Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

14 маусым күні Күршім ауылында Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісі депутаттары, орталық және облыстық атқарушы органдардың қатысуымен форум өткізілді. Оның барысында Шығыс Қазақстан облысында балық шаруашылығы саласын дамыту туралы сұрақтар қаралды.

Форумда Көкпекті ауданының әкімі Д.М.Мусин баяндама жасады. Ол балық шаруашылығы саласын дамытуды тежеп отырған мәселелерді атап қана қоймай, оларды шешудің жолдарын көрсетті. Оқырмандар есіне сала кетсек, жыл басында аудан әкімінің бастамасы бойынша Тассай ауылында құқыққорғау органдарының және облыстық департамент пен басқармалар, аудандағы балық саласы кәсіпорындары жетекшілері және балықшылардың қатысуымен кеңейтілген кеңес отырысы өткізілген болатын. Алғаш рет өзекті мәселелер талқыланып, сарапталған еді. Алайда, мәселелердің негізгі бөлігін шешу, көбінесе, жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кірмейді.

 

Аудан бойынша жағалаудың көлемі 248 шақырымды құрайды. Ал, балық аулау кәсібімен 7 ауылдық округ айналысады. Экономикалық тұрғыдан балық аулау саласындағы белсенді тұрғындар 2,5 пайызды алып отыр. Оның ішінде 323 балықшы болса, 120 астам қайта өндеу жұмысымен қамтылған. Ауданда жылына қуаттылығы 1200 тоннаны құрайтын «Рыбпром» ЖШС жұмыс істейді. Өнеркәсіптің жұмыс бастылығы 44 пайыз. Ауданның жеті табиғат байлығын пайдаланушылары үшін шектеу 1526 тонна, оның 60 пайызы жергілікті балықшылар үлесінде. Ал, басқалары Еңбек заңнамасын бұза отырып, байқауды жеңіп алғандардың қарамағына жұмысқа жалданады.

Күршімде баяндама жасай отырып, Дүйсенғазы Мағауяұлы балық саласының басым бағыты ретінде тауарлы балық шаруашылығын дамыту екенін айтты. Бұл болашақта ішкі нарықты отандық өнімдермен 80 пайызға дейін қамтамасыз етеді. Осы бағыттың негізі – аквамәдениет, яғни балық ресурстарын жасанды ұдайы өндіру болып табылады. Қазіргі таңда ауданда балық кластері құрылып жатыр. Кластердің техникалық өндірісі толық циклді, яғни, өндіруден терең қайта өңдеуге дейінгі, содан жүзеге асыруды қарастырмақ. Оның аясында екі жоба іске асырылады: «Кузьмич» ЖШС және «Миролюбовка уылдырық өсіру шаруашылығы» ЖШС. Жалпы алғанда, бұл жағалау округтері тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесін шешудің бірден бір жолы. Сондай-ақ, ол «Рыбпром» ЖШС жүктеуін толық қуатта пайдалануға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаттарына қарата айтқан сөзінде Дүйсенғазы Мағауяұлы республикалық және халықаралық маңыздағы балықшаруашылығы учаскелерін бекіту бойынша байқауларды өткізу Ережесіне өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жасады. Яғни, ол -рейтингілік балдарды есептеу кезінде жағалау маңайындағы ауылдар ұйымдарына басымдылық беру болып табылады. – Бұл мәселені жергілікті биліктің аясында, аймақтарда дәл осындай байқаулар өткізудің құқын беру арқылы шешуге болады, - деп толықтырды ол.

Сонымен қатар, аудан әкімі жеке меншіктік шаруашылықтарды дамыту мәселесін көтерді. Олардың қызметінің әлі күнге дейін құқықтық, экономикалық негіздерінің ұйымдастырылмағандығын да жеткізді. Осы жағдайда жеке меншік шаруашылықтар ауылшаруашылығы үлесіндегі ІНӨ 70 пайыз көлемді құрайды. Дүйсенғазы Мағауяұлы, сондай-ақ, осы іспеттес шаруашылықтардың құқықтық базасын қалыптастыру және оларды дамытуға мүмкіндік беретін «Жеке меншік шаруашылығы туралы» Заңды қайта қарауды ұсынды.

Күршімдегі форумға қатысушы Жанат Ибрагимов аталған кеңес жағалау аймақтарындағы халықтар үшін айтарлықтай маңызға ие екенін атап өтті. – Кеңес барысында көтерілген мәселелер Шығыс Қазақстан облысы жағалау аймақтарында кейінгі жылдары қордаланған әлеуметтік және өндірістік мәселелерді дұрыс жолға қоюға септігін тигізеді, - дей келе, ол Мәжіліс депутаттары мен орталық атқарушы органдардың өкілдері айтылған ұсынысты ескереді деген сенім білдірді.

Надежда ШАРОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз