Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесуі Теректі ауылдық округінде жалғасын тапты.
Жиналысты аудандық маслихат хатшысы Талғат Сарманов ашып, күн тәртібімен таныс-тырды. Қорытынды есепте аудан әкімі мен округ әкімі Қайрат Ахметқалиев баяндама жасады.
-Құрамына 3 елді мекен Каменка, Өрнек, Қызыл Жұлдыз кіретін Теректі ауылдық округінде 736 тұрғын бар. Қазіргі таңда ауылдық округ мал, егін шаруашылығымен айналысатын округте 54 шаруа қожалығы тіркелген. Өткен жылы талайдан бері шешімін таппай отырған мәселе қатты қалдықтар төгетін орын жасалып, жаз айларында шабындық жерге қатынасып тұратын жолдағы көпірге ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлердің күшімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді - деді округ әкімі. Қ.Ахметқалиев сонымен қатар алдағы уақытта атқарылатын Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығы қарсаңында орталық алаң орнату, ауылды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру сияқты жұмыстарды атап өтті.


Келесі кезекті есеп беру баяндамасы үшін сөз аудан әкімі Асхат Сайдахметұлына берілді. - Көкпекті ауданының аумағында 2018 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша тұрғындардың жалпы саны – 28 338 адам болатын 52 елді мекен бар, оның ішінде 14 елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу мүмкіндігі бар.
Өткен жылы мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша «ШҚО Көкпекті ауданы Теректі ауылының су құбыры желілерінің құрылысы», «ШҚО Көкпекті ауданы Бастаушы ауылының су құбыры желілерінің құрылысы» жобаларын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп аяқталды. Қазіргі күнде Теректі округіндегі 171 үй қауіпсіз таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бұл дегеніміз мемлекеттің салған инвестициясы өз мақсатында толық жұмыс атқарып жатыр деген сөз.
2018 жылы ауданның өнеркәсіп кәсіп-орындарымен өндірілген тауар өнімінің көлемі 4 077,8 млн. теңгені немесе 2017 жылдың деңгейінен 133,2 % құрады. Аудан бойынша тау-кен өндіру өнеркәсібімен «Сәтпаев кен-байыту кәсіпорны» ЖШС («СКБК» ЖШС) металл кендерін өндірумен (ильменит концентратын өңдеумен) айналысады.
Өңдеу өнеркәсібімен «Рыбпром» ЖШС балық өңдеу және консервілеумен (филе (сүбе), сүйек ұны) айналысады. 2018 жылы шығарылатын өнім көлемі 1018,4 млн.теңгені немесе 2017 жылдан 163,3 % құрады. Ауданның ықылым заманнан Кеңес үкіметі кезінен бастап маманданған саласының бірі ол ауылшаруашылығы. Ауылшаруашылығының екі құрамы бар бірі мал шаруашылығы екіншісі егін шаруашылығы. Мал шаруашылығының беретін өнімі бүкіл ауылшаруашылығы өнімінің 62 % құрайды. Мемлекет басшысының отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатындағы ауылшаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тұстарын айта келе, Теректі ауылының халқы да осы бастамаға белсенді атсалысуы қажеттігін алға тартты. Аудан әкіміне сауалдарын жолдаған Б.Исанова, Ж. Дайырбеков, Б. Құнафин, Е.Чиганов, М.Күзембаева сынды жергілікті тұрғындар мектепті автобуспен қамтамасыз ету, Преображенка-Өрнек ауылдарының жолдарын жаңарту, мал жайылымы, ауыл жастарына шағын футбол алаңын салу және кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалар, ауылдағы мешіт үйін маңайын қоршау шырша ағашын отырғызу, аудандық орталық ауруханадағы порталға тұру, стационарлық көмек көрсетудің кейбір олқылықтары бағытында жолданған сау-алдарына лайықты жауаптарын алды.
Жарыссөзге шыққан азаматтар тарапынан аудан әкімінің өткен жылғы жұмыс нәтижесі оң бағаланды. Жиын соңында, ұсыныс-пікірлерін айтқан ауыл тұрғындары алға қойған міндеттердің нәтижелі болып, ауылдың одан әрі дами беруіне тілектестік білдірді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз