Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Еліміздегі зейнетақы жинақтау жүйесін жаңғырту мәселесі бойынша аудан әкімінің орынбасары Алмагүл Әкімованың төрағалығымен, Қ.Ал-тынбаев атындағы мәдениет үйінде Шығыс Қазақстан облыстық «БЖЗҚ» Акционерлік қоғамы филиалының көшпелі қызмет көрсету бөлімінің бастығы Алида Рафхатқызы На-сырованың қатысуымен келелі жиын өтті. Жиындағы маңызды сұрақты талқалауға округ әкімдері, үкіметтік емес ұйымдар басшылары, тұрғындарды әлеуметтік қолдау жағын қамтамасыз ететін мемлекеттік бөлімнің өкілдері қатысты.


Зейнетақы жүйесін өзгерту кімге тиімді? Міндетті зейнетақы жар-наларының көлемі өзгере ме? Олардың сақталуына кім кепіл? Бұл бүгінгі күні қазақстан-дықтардың көпшілігінің көкейінде жүрген сұрақтар.
«БЖЗҚ» АҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. Қазақстан Рес-публикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы «БЖЗҚ» АҚ-ның құрылтайшысы әрі акционері болып табылады.
«БЖЗҚ» АҚ-ның мемлекеттік акциялар пакеті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруында тұр. «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтерін басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Рес-публикасының Президенті жанындағы Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңеспен бірлесіп жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдар жасау функциялары Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық Қорды басқару жөніндегі кеңеске берілді.
«БЖЗҚ» АҚ – есеп берушілік, айқындылық, этикалық тәртіп, мүдделі тұлғалардың мүдделерін құрметтеу, заң басымдылығын сақтау, еліміздің жұмыс істейтін тұрғындары қатысушылар болып табылатын адам құқықтарын сақтау қағидаттарын ұстанатын әлеуметтік жауапты ұйым.
Сонымен қатар, «БЖЗҚ» АҚ негізгі қызмет түрлеріне: зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды бекіту; міндетті зейнетақы жарналарын; міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын; ерікті зейнетақы жарналарын тарту арқылы жасау (жеке зейнетақы шотын ашу); төлемдерді ресімдеу; салымшыларға (алушыларға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жеке зейнетақы шотынан ақпарат беру; жеке зейнетақы шоттары иелерінің деректемелерін өзгерту (жеке және байланыс ақпараты); жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеу және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет мәселелері бойынша тегін кеңес беру болып табылады.
Сонымен қатар, Алида Насырқызы зейнетақы жүйесіндегі жас аналарға байланысты өзгерістерді жан-жақты айтып берді. 2014 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда әйелдердің бала күтімі бойынша демалыстағы міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау жүйесі енгізілген.
Тұрғындармен жүргізілген ашық сұхбат барысында Алида Насырқызы, қарапайым халықты толғандыратын сұрақтарға жауап берді. Атап айтқанда, жиынға келген көпшіліктің алаңдатқаны, әйелдердің зейнет жасын өсіру туралы болды. Осы сауалға жауап бере отырып, маман мәселенің мән-жайын егжей-тегжейлі түсіндірді.
2018 жылғы қаңтардан бастап ҚР «Зей-нетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы әйелдердің зейнеткерлік жасы жыл сайын 2027 жылға 63 жасқа дейін жеткенше көтеріледі делінген болатын. Сондай-ақ, тұрғындарды зейнетақы жинақтарының сақталуы және қайтыс болуына байланысты салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын төлеу қызықтырды.
Кездесу соңында Алида Рафхатқызы барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіріп, бұндай кездесу әлі де жалғасатынын айтты.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз