Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жыл сайынғы аудан әкімінің Самар ауылы тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі мәдениет үйінде өтті. Жиынға арнайы мемлекеттік сатып алулар және коммуналды шаруашылық бойынша облыстық басқармасының басшысы Ж.К.Әбенов, аудандық мәслихат хатшысы Т.Сарманов, округтің депутаттық корпусы, ауылдың қоғамдық өкілдері, еңбек ардагерлері, мекемелер мен ұйымдар қызметкерлері қатысты. 2017 жылы жергілікті басқарудағы атқарылған жұмыстар туралы Самар ауылдық округінің әкімі А.Ф.Күдербаев баяндама жасады. Есептік баяндамада атқарушы биліктің әлеуметтік саласы яғни көшелерді жарықтандыру және көріктендіру, санитарлық тазалау бойынша сенбіліктер ұйымдастыру, Мира көшесіндегі бойлап өскен ағаштарды кесу, тұрғын үй қорын түгендеу, қоғамның аз қорғалатын бөліктерін қолдау бағытында өткізілген түрлі ауқымды іс-шараларға тоқталды. Аталмыш іс-шараға жеке кәсіпкерлер, округтің демеушілері белсене қатысты.


Ахмет Фазылұлы жиналысқа қатысушыларды жергілікті әкімдердің мүдделерін есепке ала отырып, бюджет шығыстарын жоспарлауға мүмкіндік беретін жаңа заң жобалары негізінде өткен жылғы ауылдық округ аппаратының бюджетін толық іске асыру туралы ақпаратпен хабардар етті. Округ әкімі әлеуметтік-саяси жағдайдың тұрақтылығын айта келе,халықтың әл-ауқатын жақсарту, экономиканы дамыту бойынша іс-шаралар жоспары жаңа жылы жалғасын табатынын жеткізді. Аудан әкімінің мәнді де мағыналы баяндамасында барлық сала бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы сөз қозғалды. 2017 жылы ауданның аграрлық құрылымы бойынша 1 млрд. теңгеге жаңа техника сатып алынды және 751 млн. теңге көлемінде субсидия бөлінді. Бұл аймақтағы ауыл шаруашылығы жыл санап даму жаңару қарқынына ие екендігіне сенімділік береді. Бүгінгі күні күн тәртібінде аудан ауылдарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбырлары желілерін қайта жаңарту және құрылыс жұмыстарын жоспарлау бойынша оң өзгерістерді есту қуанышты болды.
Рамиль Нығметжанұлы 2013 жылы тұрғын үй коммуналды шаруашылығы бөлімімен сатып алынған Бақраев көшесіндегі мүмкіндігі шектеулі жандарға, жетім балаларға, аз қамтылған отбасыларға арналған 8 пәтерлі үйді мақсатсыз пайдалану мәселесін көтерді. Қазіргі уақытта, тұрмысқа ыңғайлы тұрғын үйді жөндеу талаптары сұранысына сәйкес келмеуіне байланысты, қаңырап бос тұрғандығын айтып өтті. Осыған орай аудан әкімі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен ауылдық округ әкімінің аппараты тұрғын үй комиссиясымен бірлесе бос пәтерлерге түгендеу жүргізуді және жуық арада тұрғын үй комиссиясы отырысында пәтерлерді бөлу мәселесін қарастыруды тапсырды. Сонымен қатар, аудан басшысы ТҮКШ бөлімі, экономика және қаржы бөлімімен бірлесе коммуналды шаруашылыққа жаңа пәтер алуға ұсыныс енгізуді, ТҮКШ бөліміне жөндеу жұмыстары алгоритмін жүргізу үшін сметалық құжаттама әзірлеуді тапсырды. Ал ауылдық округ әкіміне ТҮКШ бөлімімен бірлесе Бақраев көшесіндегі үйлерді абаттандыру бойынша кешенді жоспар жасауды жүктеді.
- Тұрғын үй мәселесі шешілмеген негізгі міндеттің бірі болып табылады, - дейді аудан басшысы. – Өйткені, бүгінгі таңда «Көкпекті ауданының ауданаралық ауруханасына» 12 дәрігер маман жетіспейді, мектептерде ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері қажет.
Есептік баяндамада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Менің мектебім» акциясын жалғастыру, Алаш қайраткері Хамит Тоқтамысовтың бейітіне белгітас орнату, «Парыз» қоғамдық қорына жоспарланған қаражатты аударуды ұйымдастыру, білім беру ұйымдарында ағылшын тілін оқытуды тиісті жүйеге келтіру сияқты бірқатар мәдени шаралар өткізілетіні айтылып өтті.
Кооперативтерді қаржыландыру үшін 375 млн. теңге көлемінде несие беру жоспарланып отыр. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының басымдықтарының бірі ретінде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Өткен жылы шағын шаруаларды біріктіру жөніндегі белсенді жұмыс басталды. Сонымен қатар, кездесуде округ депутаттарының корпусы атынан Самарқан Жотабаев жұмысы туралы есеп берді. Депутаттардың, «ДСУ-14» жол ұйымы, «Қалисаттарұлы» шаруа қожалығының күш-жігері арқасында Бақраев көшесі, Абай, Новоселов көшелерінің бойында орташа жөндеу жүргізілді. «Қалисатарұлы» төрт адамға жұмыс беріп, «Мектепке жол» акциясына, роботты кабинетті жабдықтауға қатысып, мемлекеттік мерекелерді Мұғалімдер күні, Жеңіс күні, қарттар күні мерекелеуге өз көмектерін аямады.
Депутаттардың көмегімен саз мектебі аудан-дық кітапхананың ғимаратына қайта оралды. Депутаттық корпус атынан аудан әкіміне автокөлік құралын - су тасымалдаушысын алуға көмек беруін сұрады. Ардагерлер Кеңесінің төрағасы А.Садықов баяндаманы талқылаудағы пікірталасқа қатысып, ғимараттар мен құрылыстардың жөндеу жұмыстарына білікті мамандардың жұмыстарының сапасын сезіну үшін үлкен назар аударуды сұрады. Сондай-ақ, ауданаралық аурухана гинекологы, жас маман Б.Қорабаева, зейнеткер М.Санарова өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Ауылдық жолдарды жөндеуді қаржыландыруға арналған стандарттарды қолдану, Самар ауылында сумен жабдықтау желілерін қайта құру бойынша комиссия құру туралы «ДСУ-14» ЖШС бас директоры А.И.Федосов ұсынды.
Қоғамдық кеңестің төрағасы Э.К.Дюсупов жыл сайын әкімдердің есептерін барлық деңгейде екі рет өткізу мүмкіндігін қарауды ұсынды. Баяндамашы сөзін Самар ауылында бос тұрған пәтерлер тақырыбында жалғастырды. Ержан Қабдығалиұлы аудан әкімшілігінің деңгейінде осы мәселе бойынша нақты шаралар қабылдауға уақыт келгенін айтты. Бұл жұмыс уақытты және көп күш - қуатты қажет етеді.
Сонымен бірге, Мәслихат депутаты Г.Шаймарданованы қаражат бөлу жөніндегі бюджеттік комиссияға қосу туралы ұсыныс енгізілді.
Аудан әкімі самарлықтар көтерген көптеген мәселелер бойынша оларды уақытылы жою үшін нұсқаулар мен түсіндірмелер берді. Қалған сұрақтар қағазға «түртіп» алынды.
Жаңа тағайындалған Миролюбовка ауылдық округ әкімі Т.Қасымханов өз есебінде Раздельное ауылында клубты жаңартуға болатын келесі жылға арналған жоспарларды белгіледі; Асламов көшесін жарықтандыру, Раздольное ауылының қиылысындағы жол учаскесін жөндеу. Аудан әкімі баяндамасында білім, мәдениет, жабдықтар сатып алу және мультимедиялық шкафтарды жарақтандыру үшін қаржы ресурстарының негізгі бағыттары жарияланды.
Аудан әкімі баяндамасында білім, мәдениет, жабдықтар сатып алу және мультимедиялық шкафтарды жарақтандыру үшін қаржы ресурстарының негізгі бағыттары жарияланды.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы жағымды сәттермен қатар, жағымсыз оқиғалар да байқалды. Мысалы, ауданда бруцеллездің эпизоотикалық жағдайы тұрақсыз болып қалады. Осыған байланысты Бастауыш, Көкжайық ауылдық округтерінде шектеулі ықпал ету шараларын енгізу қажет болды. Рамиль Нығыметжанұлы атап өткендей, «жердегі және аудандағы ветеринарлық қызмет мамандары жұмыс істеуге тиіс. Қалай болса да, жетістікке жету үшін алға бір қадам жылжудың өзі маңызды екенін атап өтті.
Зейнеткерлер К.Ахмедьянова, С.Телемісова, кәсіпкер В.Гранкина аудандық әкімшілікке, ауылдық округ әкіміне жасаған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, жаңа жылда қызметтің барлық салаларында қарқынын төмендетпеуін тіледі.


Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз