Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Теректіге таза ауыз су келеді
Аудан әкімі Рамиль Сағандықовтың алғашқы іссапары Теректі ауылдық округінен басталды. Ауыл тұрғындары ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға көңілдері тоқтығын білдірді. Соңғы жылдары бұл ауылда жаңалық көп. Оның ішінде мектеп пен әкімшілік ғимараты жөндеуден өтті, балабақша ашылды. Былтырғы жылы орталық көшелердің бірі Бөгенбай Батыр көшесіне жарық тартылды. Көшелерді жарықтандыру мәселесі биылғы жылы да жалғасын табатынын ауыл әкімі Ержан Күзембаев баяндамасында жеткізді.
Басты жаңалық – 2018 жылы Теректі ауылына таза ауыз су келеді. Республикалық бюджеттен бөлінген 307 миллион теңге қаражатқа ауылдың көшелеріне ауыз су құбыры тартылады. Ауыл тұрғындарының көптен күткені де осы болатын, олар көңілдегі қуаныштарын қошеметпен білдіріп, аудан әкімінің жылдық есебіне жоғары баға берді.


Аудандық мәслихат хатшысы жүргізіп отырған есептік кездесу ауылдық округ әкімі Ержан Күзембаевтың есеп беру баяндамасымен басталды. Бір айта кететіні, аудан әкімі және ауылдық округ әкімінің есептік баяндама тезистері аудандық газетте жарық көрген. Сондықтан да, жиын барысында айтылған басым бағыттар мен тұрғындар көтерген түйінді мәселелерге тоқталуды жөн көрдік.
Рамиль Нығметжанұлы өз кезегінде 2017 жылдың Көкпекті ауданы үшін айтарлықтай табысты болғанын атап айтты. Бұған дәлел етер айғақ көп. Ауыл шаруашылық бағытындағы ірі қожалықтардың жұмысы қарқынды. Соның арқасында халықтың әл-ауқаты да тұрақты түрде артып келеді. Жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Жаңадан ашылған жұмыс орындарына жергілікті халық тартылуда. Өткен жылы аудан экономикасына тартылған инвестиция көлемі де қомақты. Өзіндік кіріс мөлшері де айтарлықтай артып отыр.
Жарыссөзге шығушылар қатары біршама. Ақсақалдар алқасының төрағасы Әбен Бағадиев ауылдастарын береке-бірлікке бейімдесе, аудандық мәслихат депутаты Қанат Садықов жерлестерін кез келген мәселені бірлесіп шешуге шақырды. Жас маман Мақпал Елеусізова мектепке жаңа автобус керектігі туралы тілегін жеткізді. Округтің барлық тұрғындарының да тілегі осы. Соңғы жылдары оқушылар білім жағы не спорт саласы болсын оңды нәтижелер көрсете бастаған. Жарысқа немесе байқауға шығу үшін мектеп директоры көршілес білім ордаларының көлігін сұрап шауып жүргені. Бұл мәселе бойынша түсініктеме берген Рамиль Нығметжанұлы білім беру, дене шынықтыру және спорт бөліміне нақты ұсыныс енгізу туралы тапсырды.
Сонымен бірге, тұрғындар көтерген жер телімін жалға беру, мал жайылымын ұйымдастыру сұрақтары бойынша жауапты бөлім басшылары тапсырмалар алды. Үмітпек Әңкебаев және Атабай Юсупов сынды ауылдың көнекөз қариялары аудан орталығындағы мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің өз жұмысына деген немқұрайдылығына, әсіресе жер бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасының төмендігіне қынжылыстарын жасырмады. Аудан басшысы барлық сұрақтар назарға алынып, тиісті шешімдер қабылданатынын жеткізді.

Шұғылбайда атқарылған шаруа көп
Шұғылбай ауылында өткен есептік кездесуде ауыл тұрғындары аудан және ауыл әкімінің 2017 жыл көлемінде атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарын тыңдады. Жиында айтылғандай, биыл да Шұғылбай ауылында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағдарламаларын ауылдық округ көлемінде іске асыру, азаматтардың әл-ауқатының өсуін қамтамсыз ету, округ тұрғындарының тұрмыс жағдайының жақсаруына ықпал етуге жүйелі жұмыстар жүргізіле бермек.
Тұрғындармен кездесудегі сөзін бастаған ауыл әкімі Қайрат Алғазиновты округ халқы мұқият тыңдады. Былтырғы жылғы есептік жиында көтерілген бірқатар мәселелердің оң шешімін табуының өзі ауыл халқын сергітіп тастады. Атап айтқанда, көшелерге жарық шамдары орнатылған. Оқушыларды тасымалдауға жаңа Газель көлігі беріліп, бұл мәселе түбегейлі шешілді. Мектепте асхана жұмыс істеп тұр. Барлық оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Мектептің ұжымымен бірлесе отырып мемлекеттік мерекелер мен ұлттық мейрамдардың барлығы аталып өтуде. Спорт үйірмелері де кешкілік ауыл жастары үшін жұмыс істейді.
Мал басы санының орташа деңгейі сақталып отыр. Шаруа қожалықтары арқылы округке 24830,0 мың теңгенің инвестициясы тартылған. Оған «Салтанат», «Қажымұқан», «Мейірбек», «Марал» шаруа қожалықтары алған ауыл шаруашылық техникалары кіріп отыр. Өткен жылы атқарылған істің бірі Шұғылбай-Өрнек ауылдарының аралығындағы жолға қаржы бөлініп, тасқұм төгіліп, ағымдағы жөндеу жұмысы атқарылды. Ауылдың кіре берісіндегі су ағатын құбырға «Алеке» және «Тұлпар» ШҚ көмегімен жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Жиын барысында ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар түйінді мәселер де көтерілді. Ветеринарлық инспектор Қайыр Қалдыбаев жастардың бос уақытын тиімді қамтуға көңіл аударып, клуб үйін жөндеуден өткізу қажеттігі туындап тұрғанын айтса, шаруа қожалық басшысы Төлеухан Ахмадиев жастардың атынан шағын футбол алаңын салып беру туралы тілегін жеткізді. Сондай-ақ, жер телімдерін тиімді пайдалану, таза ауыз сумен қамту сынды қордаланып қалған мәселелер ортаға салынды.
Тұрғындармен сұхбат түрінде әңгімелескен аудан әкімі әр маңызды мәселені сараптай келе, шешу жолдарына терең тоқталды. Барлығын аудан бюджетінің мүмкіндігіне қарай қарастыратынына баса назар аударды.
Есептік кездесуде байқағанымыз, тұрғындар тарапынан қойылатын сұрақтар жыл сайын азайып келеді. Бұл әлеуметтік маңызы бар мәселелердің түйіні тарқатылғандығының белгісі болар. Аудан әкімінің жұмысына көңілі тоқ ауыл тұрғындарының қай-қайсысы да жоғары баға берді.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз