Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Халықтың әлеуметтік тұрғыдағы мәселелерін талқылап, пысықтау негізінде бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов бастаған ауданның бөлім басшыларынан құралған жұмыс тобы 14 маусым күні қабылдау жүргізіп, тұрғындардың толғандырған мәселелерін тыңдады.


Алғашқы болып қабылдауға кiрген, ауданымыздың спорт саласын дамытуда көп еңбегі сіңген БЖСМ жаттықтырушысы Бақыт Ғазизұлы Рахимов өзінің «Банер жасау» цехының жұмысын жалғастыру мәселесі бойынша келді. Сондай-ақ, Шәріптоғай ауылынан Кенжеш Сарымсақова да аудан басшысынан кәсібін дамытуға қаржыландыруына көмек сұрады. Оларды мұқият тыңдаған аудан әкімі, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қолынан келгенше көмек көрсететін жеткізді.
Қабылдауда Көкпекті ауылының Константинов көшесі тұрғындарының аманатын арқалап келген зейнеткер Клара Нұржанованың мәселесі көше басындағы жылдар бойы жиналған қоқыс, жол мәселесі, Заречка ауылына қатынайтын автобусты ұйымдастыруды, аптека керектігін айта келіп, өзінің жеке бас мәселесі моншадағы су құбырын тазалап беруіне жәрдемдесуін сұрады. Ал, жұмыс мәселесі бойынша Құмарбек Тоғысов, жер мәсәлесімен Талапкер ауылынан Аусан Дубаев сынды тұрғындар көмек сұрай келді. Тұрғын-үй мәселесімен келген ауыл тұрғыны Зухра Боранбаеваның өтінішіне аудан әкімі асыраушысы бар, денсаулықтары жақсы адамдарға ешқандай көмек көрсетілмейтінін айтты. Ал, жалғыз басты ана Гүлнәр Көшімбаеваның мәселесін тыңдаған аудан әкімі мамандармен бірлесе отырып бұл істің шешу жолдары қаралатындығын айтты.
Қабылдауға келген тұрғындардың өтініштері бойынша аудан әкімі орынбасарлары мен салалық бөлімдердің басшыларына көтерілген мәселелерді зерделеп, оларды заң аясында шешуді тапсырды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз