Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданы әкімдігінде «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатынан жастар мәслихатына сайланған депутаттарды салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Бұл шараға Көкпекті  ауданының әкімі Рамиль Нығметжанұлы Сағандықов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Слямбек Насырбайұлы Мұқашев және ауылдық округтің жастар саясаты мамандары қатысты.

 

Елдің ертеңгі тірегі – бүгінгі жастар. Білім-ді де саналы жас азаматтарға үлкен сенім артқан Елбасы «Жас Отан» жас-тар қанатын құруға бастама көтеріп, бұл ұйымды «елдегі жас-тар қозғалысының басты ядросы» ретінде атап өткен болатын. Олардың алдында тұрған міндеттер де белгіленді. Енді міне, жастар депутат ретінде сайланып, өз өңірінде қордаланған мәселелерді шешуге қолғабыс етпек.
Салтанатты қабылдау барысында ау-дандық Жастафр орталығының директоры Азамат Серікұлы Халықов баяндама жасап, өз баяндамасында ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде өткен жастар маслихатына депутаттар сайлауының өтуі туралы есеп берді.
Сонымен қатар, жиында аудан әкімі Р.Сағандықов белсенді жастарға сәттілік тілеп, ауыл жастардың ішінен суырылып шыққан 13 жасқа депутаттық мандатты тапсырып, арнайы төсбелгі мен қызметтік куәлікті қолдарына табыстады. Енді олар жастарды толғандырып жүрген мәселелерді көтеріп, оның шешілуіне атсалыспақ.
Қазақ елінің халықаралық беделі – тек жастар үшін. Бұл Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының негізі. Сондықтан бүгінде жастар саясатының жаңа міндеттерін белгілеудің маңызы зор.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз