Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мемлекеттік билік пен халық арасындағы байланысты жүзеге асырушы жергілікті атқарушы органдардың бірі – аудандық әкімшілік. Аудан әкімінің тұрғындарды ай сайынғы қабылдауы халыққа көрсетілетін қызметтің бір түрі болып саналады.

Аудан әкімі Асхат Смаилов 4 ақпан  күні жеке мәселесі бойынша келген азаматтарды қабылдады. Аудан тұрғындары тұрмыс саласына қатысты түрлі сұрақтары мен ұсыныстарын айтты. Негізгі мәселелер жұмыспен қамту, кәсіпке қолдау көрсету және тұрғын үй бөлу, жер мәселесі төңірегінде болды. Жеке қабылдауға аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, Көкпекті, Теректі, Үлкенбөкен, Үлгілімалшы, Мариногорка ауылдық округ әкімдері қатысты.

 

Бұл жолғы қабылдауда жеке сұрақтарымен он екі азамат болды. Аудан басшысы қабылдауға келген тұрғындардың барлық сауалдары мен өтініштерін мұқият тыңдады. Олар негізінен тұрғын үй, жер мәселесі, жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік қызмет ауқымдарын қамтыды.

Алғашқы болып Көкпекті және Мариногорка ауылдарының тұрғындары Т.Испаев пен Г.Отарованың зейнетақы және мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін жәрдемақының төңірегіндегі өтініштері қаралды. Бұл сұраққа Көкпекті ауданы Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бөлімінің басшысы Жібек Жадрина жауап берді.

Келесі кезекте қабылдауға жер мәселесі бойынша кірген ауыл тұрғыны Л.Аткееваның өтініші дер кезінде шешіліп құжаттары қолына тиді. Қабылдауға келген Теректі ауылының тұрғыны З.Хикматулина жұмысқа орналасқан кездегі келеңсіз жағдайларды шешу үшін келіпті. Өтінішті зерделей келе, аудан әкімі ауылдық округ әкімі Қ.Ахметқалиевке ақсақалдар кеңесімен бірлесе қарастыруды жүктеді. Ал, И.Тыныбаев, А.Алтынбаев деген азаматтардың өтініштері баспана, жұмысқа орналасу төңірегінде болды. Сондай-ақ, ауыл тұрғыны, аудандағы би үйірмесінің жетекшісі Н.Оспанова балаларды Астана қаласында өтетін байқауға қаражат жағынан көмек сұрап келді.

Асхат Сайдахметұлы бұл өтініш бойынша ешқандай көмек бере алмайтындығын айта келе, би үйірмесі жеке меншікте, сондықтан жол қаражатынын демеушілерді тарту арқылы ғана шешуге болатынын түсіндірді. Бұл мәселені шешу бойынша орынбасары М.Теміржановқа тапсырма берді.

Қабылдау кезінде айтылған барлық өтініштерді өз бақылауына алған аудан басшысы, тиісті қызметтерлерге тапсырмалар жүктеді.

 

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз