Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Етене жатқан ел-жұрттың тыныс-тіршілігі мен қам-қарекетін біліп, ауданда жүзеге асқалы тұрған жұмыс барысын хабардар етуді мақсат еткен аудан басшысы Асхат Сайдахметұлы       Смаилов іссапарын Тассай ауылдық округінде жалғастырды.

Аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов, Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Жылқышев, шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын басшысы Мұратбек Матанов, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Ерлан Қалдыбаевпенбірге аудан әкімі алдымен ауылдық округі ғимаратының алдында халықпен кездесті. Ауылға жеткен тұста аудан әкімі ақсақалдарымен дидарласып, елдің жай-күйін сұрап, жағдайларымен танысты. Аудан әкімін қарсы алған Тассай ауылдық округінің көнекөз қариясы, Көкпекті ауданының Құрметті азаматы Қуан Түсіпбеков өз кезегінде аудан басшысының жұмысына сәттілік тілеп, батасын берді.
Қазіргі таңда, Тассай ауылдық округінде 213 аббанент және 18 ЖК ауыз таза ауыз суды пайдалануда осыған байланысты ауыл әкіміне ауыз су мәселесіне жіті көңіл бөлу қажеттігін қатаң ескертті. Тассай ауылдық округі бойынша таза ауыз сумен ауыл тұрғындары 100 % қамтамасыз етуді тапсырды.
Сондай-ақ, несие мәселесі туралы назын білдірген «Дарын» ШҚ басшысы Қанат Тілебалдиннің өтінішіне құлақ салған Асхат Сайдахметұлы, ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ерлан Қалдыбаевқа осы мәселені шешуді тапсырды. Игілікті істі қолға алған кәсіпкерлерге өз жұмысын дамыту үшін әкімшілік тарапынан көмек көрсету керектігін қадап айтты.
Одан әрі аудан басшысы білім ордасы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепке ат басын тіреді. Мектеп ауласында тұрған субұрқаққа көңілі толмаған аудан әкімі оны қайта жасау керектігін мектеп директоры Дулат Тұрлыбековке ескерту жасап тапсырма берді. Сондай-ақ, мектептің спорт залында болып жас спортшылардың жетістіктерімен танысты. Ал, мектеп жанында орналасқан шағын орталықтың тыныс-тіршілігіне риза болған Асхат Сайдахметұлы балабақша ашу мәселесін қарастыруды білім беру бөліміне тапсырды. Тассайдағы сапарында аудан әкімі ауылдық мешітте, аурухана және мәдениет үйінде болып, ауыл азаматтарымен бірқатар мәселелерді пысықтады.
Бүгінде, қазақтың ата кәсібін жалғап мал шаруашылығымен айналысып жүрген округтағы «Дарын» ( басшысы Қ.Тілабалдин), «Бекзат» ( басшысы Қ.Мұқанов) ШҚ арнайы ат басын тіреген аудан әкімі еңбекқор ұжымның еңбек етуге ықыластары ерекше екендігіне көз жеткізді. Көзбен көріп, көкейге түйген жағдайлардың қашанда оң шешім табуына жағдай жасайтындығын аудан әкімі қаралатын қаржы көлеміне қарай үйлестіретінін айтты.
Тассай ауылында жасаған сапар барысында аудан әкімі ауыл әкіміне Елбасының Жолдауларында берген тапсырмаларын іске асыру бағытында ауылдың әлеуметтік жағдайларын одан әрі жақсарту және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жұмыс жүргізуге міндеттеп, бір қатар тапсырмалар берді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз