Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 26-27 маусым күндері Көкпекті және Самар ауылдық округтерінде аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов сала бөлімдері басшыларының қатысуымен аудан тұрғындарын қабылдады. 

Ауыл халқының әлеуметтік-тұрмыстық тыныс-тіршілігін жан-жақты қамтыған бұл қабылдау, өзінің ауқымдылығы және өзектілігімен ерекшеленді. Бұл іс-шарадан алдын-ала құлақтанған ауыл тұрғындары қабылдауға көптеп келді. Әрқайсысы өзінің ойында көптен жүрген күпті мәселелері мен сұрақтарына толыққанды жауап алды. Қабылдауға келушілердің негізгі тілек-өтініштері бас-пана мәселесі, үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу, жол, жер мәселесіне қатысты болды.


Аудан әкіміне өз талап-тілектерін жеткізген көкпектілік тұрғындар Д.Купиева мен Ж.Смағұлованың мәселесі баспана болса, Шоқан Уәлиханов көшесі тұрғындарының аманатын алып келген Гүлжанат Бекбаева көктем, қыс мезгілдеріне орталыққа қатынайтын жолдың жағдайын айтты.
-Осы көшенің тұрғындары жұмыстарына, балалары мектепке бара алмай қатты қиналғандары көп жылдың жүзі болды, сол үшін көмек беруіңізді сұраймын, - деді. Ал, ауыл ақсақалы Төлеутай Әбеновтың өтінішін тыңдаған аудан әкімінің жауабы, қысқа да, нұсқа болды: - Сіз әлеуметтік көмек алатын санаттағы азаматтардың қатарына жатпайсыз, бұл бір, екіншіден меншік үйлерге біз аудан бюджетінен жөндеу жұмыстарын жүргізбейміз, сондықтанда мен ешқандай көмек бере алмаймын, - деп аудан әкімі қадап айтты. Қабылдауға келген Көкпекті ауыл тұрғындарын мұқият тыңдаған аудан басшысы, олардың талап-тілектерін назарға алып, заң аясында қарастырылатынын ұқтырды.
Самар ауылдық округінде де аталмыш қабылдау 27 маусым күні өз жалғасын тауып, ауыл тұрғындары өз мұң-мұқтаждарын жеткізді. Қабылдауға жазылған 11 адамның бесеуінің мәселесі үй жайы болды. Атап айтсақ, біреуінің басында баспана жоқ болса, келесі азаматтың жөндеу жұмыстарына қаражатының жоқтығы, құжаттарды рәсімдеудегі қиындықтары жайлы көмек сұрап келді.
Сондай-ақ, қабылдау барысында Қараөткел ауылындағы сапасыз жасалған жолдың мәселесі де айтылды. Тұрғындар тарапынан түскен сұрақтарға аудан басшысының алдында Көкпекті ауданы сәулет, құрылыс және ТҮКШ басшысы Қайрат Жылқышев жауап берді. Құлынжон ауылдық округінің әкімі С.Құнафинге Көкжыра ауылының зейнеткерін қарттар үйіне орналастыруға көмектесуін, ал Самар ауылдық округінің әкімі А.Күдербаевқа Самардағы бастауды тазалау, абаттандыру жұмыстарын жалғастыруын тапсырды.
Көкжота және Бастаушы ауылындағы мешіт үйінің имамдары құжаттарды рәсімдеуде 1 ай уақыт болды сәулет, құрылыс және ТҮКШ табалдырығын тоздырып әуре-сарсаңға түсіп жүргендігін жеткізді. Аудан әкімі осы мәселенің шешімін табуға бөлім басшысы Қайрат Жылқышевқа бір апта уақыт берді.
Самар мен Бастаушы ауылдарындағы аграрлар Б.Ержанов және Н.Мусиннің мәселесі мал бағатын және шабындық жерлерінің жоқтығы мал басын көбейту жоспарларына кедергі тиіп отырғандарын айтып берді. Оларды мұқият тыңдаған Асхат Сайдахметұлы жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж.Бахтиновқа, орынбасары М. Теміржановқа бірқатар тапсырмаларды жүктеді.
Алдына келгендерге аудан әкімі кең түрде түсініктеме беріп, сала басшыларына қажетті нұсқаулар берді. Қабылдау барысында, көптің көкейіндегі сауалдарға ден қойған әкім, әлеуметтік мәселелерді алға тартқан жандардың ұсыныс-тілектерінің заңдылығына сәйкес орындалатынын айтты.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз