Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан орталығында орналасқан имандылық пен рухани құндылықтың мекені орталық мешіттің бүгінгі тыныс-тіршілігінен құлағдар болу мақсатында бас имам Нұрнәсір Дүйсенді әңгімеге тартқан едік.
Естеріңізге сала кетсек, орталық мешіттің бас имамы болып жаңадан Нұрнәсір Дүйсен тағайындалған болатын. Нұрнәсір Үржар ауданының тумасы, имандылық жолына түсуіне әкесінің ықпалы болды. Ол 2013 жылы Нұр Астана медресесін, ал 2016 жылы Нұр Мүбәрәк университетін бітірген. Әкесі үлкен имам, қажылыққа барған кісі. Орталық мешіттің бас имам қызметіне кіріскеніне көп уақыт өтпесе де, Нұрнәсір мешітте атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларын баяндап берді:


- Мешіт қашаннан да ілім мен білім, тәрбие мен тағылым, иман ордасы болып саналады. Хақ дініміз – барша адамзатқа жіберілген бірліктің діні. Көкпекті ауылындағы орталық мешітте барлығы 4 наиб имам жұмыс атқарады. Орталық мешіт аудан көлеміндегі барлық іс-шараларға белсене қатысып, жоспарлы түрде әртүрлі діни уағыз жұмыстарын жүргізіп отырады. Қазіргі уақыт діннің сауатты түрде өркениетпен ұштасуын талап етеді. Біз осыны қолдаймыз. Біз Тәуелсіздікті жариялағаннан кейін құлап бара жатқан дінімізді қайтадан тік тұрғыздық. Мешітке көп халық, әсіресе, жастар келеді. Имандылыққа бет бұрып, ел бірлігін, халқымыздың болашағын бірге тілесек, тілегіміз орындалады. Алдағы уақытта көптеген игі істер атқарылатынына сенімдімін, - деді бас имам. Сонымен қатар, мешіттің жанындағы қатымхананың құрылыс жұмысына да тоқталып өтті.
- Қатымхананың құрылысы ақырындап жүріп келеді. Қазіргі таңда, құрылыс жұмысын бастауға облыстан рұқсат қағазын тосып отырмыз. Өз-деріңіз көргендей кірпіш, құм бәрі дайын тұр.Тағы бір айта кететінім, Көкпекті ауылындағы жаңа қатымхананың құрылысына қолдау көрсетіп жүрген азаматтарға еңбектеріне жеміс, шаңырақтарына береке-бірлік тілеймін. Алла Тағала жүректеріңізді иман мен ізгілікке толтырып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасар бақыт сыйласын! Демеушілік көрсетіп жүрген осынау азаматтардың елдік ісі кейінгі жастарға үлгі-өнеге болады деген сенімдемін.
Мешітке құрмет, қолдау көрсету өте сауапты және жамағатты бақытқа бөлейтін әрекет екені әркімге аян. Олай болса, Алланың жердегі үйі, мүмін-мұсылманның басын бір жерге қосатын құт мекенді әрқашан қадірлей білейік.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз