Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Құрметті әріптестер! Сіз-дерді төл басылымның мерейтойымен құттықтаймын!

Тарихқа назар аударсақ, газет өз оқырманына рухани азық бола бiлдi, ал оның журналистерi қоғам өмiрiнiң өзектi мәселелерiн үнемi қозғап келдi. Басылым 80 жылдың iшiнде маңызды әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды көтерiп, жедел жаңалықтар жариялап, кәсiби және тәжiрибелi журналистика мамандарын дайындады. Газет беттерінде жарияланған мазмұнды материалдар арқылы қазақ жастарының әлденеше ұрпағы тәрбиеленiп шықты. Қазiргi тәуелсiздiк кезеңiнде де газет өзiнiң осы игi дәстүрлерiне берiк болады деп сенемiн.

Сiздерге шығармашылық табыс, оқырманға қызықты мате-риалдар, ал «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетiне жарқын болашақ тiлеймiн!

Марат Нұрғазыұлы Манасбаев,

«Казахстанская правда» газеті

ғаламтор редакциясының жауапты редакторы

 

Көкпекті аудандық «Жұл-дыз» - «Новая жизнь» газеті 80-ге толып отыр!

Сексен жылдық тарихы бар аудандық газеттің мазмұны бай, өрісі кең. Ауданда атқарылып жатқан игі істерді, соңғы жаңа-лықтарды, жалпы тың деректерді осы газеттен табасыз. Тарихына үңілсек, бұл басылым ХХ ғасырдың 30 жылдары  «Красный скотовод», «Үлгілімалшы» атауымен шыға бастады. Содан бері газеттің атауы да, мазмұны да, безендірілуі де өзгерді. Жыл са-йын оқырмандар саны да артып келеді, бүгінде бес мың данамен тарайды.

Газет ұжымы 2013 жылы облыс әкімінің жүлдесіне арналған конкурсқа қатысып, «Тірек ауылы - мемлекет тірегі» номинациясын жеңіп алғаны да белгілі. Сонымен қатар, газеттің жаңалығы жаңарып отыратын жеке сайты да бар. Көкпекті аудандық газетінің осы жетістіктері шығармашылық ұжымның қажырлы еңбегінің арқасы. Газеттің шығармашыл ұжымына шығармашылық табыс тілеймін! Қаламдарыңыз ешқашан мұқалмасын!

Ізгі ниетпен: Уәлихан Тоқпатаев,

 облыстық «Дидар» газетінің редакторы

 

Сіздерді қазақ баспасөзінде алар орны бар, тамырын те-реңнен тартқан, тарихы тұнық – «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Ақпарат ағыны толас таппайтын заманда бәсекелестіктің бәсін жеңіп, өзінің сындарлы қалпын сақтап, биік белестерден көрініп, Көкпекті ауданының қоғамдық үніне айналған қазақ басылымдардың бірі де бірегейі - «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газеті.

Халық шынайы тілекші болған, руханияттың тірегі – «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газеті аға ұрпақтың жарқын дәстүрін жалғастырып, бұқара игілігі үшін қызмет істеп, жаңалық пен жақсылықтың жаршысы, үлгілі істердің ұйымдастырушысы, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын барша оқырмандардың рухани жан азығы болып келеді.

Бұл күнде «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газеттерінің озық ойлы оқырмандары қалыптасқан бағыт – бағдары айқын беделі биік басылым. Қалың бұқараның жоғын жоқтап, мұңын мұңдаумен қатар, Көкпекті ауданының саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени һәм рухани әлемінің, бұрынғы мен бүгінгінің келбетінің айнасы, жарқын болашағының бағдаршамы іспетті.

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев айқындап берген ұлы мақсаттардың жергілікті жерде жүзеге асырылуы, өңір дамуындағы оң өзгерістер, жағымды жаңалықтар Көкпекті ауданының тұрғындарын жігерлендіріп, рухын көтереді, игілікті істерге ынталандырады, сенімін шыңдайды.  «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газеттерінің осы бағыттағы ойлы, өміршең мақалалары оның оқырман алдындағы абыройын асқақтатты.

Баршаңыздың еңбектеріңізге жеміс, шығармашылық табыс тілеймін! Ойлы оқырмандарыңызды мазмұнды мақалаларыңызбен, айшықты ақпараттарыңызбен қуанта бергейсіздер!

Құрметпен: Риза Асанқызы МОЛДАШЕВА, «Семей таңы» - «Вести Семей» газеттерінің Директор –

бас редакторы

 

Құрметті «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің ұжымы!

Аудандық басылымның  80 жылдық мерейтойына арналған менің тілегімді қабыл алыңыздар!

80 жыл бұрын аудандық газеттің алғашқы саны жарық көрген. Осы өмір сүрген уақыттың ішінде аудандық басылым тұрғындар арасында ерекше танымал болды. Бір күні газетті мақтан тұтып, жақсы көрсе, енді бірде реніштерін айтып жатады, кейде алғыстарын білдіріп, оған бейне бір жақын досындай, сырлас көршісіндей сын айтылады. Бұндай қарым-қатынасқа тек осындай, өз оқырмандарының қамын ойлайтын, жаңалықтармен сусындатып, лебіздер мен шаттық сыйлап, өмірден озған асыл жандарды есте сақтайтын, бір сөзбен айтқанда, халықпен бірге тыныс алатын газет қана лайықты.

Редакцияға Көкпекті ауданы тұрғындары өміріндегі өзекті мәселелерді газет беттеріне шығарып, түйінді сұрақтардың шешімін таба білетін өз істерінің нағыз шеберлерінен құралған топ жиналған.

Қымбатты редакция ұжымы, әріптестерім! Мен сіздерді бүгінгі мерейтойларыңызбен құттықтаймын! Аудандық газеттің алдағы уақытта гүлденіп, өркендей түсуін, ал шығармашылық топқа алға қойған жоспарларыңыз жүзеге асып, шабыт, жұмыстарыңызға жеміс, сонымен қатар редакция қызметкерлерінің барлығына бақыт, мықты денсаулық тілеймін!

 

Надежда Шарова, Семей қаласы әкімінің орынбасары

 

Газеттің 80 жылдық мерейтойына арнаған жүрекжарды ыстық лебізімізді қабыл алыңыздар!

«Жұлдыз» - «Новая жизнь» газеті - туған өлкенің, елдің жағымды жаңалықтарымен табысты қадамдарының шежіресі әр санында орын алатын аудандық басылым. Ол осы жылдар ішінде дарынды журналистерге қанат бітірген үлкен кәсіби мектеп болатын, әлі де солай болмақ. Ең бастысы, сіздер, оқырман қауымның жүрегінен орын ала білдіңіздер. Жерлестеріңіздің сіздердің қаламдарыңыздан шыққан шынайы шындықтарыңыз үшін алғыстары шексіз. Осы бағыттарыңыздан талмай, алға батыл қадам баса беріңіздер!

Журналистика – бұл мәңгілік жас мамандық! Бар осы ғұмырында газет өз оқырмандарымен бірге жасасып, бірге өсіп-өніп, талап тілектерін жауап беріп келеді. Ел дамуындағы өзгерістерге байланысты газеттің аты да, мазмұны да жаңарып отырды. Алайда, бір ғана өзгермегені - ол газеттің өзектілігі мен оқырманға қол жетімділігі, ауданның ең үздік адамдары туралы оның жетістікрері мен жаңалықтарын жұртшылыққа жеткізуі.

Редакцияның алғашқы күндерінен бастап, мұнда интеллегентті шығармашыл ұжым сауатты қызметкерлер мен талап қойғыш басшылар жұмыс атқарды. Бұл газеттің өзіндік бейнесін қалыптастырды, тұрғындардың оған деген құрметі мен сенімі артты. Газет көп жылдар бойы, аудан өмірі туралы ақпараттардың бірден-бір көзі болып қалды. Қазіргі таңда да, ақпараттық технологиялардың дамығанына қарамастан, газет үлкендер мен оқушылар арасында сүйікті. Төл басылымның беттерінен көрініп, кез келген бір мақаланың кейіпкері болу – әрбір көкпектілік үшін құрмет.

Аудан айнасына ұзақ өмір, қалың оқырман, басылым санының көбеюін шын жүректен тілеймін. Газеттің барлық қызметкерлері мен ардагерлеріне, денсаулық, мол табыстар, жаңа бастамалар мен биіктерді бағындыра беріңіздер демекпін.

Ботакөз Жақсылықова, газеттің бұрынғы редакторы,Алматы қаласы

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз