Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Көкпекті аудандық мәслихатының кезекті бесінші сессиясы болып өтті. Мәслихат депутаты Дархан Дюсембаев төрағалық еткен мәжіліске аудан әкімі Р.Н.Сағандықов мәслихат депутаттары және тиісті бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.


Сессияға аудандық мәслихаттың 13 депутатынан 9 депутат қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «2016-2018 жылдарға арналған Көкпекті ауданының бюджеті туралы» Көкпекті аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 42-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» бірінші мәселесі бойынша баяндама жасау үшін Көкпекті аудан әкімімінің орынбасары Алмагүл Жанахметқызы Әкімова сөз алды.
Ал, күн тәртібінде тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы қағиданы бекіту, Көкпекті ауданы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу, Көкпекті аудандық мәс-лихатының 2015 жылғы 14 шілдедегі № 37-4/22 Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 3 сәуірдегі Көкпекті аудандық мәслихатының рег-ламентін бекіту туралы № 22-6/2 шешіміне өзгеріс енгізу шешімінің күшін жою туралы әр түрлі мәселелер талқыланды. Көкпекті аудандық мәслихатының алтыншы сессиясының төрағасы бекіту мәселесі бойынша аудандық мәслихат хатшысы Сарманов Талғат Манафұлы хабарлама жасады. Сессияда қаралған мә-селелердің шешімдері қабылданды.
Сессия соңында аудан әкімі Р.Н.Сағандықов депутаттармен ой бөлісіп, қоғамның ортақ мүддесі үшін бірге жұмыс жасауға шақырды.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз