Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елбасының жас жеткін-шектердің мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында 1 тамыздан «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы басталды. Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасын табатын акцияның мақсаты – тұрмысы төмен отбасы балаларын мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтармен қамтып, са-баққа баруын қамтамасыз ету.


Қазақстан Республикасының Білім басқармасы хабарлағандай, ағымдағы жылы акция Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өтеді. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 19 маусымдағы № № 3-18-3/2509 хатының негізінде аудандық білім беру бөлімі бойынша 01 тамыздан 30 қыркүйек аралығында ұйымдастырылатын «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы туралы бұйрық шығарылды. Рейдтік шаралар барысында балаларды мектепке қайтаруға аса көңіл бөлінеді. Себебі, қазіргі кезде республикада 2014-2015 оқу жылымен салыстырғанда оқумен қамтылмаған балалар саны 9,4%-ға өскендігі (2016ж.-181, 2015ж. – 164) анықталды. Оқумен қамтылмаған балалар санының ең жоғары көрсеткіштері Оңтүстік Қазақстан облысында (62), Батыс Қазақстан (24), Атырау (19), Шығыс Қазақстан (12), Жамбыл (10) облыстарында байқалған. Осы бұйрық негізінде облыстың барлық мектептерінде акция басталып кетті. Акцияны тиімді ұйымдастыру және өткізу мақсатында аудандық білім беру бөлімінде іс-шаралар жоспары әзірленіп, акция аясында білім беру бөлімі, ішкі істер бөлімі және ауылдық округтерінің әкімдерімен бірлесіп әрбір елді мекенде, фермада, саяжайларда, егістік алқаптарында рейдтік шаралар ұйымдастырылуда. Әр мектеп барлық ықшам аудандар бойынша әр үйді аралап, 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалар тізімі жасалады.
Аталмыш акцияның біздің аудан көлемінде қалай жүзеге асырылып жатқандығы туралы Көкпекті аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Нұргүл Тілеубекқызы Қапшықова баяндап берді.
-Көкпекті аудандағы білім беру мекемелері бойынша былтырғы оқу жылында мектепке жол акциясы негізінде жиналған қаражаттың сомасы 5195,870 мың теңге болды. Барлық бала саны 878, оның ішінде аз қамтылған жанұяның 434 баласына, көпбалалы жанұяның 360 баласына, 35 қамқорлықтағы, 12 патронат отбасындағы балаларға 5 195,870 мың теңгеге ( оның бюджеттен 238 балаға 2 981,000 теңге, бюджеттен тыс 640 балаға 1 701, 870 теңге) көмегі берілді. Акция барысында мектеп мұғалімдері, кәсіпкерлер, демеушілер көмекке тартылды. 18 жеке кәсіпкерлер тарапынан 712 мың 200 теңге, 15 шаруа қожалық иелері тарапынан 217 мың 200 теңге ақшалай көмек көрсетіліп, оқу-құралдары, аяқ киім, киім-кешектермен көмек жасалынды. Барлық ауылдарда «Мектеп жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, жәрмеңке күндері мектеп формалары, оқу құралдары арзан бағамен сатылды.
«Мектепке жол» акциясы барысында белсенділік танытқан Көкпекті ОМ 295 150 тг, Ж.Шайжүнісов ОМ 200 000 тг, Октябрь ОМ 170 000 тг, Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешені 150 000 тг, Самар БМ 103 720 тг, Маяковский НМ 105 000 тг, Көкжайық ОМ 88 000 тг, Преображенка мектебі 86 000 тг, Казнаковка ОМ, Амангелді ОМ (К), Әуезов ОМ, Көкжота ОМ Шәріптоғай НМ, Пантелеймоновка НМ, Куйбышев негізгі мектептері 70 000 теңгенің көлемінде көмек көрсеткен. Қалған мектептерден акция кезінде 20 000 - 40 000 теңге аралығында көмек көрсетілді. Барлық мектеп оқушыларына қажетті жағдай жасау бойынша, атап айтқанда, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларды жаңа оқу жылына дайындау 30 қыркүйекке дейін жалғасын тапты.
Сонымен бірге, биылғы оқу жылында акцияның көрсеткіші былтырғы жылға қарағанда көп болатынына сенімдімін. Осы жүріп жатқан шараларға мектептен шыққан түлектерімізді, жүрегінде қайырымдылық оты бар кәсіпкерлерді атсалысуға шақырамыз,- деп сөзін аяқтады Нүргүл Тілеубекқызы.
Мұндай акциялар арқылы біз оқушылардың әлеу-меттік жағдайын жақсартып, олардың білім алуға деген ұмтылысын біршама арттыра түсетінімізге сенім мол.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз