Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданы әкімінің м.а. Жаслан Талғатұлы Майкенов Самар ауылдық округінің тұрғындарымен кезекті қабылдау өткізді. Қабылдауға келген тұрғындардың мәселелері әр түрлі сипатта орын алды.

Мысалы, Палатцы ауылының тұрғыны В.Шевкопляс кәмелет жасына толмаған жиендеріне төленетін қамқорлық қаражатының тоқтатылғаны туралы мәселені көтерді. Бұл сұрақтың заң аясында анықталуын аудандық білім бөлімінің басшысы Ш.Н.Мұстафиноваға тапсырды.
Мариногорка ауылының тұрғыны Е.Әжікенева ұлын бір топ адамның ұрып-соққандығы жайында айта келіп, сотқа дейінгі тергеу барысында істің мән-жайын анықтау жұмысына өзінің көңілі толмайтындығын жеткізді. Самар ПБ бастығының орынбасары Қ.Ж.Меткенов арызданушыға сотқа дейінгі тергеу барысы бойынша және жоғары сот органдарына шағымдану құқығы туралы толық түсінік берді.


Мариногорка ауылдық округінің жас маманына «Дипломмен ауылға» бағдарламасын қолдану ережелері және төленетін қаржылай көмек пен үй алу мәселесі түсіндірілді.
Тұрғын үй алу мәселесі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселенің бірі болып қала береді. Бұл жолы Миролюбовка ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Г.Тоқтарбаева да осы мәселе бойынша өзінің сұрағын қойған болатын. Тұрғын үй алуға көмек көрсету ісінде Миролюбовка ауылдық округінің әкімі С.Қасымханов істің мән-жайын анықтау, әкелерін өзінен бөлек тұратын балаларына көмек жасауға тарту жөнінде дәлелдемелер келтірді.
Кездесу барысында аудан әкімінің м.а. Ж.Т.Майкенов аза-маттардың өтініштерін орындау бойынша хаттамалық тапсырмалар берді және жауапты тұлғалардың оларды орындағанға дейін бақылауда ұстауын талап етті.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз