Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елбасының тапсырмасына сай елімізде барлық деңгейдегі әкімдердің жыл басында халықпен кездесіп, ел-жұртпен бірге өткенді ой елегінен өткізіп, болашаққа бағдар жасау, елдің айтқан арыз-талап, ұсыныс-тілектерінен хаттама жасалып, олардың кезең-кезеңмен орындалуын қамти отырып, бақылауда ұстау, атқарылған істермен алғы күннің міндеттері жайлы халыққа есеп беруі қалыптасқан дәстүрге айналды.

Әкімдердің ел алдында есеп беруі - атқарылған жұмыстарды тиісті деңгейде бағалап, орындалмағандарын жедел түрде шешу үшін күш жұмылдыруға және алдағы міндеттерді айқындап, нақтылауға мүмкіндік туғызбақ. Өткен аптада бастау алған аудан әкімі Р.Н.Сағындықовтың есеп беру кездесуі кестеге сай 1 ақпан күні Биғаш және Тассай ауылдық округтерінде өтті.


Биғаштың жергілікті тұрғындары ұйымшылдық танытып, әкімшіліктің мәжіліс залына көптеп жиналған. Аудандық мәслихат хатшысы Талғат Сарманов жүргізіп отырған есептік кездесу ауылдық округ әкімі Дулат Оспанов есеп беру баяндамасымен басталды. Қазіргі ауыл әкімі Дулат Мұратұлы таққа отырғанына 5 ай уақыттың жүзі ғана болды. Соған қарамастан атқарылған жұмыстар менмұндалай қылаң берді де. Өз есебінде ауылдық әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің дамуына, білім мен денсаулық жағдайына басқа да маңызды салаларының өткені мен бүгініне егжей-тегжейлі тоқталды.
Күн тәртібі бойынша Көкпекті ауданының әкімі Рамиль Нығметжанұлы 2017 жылы ауданда атқарылған жұмыстар жөнінде саралай келе алдағы уақытта көзделген міндеттерге тоқталып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Өз сөзінде аудан басшысы Елбасының биылғы халыққа жолдаған Жолдауына сәйкес халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған жаңа міндеттерді атап өтіп, аудандағы барлық салалар бойынша атқарылған жетістіктерді саралап берді.
Биғаш ауылының тұрғындары аудан әкімі, ауылдық округ әкімдерінің баяндамасын тыңдаған соң, өз ойларын ортаға салып ауылдағы өзекті мәселелерді айтты. Тұрғындар атынан сөз алған зейнеткер-ұстаз, Қ.Әлімбаев, «Тәуекел» ШҚ басшысы Б.Сәбитов және әйелдер кеңесінің төрайымы М.Жатақова аудан әкімі және жас әкімнің есебі мен жұмысына ризашылығын білдіре келе, ауылда осы күндері көкейкесті мәселе болып отырған телефон байланысы, жол, мектептің жағдайы, спорт жабдықтары мәселесіне әңгіме арнасын бұрды.
Ал есеп тыңдауға келген қауымның бүгінгі күнгі көлденең батпандай жатып алған күрделі мәселе Биғаштың қадір-қасиетін арттырып тұрған киелі бастаудың қазіргі жағдайы. Қытымыр қыстың сыңына түскен бастаудың суы қатып, ауыл тұрғындарын әбігерге салуда. Аудан әкімі аталмыш мәселелердің түйінін шешуге бағытталған жауап қайтарды.
Сайып келгенде, Биғаш ауылы жас әкімнің жұмысына жақсы баға беріп, оның әлі де ауыл тұрғындарының әлеуетін әуелетуге қанат қомдауда аянып қалмайтынына нық сеніммен айтып отыр. Билік пен халықтың осылайша сұхбат жасауы, болашақтың қамын бірлесе отырып бағамдауы өзінің жемісін беріп, тиімділігін көрсетуінде.
Ауыл халқымен етене жақын болған осындай жиын ауданымызда берекесі мен бірлігі арқылы бүкіл аудан халқын тәнті етіп отырған Тассай ауылында жалғасын тапты. Жалпы халық алдында есеп беру тек әкімнің мойнына жүктелетін міндет емес, бұл бүтін бір ауылдың еңбек қарқыны, бірігіп жасаған игі істердің танылатын кезі. Осыны жақсы білетін, әркез ашықтық пен шынайылықты ту еткен ауыл әкімі Ержан Мазыбаев алдын-ала дайындаған баяндамасына жалтақтамастан, қара-пайым тілмен есебін түсінікті, естір құлаққа жағымды етіп жұртшылыққа жеткізді.
Ал, жиын барысында сөз алған аудан басшысы Р.Н.Сағандықов өткен жылы жүзеге асқан игі істер мен игерілген қаржы жайлы мәлімет беріп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған іс-шаралардың жүзеге асқанын тілге тиек етті. Рамиль Нығметжанұлы өткен жылы атқарылған шаруалардың есебін баяндаған соң, тұрғындардың талап-тілегіне құлақ түрді. Жарыс сөзге шыққан Нұр Отан бастаушы партия ұйымының төрайымы С.Чалова, ауылдық мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Садықова аудан әкімінің жұмысын жақсы деп бағалап, алдағы істелінетін жұмыстарға табыс, сәттілік тіледі. Ал, Құрметті ауыл ақсақалы, еңбек ардагері Қуан ата өз ойын былай жеткізді:
- Біз сіздердің есеп берулеріңізді толық газет бетінен оқимыз және бүгінде түсінікті де жақсы айтып өттіңіздер, көңілге қонымды. Ал, менің айтпағым мынау Рухани жаңғыру дегеніміз, ол енді трибунада сайрау емес, ол үгіт-насихат емес, қолмен ұстап көзбен көргендей Елбасымыздың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» аясында өткізген ауданның, біздің ауылдық округтің жұмыстарына өте жоғары деп баға беремін. Бармақ Батырымызды, өзімізбен бірге болған, ауданның есімін елге паш еткен ақиық ақынымыз, өлкетанушы, жерлесіміз Қалиқан Алтынбаевтың 90 жылдығына өткен іс шаралар, «Әлем барысы» Айбектің ауылға келуі өскелең ұрпағымызға берген тәрбиенің бастауы. Осындай ауқымды істер әлі де жалғасын табатынына сенімдімін, - дей келе бірқатар ауылдағы өзекті мәселердің бірі жолдың жағдайы және қарапайым балықшылардың жағдайын бір жақты шешуін өтінді.
Елмен етене араласып, халық арасында жиі болған жағдайда билік басындағылар тұрғындардың тыныс-тіршілігін, оларды мазалаған мәселелерді жақсырақ түсінетіні белгілі. Сондықтан да, аудан әкімінің екі ауылдағы бұл жолғы есебі өте жоғары деңгейде, мазмұнды да әсерлі өтті.

КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз