Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданы Самар ауылына ат басын тіреген елге танымал азаматтар Елбасының халқымызға арнаған Жолдауының басты басымдықтарын жұртшылық жүрегіне жеткізуді көздеді. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Б.С.Дюсембинов, ШҚО облыстық еңбек инспекциясы басшысы Б.К.Қизатов ауыл тұрғындарының көңіліндегі келелі әңгімені өрбітті. Кездесуге ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, шаруа қожалықтар өкілдері мен ауыл азаматтары қатысты.
Халық қалаулысы Берік Сәлімжанұлы бүгінгі таңда қазақстандықтармен кеңінен талқыланып жатқан ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ-станның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының стратегиялық басым-дығының мазмұнын, соған байланысты алға қойылған міндеттер мен мүмкіндіктерді саралай талдады.


- Елбасы Жолдауы - уақыттың өзі тудырып отырған бағдарлама, жас мемлекетіміздің алға қарай даму бағытын айқындайтын құжат. Елбасы Жолдауында «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек» деп агроөнеркәсіптік кешенге баса көңіл бөлді. Жақын арада біз әлемде аграрлық экспорттық өнімдерді өндіретін алып елдің біріне айнала аламыз. Бұл міндеттерді іс жүзіне асыру үшін шикізаттық өндірістен жоғары сапалы өңделген өнім шығару шараларын қолға алуымыз керек. Тек сонда ғана біздің ауылшаруашылық өнімдеріміз халықаралық нарықта бәсекеге түсе алады, - деп қадап айтты Берік Сәлімжанұлы. – Елбасы Жолдауын оқып, зерделеу, оны жүзеге асыру әрқайсымыздың, соның ішінде депутаттық корпус үшін күннің басты тақырыбы болуы тиіс. Президент алға қойған басымдықтардың мән-мағынасын біз сайлаушыларымызға жеткізуге міндеттіміз.
Бұдан әрі депутат қатысушыларды ел ішін толғандырып отырған ең өзекті мәселелерді, қолданыстағы заңдардағы айырмашылықтар, көңілге қонымсыз жағдайлар жайлы пікірлерін ортаға салуға шақырды. Бұл сұрақтардың билік басындағыларға, министрліктегілерге жеткізілетінін және оларды орындауға мүмкіндік беретінін түсіндірді.
Кездесу барысында Самар ауылы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы А.Садықов, әйелдер кеңесі төрайымы Э.Степанова, «Дюсупов» ШҚ басшысы, жергілікті қоғамдастық төрағасы Е.Дюсупов «Дәншік» балабақшасының меңгерушісі Г.Шаймарданова, аудандық мәслихат депутаттары Е.Сихварт, А.Бикатова, еңбек ардагері М.Умиров, Миролюбовка округінің әкімі Г.Асауп, Құлынжон округі әкімі Ш.Шаиргазина өз қөзқарастарын, ойларын білдірді.
Ауыл тұрғындары пікір алмасулар барысында халықтың өмір сүру жағдайларына тікелей әсер ететін көкейдегі бірқатар сұрақтарды қозғады. Мәселен, жанармай, электр энергиясы, суды пайдалану бағасын реттеу, ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу, тұрғындарды жұмыспен қамту, балалар жәрдемақысын өсіру, ауылда кооперативтер құрудың қағидалары және басқа да көптеген мәселелер.
Кездесуде көтерілген сұрақтардың барлығын қойын дәптеріне түртіп алған ҚР Парламент Мәжілісі депутаты бірде-бір ұсыныс пен мәселе назардан тыс қалмайтынын және міндетті түрде жазбаша жауап қайтарылатынын айтып, уәде берді.

Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз