Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 24 желтоқсаны күні, аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов «Нұр Отан» партиясының ғимаратында тұрғындарды қабылдады.  Қабылдауға келген аудан тұрғындарының жағдайы атаулы әлеуметтік көмек, жұмысқа орналасу, несие қарызы мәселері болды.
Алдына келген әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған аудан басшысы айтылған ұсыныстар назарға алынатынын айтып, мәселелердің заң аясында оң шешімін табатынын жеткізді.
Мәселен, Үлкенбөкен ауылдық округ тұрғыны Какен Сүлейжанов жер бөлу мәселесі, Биғаш ауылынан келген Б.Мейіржанова және Ақойлық Айсұлу Жолдаспекова өтініштері жұмысқа орналасу төңірегінде болды.


Мұнан соң, қабылдауға келген ауыл тұрғыны Болат Құсайынов және топ мүшелерінің өтініші «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша алынған қарыз мәселесі. Олардың жағдайын тыңдаған Асхат Сайдахметұлының жауабы қысқа әрі нұсқа болды.
- Егер қазіргі таңда сот шешімін шығарып тастаса менің тарапымнан ешқандай көмек көрсете алмаймын. Яғни, сот шешіміне қарсы ештеңе істей алмаймыз, - деді.
Тұрғындардың өтініш-шағымдарын тыңдаған аудан әкімі халықты мазалаған бірқатар мәселелердің шешімін табудың заңды жолдары қарастыру үшін тиісті сала басшыларына тапсырма жүктеді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз