Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Дәметкен Захарина

1954 жылы Дәметкен Захарина отбасымен Көкпектіге көшіп келеді. 1958 жылы газет редакторы журналист Қайдар Қыдырханов болған кезеңде «Ленин туы» аталатын аудандық газетке машинисткалық жұмысқа қабылданып, өзінің өміріндегі 40 жылын ол сүйікті жұмысына арнады. Журналистердің мақа-лаларын басатын бұл жұмысты ол үзіліссіз 1991 жылға дейін атқарған. Аудан айнасының рөлінде тұрған редакторлар - С.Демченко. М.Қалматаев, М.Алмабаев, Т.Жабаев, Н.Пу-тинцев, Қ.Сатыбалдин, В.Ту-пицындермен және нағыз қыл қалам шеберлері В.Пиговаев, Қ.Алтынбаев, М.Алифирова, Р.Бархатова, Е.Скопченко, М.Әңкебаев, Р.Уреспаева, Г.Ияшева, Н.Серікбаев, М.Ма-наспаевтармен қызметтес бол-ған. Редакцияда қызмет атқарған жылдарында жоғары білімді, өмірлік ұстанымы биік 9 редактор газетті басқарған. бүгінде еңбегінің зейнетін көріп отырған Дәметкен Захарина Көкпекті ауы-лында тұрады.

Нұрзада Зарықбаева

Туған ауылы Үлгілімалшыдан орта мектепті бітіре сала 1965 жылы аудан орталығындағы баспаханаға жұмысқа орналасып, сол жерден 1996 жылы зейнетке шыққан. Алғаш келгенде Нұрзада Сыдыққызына әріп терудің әдіс-тәсілін үйреткен ұстазы Клара Ағзамова болған.

Жұмыстары өте жауапты, шыдамдылық пен ұқыптылықты қажет ететін. Әліпби тәртібімен тізілген әріптер салынған кассадан қорғасыннан құйылған ұп-ұсақ әріптерді алып, әуелі мақаланың тақырыбын, сонан соң әр сөзді орналастыратын және әрбір бетті бөлек-бөлек өңдеп шығарған. Бүгінде еңбегінің зейнетін көріп отырған ардагеріміз Көкпекті ауылында тұрады.

Күләш Жабаева

1963 жылы Көкпектіге көшіп келгеннен кейін, «Жұлдыз» және «Звезда» газеттерін шығаратын баспаханаға жұмысқа орналасады. Сол кездегі газеттің шығу үрдісі өте қиын болған. Ең әуелі, кішкентай темір қалыпшаға әрбір әріп бір-бірден қолмен теріліп,  содан кейін толықтай қалпына келтіріліп, барлық қатесі тексерілгеннен соң ғана баспадан өткен. Осындай баспаханада жеті жыл жұмыс істеп, сонан кейін редакцияға газеттің қатесін тексеретін корректорлық мамандығына ауысқан. Қ.Ал-тынбаев, М.Алифирова, Р.Бар-хатова, Е.Скопченко, М.Әң-кебаев сынды қыл қалам шеберлерімен қызметтес болған. 1989 жылы «Еңбек ардагері» деген атақ алған соң, 1993 жылы зейнеткерлікке шыққан. бүгінгі күні Көкпекті ауылында тұрады,еңбегінің зейнетін көріп отырған бақытты әже.

Вера Чанова

Самар аймағы бойынша редакция ардагері. Аудандық кітапханада әдістемелік бөлімнің меңгерушісі болып 10 жылдам астам уақыт істеп, штатынан қысқарғаннан кейін, 1998 жылдың күзінен бастап аудандық газетке жұмысқа орналасады. 2001 жылы жауапты хатшы қызметіне тағайындалады. Ол,  редакцияға дейін балалар кітапханасын басқарып, мәдениет бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеген. Мәдениет саласына 30 жылдан астам еңбегі сіңген. Газетте істеген жылдарында  Вера Михайловнаның көптеген очерктары мен мақалалары жарияланып, оқырман көңілінен шықты. Бүгінгі күні ол Самар ауы-лында тұрады. Сонымен бірге, аудандық газеттің жаңа буын тілшілеріне ақыл-кеңесін айтып,  өзінің тәжірибесімен бөлісуден жалыққан емес.

Нина Ивановна Гордюнина

1939 жылы Трудовик ауы-лында дүниеге келген. Жол мекемелерінде жұмыс істеген. Ең алғаш 1939 жылы типографияға жұмысқа орналасып, 1974 жы-лы аудандық «Новая жизнь» газетінің редакциясына ауысады. Нина Ивановна Самар типографиясында 7 жыл еден жуушы болса, 22 жылын аудан редакциясына арнаған. Сол заманда еден жуушының міндеттеріне пеш жағу, ұйымдар мен мекемелерге шоттарды апару да кірген. Міне, осының барлығын Нина Ивановна игеріп, жұмысын тыңғылықты орындаған. Бүгінгі күні редакцияның маңдайына біткен ардагері еңбек демалысында, Самар ауылында тұрады.

Вера Федосеевна Шелепова

1996 жылы газет редакциясына жұмысқа орналасқан. 10 жылдан астам уақыт аудандық «Жулдыз»-«Новая жизнь» газетінің баспасөзге жазылу қызметіне жауапты болған. аудандық баспасөзге келер алдында Вера Федосеевна 20 жылдан астам уақыт балабақшада жұмыс істеген, әлі күнге дейін ата аналар мен бүгінгі күні ер жеткен сол балалардың жылы сөздері әлі есінде. Одан кейін 4 жыл мектеп қабырғасында істеп, өзінің еңбек демалысына аудандық газеттегі қызметінен кейін шығады. Типография машинасынан шыққан газеттерді Вера Федосеевна жылдамдатып жіберуді жақсы меңгерген. Бүгінгі күні редакцияның айбынды ардагері еңбек демалысында, Самар ауылында тұрады. Әрқашан біздің газеттегі әріптестерімен қуана кездесіп, жас журналистерге ақыл-кеңесін айтып, өз тәжірибесімен бөлісуден жалыққан емес.

Сания Касеиновна Карчалова

1946 жылы 17 маусымда ШҚО Самар ауданы Лайлы ауылында дүниеге келген. Лепсі техникумында кітапханашы мамандығын бітірген. 1969 – 1974 жылдар аралығында Алматыдағы қыздар педагогикалық институтын сырттай бітірген.

1991 жылдан бастап Сәния Қасеинқызы аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетіне жұмысқа орналасып, еңбек демалысына шыққанға дейін осы қарашаңырақта еңбек еткен.

Еңбек демалысына шықса да ол аудандық газеттен қол үзген емес. 2008 жылға дейін айлық демалысындағы «Жұлдыз» тіл-шілерінің орнын алмастырып, газет сандарының дұрыс шығуын қадағалады. Жұмысқа деген белсенділігі үшін бірнеше мақтау қағаздары және алғыс хаттармен марапатталған.

Наталья Михайловна Труханова

Наталья Труханова 1957 жылы 19 қаңтарда ШҚО Самар ауданы, Самар ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен соң балабақшада жұмыс істеген. Одан кейін 1974 жылы Самар баспаханасына баспашы-теруші болып орналасады. Облыс баспаханасына барып түптеуші курсын оқыған. Сонымен қоса теруші, жинаушы, сызушы мамандықтарын да меңгерген.

2001 жылдан 2010 жылға дейін аудандық газетте компьютерде теруші болып істеген.  Наталья Михайловнаның мақ-сат қоя білетін алғырлығы, ашықтығы және өз ісіне деген жауапкершілігі газет беттерінде басылатын мақалаларды терудге 16 жылын сарқ етіп, жалықпай қызмет етуінен анық байқалады.

Бүгінгі күні Наталья Михайловна еңбек демалысында, аудан газетінің зейнеткері.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз