Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мемлекеттік кірістер, еліміздің негізгі мемлекеттік ресурстарын жұмылдыру және жұмсаудың негізгі құралы бола отырып, сая-си билікке экономиканың басым секторларын дамытуға елеулі үлес қосып, халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуіне ықпал етуге нақты мүмкіндік береді. Қазақстан экономикасы дамуының негізінің бірі – салық түсімдері екені анық.


«Агент» боп саналатын мемлекеттік орган - Мемлекеттік кірістер Комитеті, ал «клиент» ретінде, әрине, салық төлеушілер болып табылатын «Агент-Клиент» жаңа жүйе құру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жыл 14 тамызындағы № 933 қаулысына сәйкес салық және кеден қызметінің бірігуі жолымен Мемлекеттік кірістер комитеті құрылды. Соған орай, 14 тамыз аталған салада қызмет ететін жандардың кәсіби мерекесі деп айтуға толық негіз бар.
- Көкпекті ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мекемесінің ұжымын, барлық әріптестерімді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Кез келген істің өнуі оны жүзеге асырып отырған қызметкерлерге байланысты. Қызметкерлер туралы айтқанда, нәтижелі еңбектің сара жолын салып, еліміздің, аудан экономикасының дамуына өз үлестерін қосып, жаңа буынды адал еңбек етуге үйреткен сала ардагерлерін атап өтпеу мүмкін емес. Олар: Фатима Мажибаева, Сайлаубике Фахрутдинова және Зоя Гердт. Осы жандарды Мемелекеттік Кірістер күнімен құттықтап, ең ізгі тілектерді тілей отырып, ерекше алғысымды білдіремін, - дейді Көкпекті ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер басқармасының басшысы Қуаныш Омаров. Мекеме басшысы ұжымда тәжірибелі мамандармен қатар, өз ісін қажетті деңгейде меңгерген, білгір жас мамандардың да бар екенін айтып өтті.
Басқарма басшысының сөзіне сүйенер болсақ, салықтарды жинау жане салық қызметін көрсету нәтижесі бойынша қойылған тапсырмаларды орындау жоғары дәрежеде. Атап айтар болсақ, Көк-пекті ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер бас-қармасы 2016 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша берілген жос-пар 499,6 млн. теңге болса, мемлекет бюджетіне 577,4 млн. теңге қаржы түсті, яғни орындалуы 115,6 % көрсетеді. Өткен жылдың осы кезеңімен са-лыстырғанда түсім 157,5 млн. теңгеге көбейді, өсу қарқыны 137,5 % құрайды.
Көрсеткіштердің жоға-ры болуы ұжымдағы қызметкерлердің бірлігі мен өз ісіне деген жауап-кершілік сезімдерінің жоғары болуының ар-қасында екеніне дауымыз жоқ. Соның нәтижесінде 2016 жылдың бірін-ші жартыжылдығында уәкілетті органдардан келіп түскен мәліметтерді салық төлеушілердің тапсырған салық есептілігімен салыстыру арқылы камералдық бақылау жүргізу негізінде бюджетке 103,8 млн. теңге қосымша қаржы түсті. Ағымдағы жылдың 1 қаңтар - 30 маусым аралығында салық органымен 211 салық төлеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 157 салық төлеушіге «ескерту» жасалып, 54 салық төлеушіге жалпы соммасы 1,5 млн. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Бұл салада атап өтетін тағы бір тұсқа келер болсақ, биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық Кодексіне біраз өзгерістер енгізілген. Аталған өзгерістер бойынша жыл басынан бастап салық төлеушілермен 16 семинар-кеңес өткізілді. 2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасының әр азаматына салық міндеттемерін орындау барсында өзгерістер енгізілген. Олар жыл басынан бастап, алдағы 5 жыл ішінде күшіне енеді. Жаңа өзгерістер жеке кәсіпкерлер мен салық төлеушілерге біраз жеңілдіктер әкелетін болады.
«Ауданымыздың кәсіпкерлеріне, негізгі са-лық төлеушілеріне де алғысымды жеткізгім ке-леді. Себебі, дәл осы адамдардың арқасында жерлестеріміздің көпшілігі жұмыспен қамтылып, ал бюджетімізге негізгі кіріс кіріп отыр», - деп атап өтті Қуаныш Рүстембекұлы.
Мемлекетіміз үшін аса маңызды сала иелерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, ел мүддесі үшін іске асырып отырған еңбектеріне табыс тілейміз. Аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының жасалған жұмыстарына қарап, ұжымда көп жыл еңбек еткен ардагерлердің тәжірибесіне нұсқалған бағытты бірден іліп әкететін жастардың жалыны қосылғанда кез келген істің нәтижелі боларына көз жеткіздік.

Жансая ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз