Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауылында жеке кәсібін ашып, еңбек етіп отырған жас кәсіпкер, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына есімі енген жерлесіміз. Ол - он саусағынан өнері тамған Жанна Жабекова. Оның тігін цехында аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов болды.
Жаны нәзік Жанна жұмсақ ойыншықтар жасайтын тігін цехын ашып еңбек еткеніне 2 жылдай уақыт болды. Тағдыр сынына мойымаған ол - қолөнер шебері. Қолдан жасалған бұйымдар қазір сәнді болып тұрғандықтан, оның өнімдеріне сұраныс жоғары. Жанна жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, заңды түрде ісін жүргізуде. Ол басынан өткерген қиындықтарға қарамай, шығармашылық ізденіспен құлшына еңбек етуде.


Тігін цехына ат басын бұрған аудан басшысын қарсы алған Жаннаның ата-анасы, қыздарының жасаған бұйымдары мен жетістіктерін таныстырып өтті. Жас шебердің еңбегіне риза болған Асхат Сайдахметұлы оған өзінің тілегін білдірді.
- Құрметті Жанна тағдыр салған тауқыметке қарамастан, жарқын болашаққа деген ұмтылысыңыз, ауданның кәсіпкерлік саласына қосып жатқан үлесіңіз елдің де, қоғамның да, биліктің де назарында. Сіздей жандарды батыр деп те айтуға болады. Өйткені, сіздер өмірге деген мұқалмас жігерлеріңіз бен қажымас қайраттарыңыз өзгелерге үлгі. Осындай қажымас еңбегіңіз үшін алғысымды айтамын. Табиғат сыйлаған нәзіктік, әдемілік, сезімталдық деген жақсы қасиеттер бойыңыздан табылсын, - деді аудан басшысы.
Сонымен қатар, Асхат Сайдахметұлы Жаннаның өнеріне оң бағасын бере келе, оған «Балалар өнер мектебі» оқушыларына дәріс беру жағын да тілге тиек етті. Бұл тапсырманың орындалуын орынбасары Дәурен Қойгелдинге жүктеді.
Он екі мүшесі сау бола тұра тағдырына разы емес көпшілік үшін Жаннаның өмір жолы үлгі боларлықтай. Ешкімге тіленбей, адал еңбегінің арқасында табысқа қол жеткізіп отырған оның армандары да асқақ.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз