900 ТЕҢГЕ,ҚОЙ ЕТІ 900 ТЕҢГЕ

-40 ҚОЙ 15000 ТЕҢГЕДЕН, 75 ҚАЗ 4500 ТЕҢГЕДЕН, 150 ТАУЫҚ 800 ТЕҢГЕДЕН, 120 ҮЙРЕК 3000 ТЕҢГЕДЕН.

-2 ТОННА БАЛЫҚ 350 ТЕҢГЕДЕН, 2 ТОННАДАН АРТЫҚ БАЛ 850 ТЕҢГЕДЕН, 300 КГ САРЫ МАЙ 850 ТЕҢГЕДЕН.

-20 ТОННА КАРТОП 60 ТЕҢГЕДЕН, 1,5 ТОННА ОРАМЖАПЫРАҚ 50 ТЕҢГЕДЕН,6 ТОННАДАН АРТЫҚ ҚЫЗАНАҚ 80 ТЕҢГЕДЕН, 4 ТОННАДАН АРТЫҚ ҚИЯР 80 ТЕҢГЕДЕН, 3 ТОННАДАЙ ПИЯЗ 60 ТЕҢГЕДЕН, 800 КГ ҚЫЗЫЛША 60 ТЕҢГЕДЕН ЖӘНЕ БАСҚА ДА КӨКӨНІС ТҮРЛЕРІ.

50 ТОННА БИДАЙ, 25 ТОННА ТАРТЫЛҒАН ЖЕМ, 20 ТОННА ДӘНДӘ ДАҚЫЛДАР ҚАЛДЫҚТАРЫ.

ТАҢҒАЛМАҢЫЗ, КЕЛІҢІЗ, АЛЫҢЫЗ, ҚЫСҚА ҚОР ЖИНАҢЫЗ!

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз