Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Шілденің 18 күні Нұр отан партиясы филиалының ғимаратында Шығыс Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің Көкпекті ауданындағы көшпелі отырысы болып өтті. Кеңес отырысына ШҚО талдау және болжау институты ЖШС қоғамдық саяси және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бастығы А.Әшімова, жұмыс тобының мүшелері, қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық маслихат хатшысы Т.Сарманов, ақсақалдар кеңесі және мемлекеттік мекеме, ұйым қызметкерлері қатысты.Қеңес отырысын қоғамдық кеңесті ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Рахимбаев жүргізіп отырды. Күн тәртібінде негізгі үш мәселе талқыланды. Жиналыс барысында күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша талдау және болжау инсититуты ЖШС қоғамдық саяси және ұйымдастыру жұмыстары бөлімі бастығы А.Әшімованың қоғамдық кеңестердің қызметі арқылы аумақты басқаруға тұрғындарды тарту жолымен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту туралы есебі тыңдалды. Алғашқы болып сөз алған Аяужан Тұрсынбекқызы:

 

- Қайырлы күн құрметті әрістестер! Облыс бойынша барлық қалалар мен аудандарды аралап, осындай көшпелі отырыстарды өткізіп жүрміз. Бүгінгі күні 13 ауданда болдық. Отырысты өткізудің мақсаты халықпен тәжірибие, пікір алмасу, облыстық деңгейдегі қоғамдық кеңестің жұмысы туралы мәлімет беру және аудандық деңгейде шеше алмай жүрген мәселелер болса соны тыңдап, жоғарыға жеткізу. Қоғамдық кеңестің жұмысы ешбір қаражатпен қолдау көрсетілмейді қоғамдық негізде жұмыс істейді. Жоба аясында халық арасында әлеуметтік зерттеу жүргіздік. Зерттеу қорытындысы бойынша облыс тұрғындары қоғамдық кеңес бар екенін білетін адамдар 90 % құрады, бірақ олар қалай жұмыс істейтіндігін біле бермейді. Тек 30 жуық % не істейтінін естігенім болмаса, нақты рейдттар, мониторингтар, қоғамдық сараптама туралы мүлде бейхабар. Бұдан біз халықпен көбірек жұмыс істеп, әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандыру деңгейін көтеру қажет – деді. Қоғамдық кеңестің қабылдауы деген слайд арқылы облыстық қоғамдық кеңесте 12 жұмыс тобы бар екендігін білдік. Жұмыс тобы өкілдері денсаулық сақтау, білім беру шағын кәсіпкерлікті дамыту сияқты саламен айналасатын өте белсенді, өз ісінің мамандары екенін аңғардық.
Сонымен бірге, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, ШҚО қоғамдық кеңесі жанындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру сұрақтары бойынша сарапшылық жұмыс тобының мүшесі Руфит Ахмедзянов ШҚО қоғамдық кеңесі жанындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру сұрақтары бойынша сарапшылық жұмыс тобының жұмысы туралы айтып өтті. Сарапшылық жұмыс тобының құрамына жастар ресурстық орталығының жастары, облыстық жастар маслихатының мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, ішкі саясат бөлімдері, облыстық маслихат депутаттары, жоғары оқу орындарының студенттері кіреді. Жоба бойынша шілденің 20-22 аралығында жастардың жазғы лагерь басталады. Көкпекті ауданынан 4 жас қатысады. Жазғы лагерь аясында қатысушылар көшбасшы жастармен танысып, тәжірибие алмасады.
Жас жоба қорытындысы бойынша Көкпекті ауданынан 8 өтінім беріліп, техникалық іріктеудің бірінші кезеңнен өтті. облысымыз қабылданған өтінімдер бойынша үшінші орында бұл жақсы нәтиже. Демек жастарымыздың өз ісін ашуға мүмкіндігі бар.
Жиында аудандық қоғамдық кеңестің хатшысы Жарбол Алпысбаев қоғамдық кеңес мүшелері алдында 2018 жылдың І жарты жылдығында ат-қарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. - 2016 жылы консультативті кеңесшілер құрамының Көкпекті ауданының қоғамдық кеңесі құрылған. Қоғамдық кеңесінің құрамын аудандық ардагерлер алқасының төрағасы С.Мұқашев жетекшілік жасайтын жұмыс тобы жасақталды, - деді қоғамдық кеңес хатшысы.
Сондай-ақ, 6 ай кезеңінде біршама маңызды шаралар атқарылғандығын айтып өтті. Атап өтсек, Көкпекті ауданы әкімдігінің мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жұмыс орнына квота беру туралы, Тассай, Теректі, Көкжайық, Құлынжон ауылдық округтері бойынша шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режим белгілеу туралы қаулы жобалары қарастырылған.
Жиын барысында түйткілді мәселелер талқыланып, жұмысты оңтайландыру бойынша ұтымды ұсыныстар айтылды. Көшпелі отырысқа қатысқан ветеринария бөлімінің маманы Ж.Садвақасова жастар орталығына ризашылығын білдірді. Маслихат депутаты Д.Дюсем-баев аудандық қоғамдық кеңес мүшелерінің мәрте-бесін көтеру бойынша ұсыныс берді. Ал, жастар орталығының директоры А.Қалықов ауданның 17 ауылдық округіндегі жастармен жұмыс жасайтын мемлекеттік жастар саясаты мамандарына сертификат бере аласыздар ма және оқыту курстарын өткізе аласыздар ма деген сауалын ортаға салды. Жалпы, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері қоғамдағы кейбір келеңсіз жайттарды өткір сынап, көкейкесті мәселелерді көтеріп келеді.
Қашан да елдің мұңын, халықтың мұқтажын ашық айтудан тартынбаған қоғамдық кеңес мүшелері бұл жолыда облыстық қоғамдық кеңес мүшелеріне нақты сауалдарын жолдап, тиісті жауаптарын алды.

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз