Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

28 мамыр күні аудан әкімі Асхат Смаиловтың төр-ағалық етуімен кезекті кеңейтілген аппаратық кеңес өткізілді. Аппараттық кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі алғашқы сұрақ – сүтті мал шаруашылығын дамыту барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов баяндама жасады. Облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасынан туындаған міндеттерді орындау барысында соңғы 2 жылда атқарылған шаруалар сараланды. Сүт тауарлы фермаларын салу және тұрғындардан сүт жинау, қайта өңдеу кәсіпорындарын ашу бойынша 2 жоба іске асырылуда. Ағымдағы жылдың соңына дейін Миролюбовка ауылында «Намыс» шаруа қожалығының 50 басқа арналған сүт тауарлы фермасын іске қосады деп күтілуде. Сондай-ақ, Үкіліқыз ауылында «Өрнек» ЖШС базасындағы 300 бас ірі қараға арналған ферманың жұмысы аяқталған. Қазіргі уақытта арнайы құрал-жабдық сатып алынып, мамандармен орнатылуда. Жыл соңына дейін бұл жобаның нақты жемісін де көреміз.
Марат Қапарұлының дерегі бойынша қосал-қы шаруашылықтардан сүтті сатып алу іс-шара-лар жоспары бойынша жүзеге асырылып жатыр. Көкпекті өңірінен сүт қабылдайды деп жоспарланған «Толағай сүт» цехы жұмысын қайта бастады. Тәулігіне 2 тоннаға дейін сүт қабылдауға мүмкіндігі бар кәсіпорын жұмысына нақты көз жеткізілді. Аппараттық кеңестен соң аудан әкімі бастаған жұмыс тобы сүт цехына арнайы барды. Тоқтап тұрған кәсіпорын жұмысы қайта жаңғырып, тұрғындардан сүтті үзіліссіз қабылдайтын болды.
«Менің мектебім» акциясын жүзеге асыру барысымен аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин таныстырды. Акция аясында ауданның толық кешенді 7 мектебін жаңадан 10 модификациялық кабинетпен жабдықтау жоспарған. Назарбаев интеллектуалды мектебінің стандарты бойынша жасалатын жобаны толық жүзеге асыруға қажетті қаражаттың бүгінгі күнге 57 пайызы қорға жиналған. Қалған қаражатты ұйымдастыру бойынша міндет ауыл әкімдері мен мектеп директорларына жүктелді.
Ішкі саясат бөлімінің басшысы Бек Нұғыбаев ауданда «Рухани Жаңғыру» бағдар-ламасының жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берді. Көрнекті безендірілген слайд арқылы жүйелі жасалған баяндама бұл бағыттағы жұмыс сапасын бірден аңғартып тұрды. Әр бағыттағы жоспарлы жұмыстар мен болашақта атқарылу тиіс міндеттер айқын. «Көкпекті ауданының киелі жерлері», «Көкпекті энциклопедиясы» сынды жобалар тың бастама.
Кеңес соңында Асхат Сайдахметұлы алда атқарылар жұмыстардың бағытына тоқталып, негізгі міндеттерді нақтылады. Аудан басшысының тапсырмасы бойынша ендігі уақытта Көкпекті мен Самарда әр ай сайын ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп тұратын болды. Алғашқы жәрмеңке 2 маусым күні Көкпектіде өтеді. Жәрмеңкеде саудаға түсетін өнімнің тұрғындар үшін қолжетімді болуы да назардан тыс қалмады.
Сонымен бірге, балалар күніне дайындық жұмыстарын пысықтау, әр мекеме ғимаратына стандартқа сай пандус орнату, мекемелерді түнгі жарықтандыру бойынша жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктелді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз