Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданының әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов 11-14 наурыз күндері Көкпекті және Самар ауылында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Атап айтқанда, Тассай ауылынан келген Назым Әзімбаева интернатта оқитын балаларын түрлі себептермен күнделікті тасып жүру қиындық туғызатындықтан, Көкпекті ауылынан тұрғын үй алып беруін өтінді. Көкпекті ауылының тұрғыны Вей-Куй Диляра баласын емдетуге апаруға материалдық көмек сұрады. Ал, Теректілік Раимхан Бұқанов жер мәселесі бойынша көмек сұрап келді.
Бұл қабылдауға, сонымен қатар, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақыт Оразғалиева, аппарат басшысы Р.Кемербаева және Тассай, Теректі, Көкпекті ауылдық округ әкімдері азаматтардың сұрақтарын мамандармен ақылдаса отырып, толық қарады. Аудан басшысы Асхат Сайдахметұлы азаматтардың өтініштеріне жан-жақты зер салып, барлығына заң аясында жауап берді және мәселелерін назарға алатындығын айтты.


Самар ауылдық округінде өткен аудан әкімінің қабыл-дауында көп балалы және аз қамтылған отбасылар, сондай-ақ жалғыз басты аналар үшін тұрғын үй өзекті мәселе болды. Олардың көпшілігі тұрғын үйді жалға алады немесе туыстарында тұрады, қолдарында жас, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалары бар.
Балаларға арналған аз ғана жәрдемақы ала отырып, әйелдер отбасын асырап отыр.
Олардың әрқайсысының мәселесімен таныса келеаудан әкімі Асхат Смаилов ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап көп балалы отбасыларға материалдық көмек көрсетудің жаңа заңнамасы туралы толық түсініктеме берді.
- Көп балалы отбасыларға жәрдемақы төлеуге қатысты көмек көрсету жағдайы, тұрғын үймен қамтамасыз ету ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап түбегейлі өзгереді. Үкімет бұл мәселеде бірқатар жаңа өзгерістер қабылдады, - деп атап өтті Асхат Сайдахметұлы.
Көп балалы отбасылардың біржолғы материалдық көмек көрсету бойынша қабылданған барлық өтініштері аудандық комиссияға беріледі. Тұрғын үй мәселелерінде де басымдықтар қайта қаралатын болады. Азаматтардың барлық өтініштері жауапты тұлғалардың ерекше бақылауында тұрады.

Қанат ҚАЙЫРҒАЗЫҚЫЗЫ
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз