Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Наурыз айының 4-5 күндері күндері аудан әкімі Асхат Смаилов азаматтарды жеке мәселелері бойынша Көкпекті және Самар ауылдарында қабылдады. Аудан әкімінің қабылдауында ауыл тұрғындарынан әлеуметтік мәселелер, тұрғын үй, арнайы әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту және жер туралы мәселелер көтерілді. Жеке қабылдауға «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Оразғалиева, Қ.Аухадиев атындағы округтің әкімі М.Малғаждарова, дербес бөлім басшылары қатысты.
Алғашқы болып қабылдауға Преображенка ауылының тұрғыны Ирина Губер кірді. Ирина бүгінгі күнде тұрақты мекенжайға тіркелмегендіктен, тұрғын үй кезегіне тұру мәселесі туындап тұр. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округінің әкімі М.Малғаждароваға тұрақты мекенжайға қоюды тапсырды. Сондай-ақ аудан басшысы өтініш берушіге аз қамтылған және көпбалалы отбасы ретінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан бір реттік материалдық көмек берілетінін айтты. Сол сияқты аудан әкімінің қабылдауына жазылған келесі азаматша Ырыскүл Әміренова да Преображенка ауылының тұрғыны екен. Ырыскүл анасымен бірге тұратынын, жалғызбасты ана екенін айтты. Ол тұрып жатқан үйіндегі құдығы істен шыққандықтан, ауыз суды тасу қиынға соғады. Қазіргі тұрып жатқан үйі де апаттық жағдайда. Ырыскүлдің өкпе-назын тыңдай келе, Асхат Сайдахметұлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, хал актілерін тіркеу бөлімі тарапынан жалғыз басты ана ретінде бір жолғы материалдық көмек көрсетуді тапсырды. Сол сияқты аудан әкімі жұмысқа орналастыру, үйіне құдық қазып беру, аз қамтылған отбасы ретінде мектеп жасындағы баласын тегін ыстық тамақпен қамту және тұрғын үйдің кезегіне қою сияқты мәселелерді жауапты тұлғаларға жүктеді.


Тассай ауылынан келген Қайныш Мергенбаева аудандық ауруханаға ем алу үшін стационарға жатқызбайтындығын, дәрігерлердің дұрыс қарамайтындығына шағымданды. Көпбалалы ананың мәселесі сол жерде шешілді. Ал, Көкпекті ауылының тұрғындары Дәулет Нұрғалиев пен Диас Ордақановтың мәселесі жер жөнінде болды. Азаматтарды қабылдау кезінде көтерілген бұл мәселе бойынша аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы жауапты бөлім басшыларына тапсырмалар беріп, өзінің тікелей бақылауында болатынын жеткізді.
Келесі келген Бақытгүл Арғынғазина 12 жылдан бері өзі тұрып жатқан үйін жекешелендіре алмай жүргендігін алға тартты. Бұл мәселе жөнінде аудан әкімі аппарат басшысы Р.Кемербаева мен заң бөліміне құқық беруші құжаттарын жинау туралы тапсырма жүктеді. Асхат Сайдахметұлы қабылдауда көтерілген барлық әлеуметтік мәселелер ерекше бақылауда тұрғанын, өйткені әлеуметтік сала басымдықтардың - бірі болып келетінін атап өтті.
Ал, Самар ауылында өткен қабылдауда Көкжота ауылының тұрғыны көпбалалы ана З.Жанбуршинаны тұрғын үйдің жоқтығы мен ересек балаларын жұмысқа орналастыру мәселесі алаңдатады. Қазіргі уақытта оның қолындағы төрт немересі мектепке барады ал олардың аналары Самар ауылында жұмыс істейді. Егер олар туған ауылдарынан көшіп кетсе, онда жергілікті мектепте оқушы саны кеміп қалады. Егер тәрбиеші ретінде қызын мектепке жұмысқа орналастыру мәселесі шешілсе, онда балалар ауылда қалар еді. Одан әрі зейнеткер немересінің ешбіреуі тегін тамақтанбайтынына назар аударуды сұрады. Алайда балалар толық емес отбасында тәрбиеленеді деп саналады. Бастаушы ауылдық округінің әкімі А. Отаршина аталған отбасының әлеуметтік жағдайына байланысты түсініктеме берді. Аудан әкімі зейнеткердің өтінішін тыңдай келе, білім бөлімінің басшысы Ш. Мұстафиноваға және ауылдық округ әкімі А. Отаршинаға балалардың сол оқып жүрген мектебінде қалуын, асханада тегін тамақтануын ұйымдастыруды және анасын мектепке жұмысқа орналасуын қарастыруды тапсырды.
Зейнеткер Ж. Сапарғалиев Казнаковка орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істейтін немересі Анастасия Сапарғалиеваны тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша өтініш білдірді. Асхат Сайдахметұлы жауапты тұлғаларға жағдайды сол жерде анықтауды, педагогпен кездесуді тапсырды.
Бұдан әрі қабылдауға келген жалғыз басты ана Р. Сәлімжановаға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылданды. Оның тұрғын үйін ішінара жөндеуден өткізуді аудандық әкімдік мүмкіндігіне қарай айналысуда. Келесі жалғыз басты ана И. Бояринцева да тұрғын үйдің апаттық жағдайына байланысты жағдайы қиын. Осы тұрғын үй секторында әрі қарай тұруға және құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету ауыл әкімшілігіне тапсырылды. «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында маман ауылдық ұйымда кемінде 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады. «Көкпекті ауданының № 2 аудандық ауруханасының» хирург-дәрігері А. Ахмолдин резинтураға түсуіне байланысты кейінге қалдырылуын сұрады. Осы сұрақ бойынша қысқа мерзім ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және заң бөлімі айналысып, өтініш берушіге жауап берулері тиіс.
Ал, жауапты тұлғалар бақылауға алынған және қабылдауда көтерілген мәселелердің орындалу барысы туралы апта ішінде аудан әкіміне баяндаулары қажет.

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ
Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз