Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының ХХІ конференциясы болып өтті. Конференцияға аудан әкімі Асхат Смаилов, «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұқтарханұлы Мұқтарханов, аудандық мәслихаттың хатшысы Талғат Сарманов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Конференцияның күн тәртібінде: аудандық партия филиалының Саяси Кеңесі, Бюро мүшелерінің құрамына өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселелері және аудандық партия филиалының 2018 жылдың бірінші жарты-жылдығында атқарған жұмыстары туралы есебі қаралды.


Конференцияны кіріспе сөзбен ашқан «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары міндетін атқарушы Гүлбаран Ақшабаева конференцияның күн тәртібімен таныстырып, сөз кезегін «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұқтарханұлы Мұқтархановқа берді.
Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұқтарханұлы Мұқтарханов «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының төрағасы Р.Сағандықовтың көп жылдар Көкпекті ауданы әкімі қызметін атқарып, аудан экономикасының дамуына зор үлес қосқанына тоқтала келе, облыстық бөлім басшылығына ауысуына байланысты Көкпекті аудандық партия филиалы төрағасы міндетінен босатылғанын хабарлай келе, партия филиалы төрағасына аудан әкімі Асхат Смаиловты ұсынып, таныстырып өтті. Конференцияға қатысушылар «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалы төрағалығына аудан әкімі Асхат Смаиловтың кандидатурасын қолдап, бір ауыздан дауыс берді.
Конференция жұмысын одан әрі «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Асхат Смаилов жүргізіп отырды.
Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары міндетін атқарушы Гүлбаран Ақшабаева «Нұр Отан» партиясының Көкпекті аудандық филиалының 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы есепті баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды. Мұнан соң жарыссөзге кезек беріліп, № 7 Тассай сайлау округі партия ұйымының төрайымы Сайлямхан Чалова және Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімі Нұрлан Назарханов сөз сөйлеп, жалпы партия филиалының атқарған жұмыстарына жақсы баға берді.
Күн тәртібіндегі аудандық партия филиалының Саяси Кеңесі, Бюро мүшелерінің құрамына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, конференцияға қатысушылар бюро мүшелерінің жаңа құрамын қолдап, дауыс берді.
Аудан әкімі партия басшылығымен еліміздегі жеткен жетістіктеріне тоқталып, партия алдындағы негізгі мақсаттары мен Елбасы тапсырмаларының маңыздылығын, оны жүзеге асырудағы партия мүшелерінің алда тұрған міндеттерін сөз етті. Конференция осымен өз жұмысын аяқтады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз